Ана
тілі
Сабақтың тақырыбы: Еліміздің
мемлекеттік рәміздері. Ту. Елтаңба. Әнұран
Сабақтың
мақсаты:
Білімділігі: Еліміздің
рәміздеріндегі белгілердің мағынасын ұғыну,оларға сипаттама беріп
үйрену. Тәрбиелілігі: Рәміздерді құрметтеуге,қастерлеуге,әнұранды
жатқа білуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Өз
ұлтына,еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін
арттыру.
Мәнерлеп оқу қабілетін
дамыту.
Сабақтың технологиясы: Сын
тұрғысынан ойлау
Сабақтың түрі: Аралас
сабақ.
Сабақтың әдісі:
Әңгімелеу,сипаттау,талдау,ойын,ой
қозғау,дәлелдеу,баяндау.
Сабақтың
көрнекілігі:Рәміздердің,авторлардың суреттері,интерактивті
тақта.
Сабақтың
жүрісі:
I
Ұйымдастыру
Психологиялық
дайындық
(Әнұранмен сабақ
басталады)
II Үй тапсырмасын
тексеру
«Астана» мәтінінің мазмұнын
сұрау;
Сұрақтар:1)Астана қай өзеннің
бойында орналасқан?
2)Онда қандай ғимараттар
бар?
3)Қай жылы Астананың 10 жылдық
мерейтойы тойланды?
4)Еліміздің қандай байлықтары
бар?Атап бер.
III Жаңа
сабақ
Сабақтың тақырыбы, мақсаты
хабарланады.
1.Қызығушылықтыояту.(Тақтаға
жасырынды өлең шумағы ілінеді.Ол сабақтың барысында әр тапсырманы
орындаған сайын бірте-бірте ашылады.)
а)Ой
қозғау. -Суретке қарай отырып,көз
алдарыңа не елестейді?
«Топтастыру»
стратегиясы.
-Мемлекеттік рәміздерді
ата.
-Елтаңбада не бейнеленген?
Туда ше?
-Неліктен олар
бейнеленген?
Мұғалім:Мемлекеттік рәміздегі
әр белгіде үлкен мән-мағына жатырекен.
Тақтаға өсиет өлең жолдары
жасырылған.Сабақтың әр кезінде тапсырмаларды орындаған сайын өлең
жолдары бірте-бірте ашыла береді.Ең соңында өлең шумағымен толықтай
танысамыз.
1992 жылы 4 маусымда ҚР-ның
мемлекеттік рәміздері-Елтаңба,Ту,Әнұран
бекітілді.
2. Мағынаны
тану.
а) Мәтінмен
жұмыс.
«Түртіп алу»
стратегиясы.(Мағынасын түсінбеген сөздерді белгілеп
алады)
Мәтінді рөлге бөліп
оқыту.
Автор,мұғалім,Дарын (ұл бала),
Зерек (қыз бала)
1) «Ту» мәтіні.(рөлге бөліп
оқып танысады)
Мұғалім авторымен
(Ш.Ниязбековпен) таныстырады.
2) «Елтаңба»мәтінімен
жұмыс.(рөлге бөліп оқиды)
Мұғалім
авторларымен(Ш.Уәлиханов пен Ж.Ниязбековпен)
таныстырады.
3) Мәтінді
талдау
-Елтаңбада нелер
бейнеленген?
-Туда
ше?
4) «Әнұран» мәтіні.Өлеңді
мәнерлеп оқыту.
Мұғалім:
-Әнұран нені
дәріптейді?(достықты,бостандықты,бірлікті,татулықты)
-Авторларын еске
түсіру.(слайдтан көрсетіледі)
ә) Сергіту сәті.
(Бейнекөрсетілім)
Б) Дәптермен
жұмыс.
Елтаңба мен Тудың белгілерін
атап жазу.(Өзіндік жұмыс)
Елтаңба:шаңырақ,жұлдыз,қос
тұлпар, «Қазақстан» жазуы.
Ту:күн,қыран
құс,ою-өрнек.
3.Ой
толғаныс.
1.Ойын: «Сөз ойла,тез
ойла».(жеке жұмыс жасайды)
«Байрақ,Елтаңба,Әнұран»
сөздеріндегі әріптерді пайдаланып,жаңа сөз ойлап табу. (3 қатарға 3
сөз беріледі)
Елтаңба:
ел,таңба,таң,аң,балта,тал,бал,бел,тең,ал.
Байрақ:
бай,ара,ар,қара,ай,байқа,Айбар,қайра,қай.
Әнұран:
ән,ұран,ұн,ұр,нан,нұр,нар,нәр,Нұра.
2.Семантикалық картамен
жұмыс.
|
|
Ту
|
Елтаңба
|
|
Күн
Шаңырақ
Көк
аспан
Қыран
Ою-өрнек
Жылқы
Жұлдыз
|
|
|
IV.Сабақты
қорытындылау
1.Ойын:
«Шашылған сөздер»-ден мағыналы
сөйлем құрастырады.
(1.Әнұранды жатқа
білу-баршамыздың парызымыз.2.Мемлекеттік рәміздерді
қастерлейміз,құрметтейміз.)
2.Пысықтау
сұрақтары:
1)Мемлекеттік рәміздеріміз
қашан қабылданды?
2)Әнұранның авторлары
кімдер?
3)Әнұранды қалай орындау
керек?
4)Елтаңбада нелер
бейнеленген?
5)Елтаңбаның авторлары
кімдер?
6)Елтаңбаның жүрегі
не?
7)Тудың авторы
кім?
8)Туымызда нелер
бейнеленген?
3. «БҮҮ» стратегиясы бойынша
не үйренгендерін,нені үйренгісі келетіндерін
атап
айтып,көрсетеді.
V.Үйге
тапсырма
Әнұранды жаттау,оны бұзбай
дұрыс айтуға жаттығу.
«Ту. Елтаңба» мәтіндерін
түсініп оқу,мазмұндау (83-89-бет) Рәміздер туралы өлең
жаттау.
-Сабақ соңында өсиет өлең
толық ашылып,оқылады.
Қазақстан рәміздері-елдігімнің
белгісі
Білу керек балаға дейін ең
кіші
Әнұран,көгілдір
Ту,Елтаңба
Рәміздерді жатқа білсін әр
кісі.
VI.Бағалау