Амандасу.
-Балалар, бүгінгі сабағымыз
ерекше өткелі
Ұстаздарымызбен амандасып
алайық.
Көңіл-күйімізді ретке келтіріп
алайық. Бүгінгі сабағымызды қуанып
өткізейік.
Амансың ба, алтын
күн,
Амансың ба, жер
ана,
Амансың ба,
достарым,
Сендерді көрсем
қуанам.
-Балалар, бүгінгі сабағымызға
өте белсенді, сұрақтарға толық жауап бере алған оқушылардың әр
жауабына мына сандықшаның ішіндегі фишкаларды таратамын, сыйлық
бергім келіп отыр. Ал, кім сабақта тәртіпсіздік жасап, мұғалімді
тыңдамай қойса сол оқушының сыйлығын алып аламын. Ал, сабағымыздың
ең соңында белсене қатысқан, көп фишка жинаған балаға мына
сандықшаны сыйлайтын
боламын.
ҚБ-ның түрімен таныстыру
(нұсқаулық беру)
Олай болса, осы тапсырмаларды
орындау барысында бағаланатын бағалау парағымен
танысайық.
-Балалар,бұл ненің
суреті?
- Қолшатырды бізде қандай
түсте көріп
тұрсыңдар?
- Ендеше біз осы қолшатырды
тапсырмаларды орындау арқылы бояп
шығамыз.
-Күнделікті сабақта қандай
түстермен бағалаушы
едік?
- Сабақ барысында 3 тапсырма
болады, барлығы дұрыс болған жағдайда
жасыл түске,бір қате кеткен
жағдайда сары, екі немесе одан да көп болған
кезде көк түске
бояймыз.
-Ендеше сабағымызды бастайық.
Балалар, өткен сабақтың мақсаты қандай болып еді, есімізге түсіріп
көрейікші.
-Дұрыс айтасыңдар, біз өткен
сабақта буын мен тасымал туралы
өткенбіз.
-Ал,балалар бүгінгі сабақ
мақсатына жету үшін не істеуші
едік?
-Тапсырмалар
орындаймыз.
-Олай болса, 1 тапсырманы
жекелей орындаймыз.
1-тапсырма: Сөздік
диктант
-Дәптерімізді ашайық, бүгінгі
күнді жазайық.
-Дәптер ережесін сақтай отырып
жазамыз.
-Балалар, бүгінгі күнді жазып
болсақ әдемілеп,көркем жазуға «Фф» әріпі мен дыбысын жолдың соңына
дейін жазып шығамыз.
- Жарайсыңдар,
балалар.
-Диктантты жазуға дайынсыңдар
ма?
1-тапсырма:Сөздік
диктант:
Анашым, әтеш, бота,
вагон,гүл.
Дескриптор:
-
Сөздерді қатесіз
жазады.
-
Көркем
жазады
Сыныптың 1 - тапсырма
бойынша білім деңгейін
анықтау.
- Жұмыстарын жұппен
ауыстыру
-Бұл тапсырманы орындауда
кімге қиындық туғызды?
Неге?
- Балалар,диктантта жазған
сөздеріміздің басқы әріптерін тақтаға кім жазып беремін
дейді?
- Енді айтып
шығайықшы.
- Бірінші сөздің бас әріпі
қандай? А
- Екінші
сөздің,...Ә,Б,В,Г
-Бұл әріптерге назар
аударайықшы.
- Әріптердің қатары қай
әріптен басталып тұр?
- Бұр реттілікті қайдан
кездестірдіңдер?
-Ендеше бүгінгі сабағымыздың
мақсаты қандай болады деп
ойлайсыңдар?
- Өте жақсы
«Әліпби»
Бүгін біз Әліпбидің құпиясын
ашамыз!
-Сабақ мақсатына жету
үшін,құпияны ашу үшін тағы да бір қадам жасайық Ол үшін барлығымыз
оқулықтың
44-бетін
ашамыз.
1-жаттығу: Өлеңді мәнерлеп
оқы.
-Жаттығудың нұсқаулығын кім
оқып беремін дейді?
- Нұсқаулықта не деп
берілген?
-Ендеше, өлеңді маған
мәнерлеп, анық қылып кім оқып беремін
дейді?
- Ендеше өзім бір рет оқып
берейін.
- Енді балалар осы өлең
мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ
қойыңдаршы.
- Сұрағыңа дұрыс жауап ала
алдың ба?
- Сонымен өлең не туралы
екен?
- Әлипбиді біз қайдан
кездестіріп едік?
- Ендеше балалар, тақтадағы
әліпбиге наза
аударайықшы.
- Әліпбиде неше әріп
бар?
- Тақтада көріп тұрғанымыз
әліпбидің әріптер
жиындығы.
-Бұл әліпбидегі рет
өзгермейді.
-Балалар, біз алдағы уақытта
да әліпбиді құпиясын ашатын
боламыз.
2-тапсырма: Топтық
жұмыс
Дескриптор:
-Бұл тапсырма қандай
әрекет түрінде
орындалды?
-Топта тапсырма
орындауда қай оқушының үлесі көп болды?
Жарайсыңдар.
-Қай топтарда тапсырманы
ерекше орындай
алды?
-Қай топтарға қиындық
туғызды?
Себебі?
Сергіту
сәті.
-Балалар, бүгін неше тапсырма
орындаймыз?
-Ендеше соңғы тапсырмамыз
жекелей беріледі.
3-тапсырма: (жеке жұмыс)
Саралау
Тапсырмаға
нұсқаулық:
-
Берілген сөздерге тиісті
әріптерді қойып сөз
құра.
-
Сөздерді әліпби ретімен
жаз.
Дескриптор:
Тапсырманы орындау
уақыты:
4
минут
Жұмыстарын жұппен
ауыстыру
Сыныптың жалпы деңгейін
анықтау.
-Балалар бұл тапсырманы
орындауда кімге қиындық
туғызды?
Себебі?
-Осы тапсырманы
орындауда бүгінгі сабақ мақсатымызға жетуге пайдасы болды ма?
Қандай?
Әр оқушы өзін
бағалайды.
Бағалау парағына назар
аударайық. Сынып бойынша әр тапсырмалардың ортақ түстерін анықтап,
жапсыру.
Бұл тапсырмалар қандай
мақсатқа бағытталған
еді?
- Қойған мақсатымызға жете
алдық па? Леп белгісін
қою
Бүгінгі сабақта алған
балдарыңды күнделікке
қоямыз.
-Балалар
осы сабақтың
өмірлеріңе пайдасы бар ма? Болса
қандай?
Сабақ
аяқталды.
|