жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Ана. Баубек Бұлқышев. Әдебиеттік оқу. 4 сынып
Пән: Әдебиеттік оқу Күні: 20.02.2019ж Сынып: 4 «Ә» |
Мектеп: №130 жалпы орта мектеп Мұғалімнің аты-жөні:Бұртай Ф Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||||||
Сабақ тақырыбы: |
Ана. Баубек Бұлқышев |
|||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
Тірек сөздерді қатыстыра отырып,берілген тақырып бойынша әңгіме құрауға машықтандыру. Оқушылардың ой-өрісін , дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету Мәтін мазмұның аша отырып, ананы құрметтеуге, оған деген махаббаттың тіл жеткіліксіз болуына тәрбиелеу
|
|||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Мәтін мазмұның өз сөзімен айта алады.Тірек сөздерді қатыстыра отырып әңгіме құрай алады. Көптеген оқушылар: Мәтін мазмұны арқылы шығармашылық жұмыс жасай алады. Кейбір оқушылар: Шығармашылық жұмысқа тұжырымдамалар жасай алады |
|||||||
Бағалау критерийлері |
Мәтін мазмұның әңгімелейді. Тірек сөздерді қатыстырып әңгіме құрайды. Өлең мазмұнына сәйкес шығармашылық жұмыс жасайды |
|||||||
Құндылықтарды дарыту |
Ұлттық салт –дәстүрді құрметтеуге, шығармашылыққа баулу |
|||||||
Пәнаралық байланыстар |
Қазақ тілі, Дүниетану |
|||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Бейнефиль арқылы тыңдалым дағдысы артады. |
|||||||
Бастапқы білім |
Баубек Бұлқышев туралы біледі. |
|||||||
Сабақтың барысы |
||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық
ахуал қалыптастыру:
«Күннің сыйы» әдісі арқылы шаттық шеңбер құру. Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай аламын. Ізгі нәзік, жарық, мейірімді Болып кетер сонда дереу жан-жағым -Күнге қолдарымызды созып, күннің жомарт сәулелері өкпе мен мұңды жібітеді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. «Топтастыру» әісі бойынша сурет арқылы топқа бөлу. 1-топ: «Күннің нұры» 2-топ: «Жүрек жылуы» 3-топ: «Жақын жан» 4-топ: «Аялы алақан » |
Презентация Күн суреті
|
||||||
|
(Т.Ж)«ТВ-шоу» стратегиясыбойынша үй тапсырмасын сұрақ жауап арқылы бекіту. Әр топтан бір тілші шығып басқа топтардан сұрақтарға жауап алады. -Өткен сбағымызда қай автордың шығармашылығымен таныстық? -Автордың тағы қандай шығармаларын білесіңдер? ҚБ: асық тарату арқылы кері байланыс. |
Микрофон |
||||||
Сабақтың ортасы
|
Бейнежазба арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу. (Т.Ж) «Ой қозғау» әдісі 1-тапсырманы орындау.
|
Бейнежазба
|
||||||
|
(Т.Ж)
Автор туралы мәлімет беру. «ЖИГСО»
әдісі
арқылы
2- тапсырманы орындау. Мәтін мазмұның
ашу.
Баубек Бұлқышев. Ана 1-топ: Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе! Па, шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді. 2-топ: Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол – ана қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып бауырына жабысатының, шырылдап уанбай, жылап іздейтінің – ана. Сен жан болып дүниеге келдің. Сенің іздейтінің бір-ақ жан. Ол – ана. Ол саған бәрінен қымбат. Сен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен. Сондықтан да сен бір-ақ жанды білесің. Ол – ана. 3-топ: Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен-ақ басталады. Ананаың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес! 4-топ: Мен білетін қазақ әйелі – қазақпын дейтін қара көз, қара баланың анасы, сенің жүрегің нәзік, сенің махаббаттың балаға тіл жеткісіз биік. ҚБ: топтар бірін-бірі «Басбармақ» әдісі арқылы бағалауы Сергіту сәті «Әрқашан күн сөнбесін!» |
Оқулық
|
||||||
|
(Ұ.Ж) «Бірлесіп жазу» әдісі арқылы 3 тапсырманы орындау
Мына тірек сөздерді пайдаланып, «Ана» немесе « Асыл әжем» тақырыбына шағын әңгіме жазу. Тірек сөздер:жақын жан, ыстық алақаны, жұмсақ дауысы, айналып толғанғаны. Дескриптор: -тірек сөздерді қатыстыра отырып,берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды ҚБ: асық тарату арқылы кері байланыс жасау. |
Жұмыс дәптері |
||||||
|
(Т.Ж) 2-тапсырма шығармашылық жұмыс
1-топ: «Аяулы ана» тақырыбында қазақ тілінде эссе жазу 2-топ: «Аяулы ана» тақырыбында орыс тілінде эссе жазу 3-топ: «Аяулы ана» тақырыбында ағылшын тілінде эссе жазу 4-топ: Бес жолды өлең жазу Дескриптор: Шығармашылық жұмыс жасайды - ҚБ: топтар бірін-бірі «отшашу» әдісі арқылы бағалау
|
плакат, түрлі-түсті қарындаштар, стикер, сурет
|
||||||
Сабақтың соңы Кері байланыс
|
Кері байланыс «ТВ шоу» стратегиясы арқылы сұрақ жауап. -Мен не білдім? -Бүгін мен не үйрендім? -Мен үшін қандай тапсырма қиын болды? -Ал, қай тапсырманы мен жеңілдікпен орындадым? -Нені өзгертер едім? -Сізге сабақ ұнады ма? -Өз пікіріңізді дәлелдеңіз -Сабақтың ең ұтымды жері қандай болды? -Топ жұмысы қандай деңгейде өтті деп ойлайсыз?
Рефлексия
«Смайликтер» суреттері арқылы жасау
|
Стикер, смайлик суреттері
|
||||||
Үйге тапсырма |
Мәтінді дауыс ырғағына келтіріп жатқа оқу. |
|
||||||
Дифференциация-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||||
Үй тапсырмасын бекіту кезінде кейбір оқушылар сыныптастарына қарағанда сұраққа жылдам жауап береді. Дәптермен жұмыс жасағанда кейбір оқушыларға тапсырманы орындай кезінде жетекші сұрақтар арқылы қолдау көрсетемін. |
Топта бірін –бірі «От шашау», «Басбармақ» әдістері және асық түрлерін тарату арқылы кері байланыс жасауды ұйымдастырып отырамын. |
Оқу құралдарын ұқыпты пайдалану. Техникалық қауіпсіздікті ескертіп отыру. |
||||||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
|
|||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген