400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Ашық сабақ "Ана" Баубек Бұлқышев

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақтарға дайын материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:17.02.2017ж

Мектеп: Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ

Сыныбы: 4б

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Ана» Баубек Бұлқышев

Осы сабақта қол жеткізілетін оқү мақсаттары

Баубек Бұқышевтың өмірбаянымен таныстырып, «Ана» әңгімесінің мазмұнын түсіндіріп, негізгі ойды ажырата білуге үйрету.

Сабақ мақсаттары:

«Ана т уралы » әңгімені түсінеді.

Тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап алу арқылы оқушылардың талдап, қорытынды жасау дағдылары дамиды.

Анаға деген құрмет жасауды ұғады.

Талдау жасап салыстыру қабілеттерін дамытады.

Жетістік критерилері

Сын тұрғысынан ойлауы дамиды. Топпен жұмыс жасау қабілеттері қалыптасады, өз бетімен жұмыс жасауға шығармашылықтарын дамытуға дағдыланады, өзіндік қор жинауға дағдыланады.

Тілдік максат

Жақын жан, ыстық алақан, жұмсақ дауыс, айналып - толғанып.

Құндылықтарды дарыту

Талдау жасап салыстыру қабілеттерін дамытады

Пәнаралық байланыс

Математика, өзін – өзі тану, әдебиеттік оқу.

АКТ қолдану дағдылары

ЖАЖК интернет материалдары, интербелсенді тақта, қосымша материалдар, 4 сынып оқулық

Алдыңғы оқу

«Шыбық» Сансызбай Сарғасқаев.

Жоспар

Топқа бөлу (1 мин)

«Үй тапсырмасын тексеру». (3 мин)

«Иә» немесе «жоқ» (2 мин)

Мағынаны тану. Оқулықпен жұмыс. (8 мин)

Талдау. Ой бөлісу.

Топтық тапсырмалар: (20 мин)

I топ: « Өлең шығару» 4( шумақ)

II топ: «Ана немесе әже тақырыбына әңгіме жазу»

III топ: «Мақал - мәтелдер анаға, отбасына байланысты»

IV топ: Тірек сызба арқылы ананы сипаттау постер қорғау.

Ой толғаныс. Сыйқырлы сандықша. (3 мин)

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс - әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасы:

Топқа бөлу. ( 1 мин)

«Ана», «Әке», «Отбасы» «Бала» топтарына мақал -мәтелдер арқылы бөлу, топ ережесіне бағынады.


Үй тапсырмасын сұрау:

«Бір сөйлеммен жалғасу» арқылы әңгіменін мазмұнын айтып шығады.

«Иә» немесе «Жоқ» арқылы үй тапсырмасын тексеру




Топқа бөлу таратпалар


Таратпалар



Оқулық

Дәптер

Сабақтың ортасы

Қызығушылықты ояту:

«Бала, бала, бала!» деп,

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған –

Бұл кім? Ана !

Ана – бәріміздің ақылшымыз, қамқоршымыз екен. Үйге берілген тапсырма бойынша өз аналарың жайлы жылы лебіз, жақсы – жақсы ой толғап келіпсіңдер. Бәріміздің анамызға ортақ қасиеттер мен ананың құдіретін суреттеген оқулығымызда тамаша бір шығарма беріліпті. Ол – Баубек Бұлқышевтің «Ана» деп аталатын шығармасы.

Видеоролик арқылы «Баубек Бұлқышевтың өмірбаяны » тыңдалды.





Б.Бұлқышевтың өмірбаян беттеріне ден қойып, қысқа шолу жасасақ, Қарағанды облысының Ұлытау өңірінде, қазіргі Амангелді ауылында өмірге келген (1961 жыл).Алғашқы еңбек жолы – «Ұлытау» ұжымшарының сүт фермасында есепші болудан басталады. Одан кейінгі кезеңдерде Алматы сауда – қаржы техникумында оқиды (1937 жыл). «Лениншіл жас», «Октябрь балалары» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі міндеттерін атқарды. Армия қатарына шақырылып (1940 жыл), Москвада сапер училищесінде оқиды. Ұлы Отан соғысында болып, Москваны қорғауға, Украинаны азат етуге қатысады.Елдік пен ерліктің өшпес өнегесін көрсетеді.


Мағынаны тану.

Кітаптан оқу. (5 мин)


Оқулықпен жұмыс:


Интербелсенді

тақта

Оқулық



Таратпалар

ЖАЖК

Қағаз

маркер




Оқулық

Стикер

жіп




Мұғалім оқулықтан мәнерлеп оқи бастайды да, ары қарай тізбектеп оқытады.


Мәтінге талдау жұмыстарын жүргізу.

-Мәтінде қандай теңеу бар? (Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе?)

-Неге теңізге теңейді?(Өйткені, теңіз терең, ананың да махаббаты шексіз терең)

-Осы жолдағы ананың тілі, ананың махаббаты деген тіркестерді қалац түсінесіз?

Оқушылар топпен жұмыс жасайды. (Сызбасын топпен құрады)

1 - топ: Ананың тілі (жылы сөз, еркелете сөйлеуі, мейірге толы сөзі)

2- топ: Ананың махаббаты (баласын жақсы көруі, ерекше нәзік сезімі, балаға жүрек жылуы)

3 - топ:Ана кім?(дос, аяулы жан, ақылшы, ұзтаз т.б.)

Топтық жұмыс. Тапсырмалар:

I топ: «Өлең шығару»

II топ: «Ана немесе әже тақырыбына әңгіме жазу» III топ: «Мақал – м әтелдер анаға, отбасына байланысты»

IV топ: Тірек сызба арқылы ананы сипаттау постер қорғау.


Аяқталуы

Ой толғаныс:

Сыйқырлы сандықша

«Ғажайып сәт» ойыны

1.Бұл шығарма біз өткен шығармалардың қайсысына ұқсастығы бар?

2. Әр баланың анаға деген махаббаты қай кезден басталады деп ойлайсың?

3. Сенің анаң не деп немесе қалай еркелетеді?

4.Ана туралы бір шумақ өлең оқып бер

5.Аналар мерекесі қай кез? Анаңа не сыйлайсың?

6.Сенің анаңның туған күні қашан?

7.... атқа шапса, ... үйде отырып тақымын қысады

8.Сен анаңның құшағынан нені сезінесің?

9.Анаңды Меккеге 3 рет арқалап апарсаң да ақ сүтін ақтай алмайсың дейді? Неге?

Үй тапсырмасы:

183 – беттердің оқып, дауыс ырғағына келтіріп айтуға үйрену.

Бағалау:

Оқушыларды бағалау.



Саралау

Бағалау

Пәнаралық байланыс.Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
732
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі