400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Аңдардың қысқы тіршілігі" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға әңгімені түсініп оқыта отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Қысқы табиғат ерекшеліктерімен таныстыра отырып, аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Топпен жұмыс жасай білуге, өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету. Экологиялық тәрбие беру, адамдардың жануарға көрсететін көмегін айта отырып, оқушыларды қайырымдылыққа баулу. Ойын арқылы ойлауын, сөздік қорларын, тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Аңдардың қысқы тіршілігі

Сабақтың мақсаты:

а) білімдік: Оқушыларға әңгімені түсініп оқыта отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Қысқы табиғат ерекшеліктерімен таныстыра отырып, аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Топпен жұмыс жасай білуге, өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету.

ә) тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру, адамдардың жануарға көрсететін көмегін айта отырып, оқушыларды қайырымдылыққа баулу.

б) дамытушылық: Ойын арқылы ойлауын, сөздік қорларын, тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Әдіс-тәсілдері: Ой қозғау, сұрақ қою, әңгімелесу, салыстыру.

Көрнекіліктер: Жануарлар бейнеленген слайдттар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Үлкенге де «Сіз»,

Кішіге де «Сіз».

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1) Сұрақ-жауап.

І-топ. Өсімдік деген не? (тірі ағза)

ІІ-топ. Ағашты үсіп кетуден не сақтайды? (оның қабықтары)

ІІІ-топ. Үнемі жасыл түсті болып тұратын ағаштарды ата. (қарағай, шырша, арша)

2) Схема бойынша жұмыс.

Тірі ағза тыныс алады өседі көбейеді

қурайды қоректенеді

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Қызығушылығын ояту.

Қысқы табиғат ерекшелігін байқату үшін мәтінен үзінді айту.

Тыста аяз шытынап тұр. Аязды көтере алмаған кейбір ағаштар қарс айрылып жатыр. Қайда тығыласың? Қоректі қайдан табасың?

Қысқа жануарлар әрқалай дайындалады. Біреулері қыс бойы тәтті ұйқыға кетсе, ал қоян, қасқыр жортып жүріп, қоректерін табады.

2. Ойын «Сандарды ретімен қой»

Шарты: Шашылған сандарды ретімен қойсақ, бүгінгі сабақта нелер туралы оқып білетініміз табылады.

1 2 3 4 5

А ң д а р

3. Жұмбақтар шешу.

* Аппақ-аппақ ақ мамық, жерде жатыр тапталып (қар)

* Қолы жоқ сурет салады, тісі жоқ тістеп алады (аяз)

* Көлдің үстінде бір айна жатыр. Ол айна қыста шығады. Көктемде сынады (мұз)

4. Оқулықпен жұмыс.

* Мұғалімнің мәтінді оқуы;

* Оқушылардың жекелеп, одан кейін тізбектеп оқуы;

* Сұрақ-жауап арқылы мазмұнын талдау. Мәтін не туралы? Мәтіндегі кейіпкерлер кім? Тиін не істеді? Неліктен? Сендер олар туралы не білесіңдер? Орманда тағы қандай аңдар бар? Олар туралы не білесіңдер?

5. Қосымша ақпарат.

* Ал біздер жер бетіндегі жануарларға тоқталып отырмыз. Суда жануарлар бар ма? Қыста судың күйі қандай болады?

Ал ондағы жануарлар қалайша өмір сүреді екен? Ондағы балық, бақалар қыстан қалай шығады екен?

* Балықтарда қыста ұйықтайды. Су түбіндегі балдырлардың арасына кіріп қоректенбей тұра береді. Су жылынғанда оянып, жүзіп кете береді. Бақа күзден бастап су түбіндегі тұнбаларға тығылып ұйқыға кетеді. Ұйқыдағы кейпі де өте қызық. Артқы екі аяғын бауырына жинап, алдыңғы аяқтарымен басын бүркеп алады. Сумен бірге мұз болып қатады, егер мұзды сындырсаң бақаны да бірге сындыруға болады. Мұз ерісімен ол да бірге оянады.

IV. Сергіту сәті.

V. Ойын «Дауыстарын ажыратып үйренейік»

Таспадан естілген дауыстарды оқушылар көздерін жұмып отырып, ол қандай жануардың дауысы екенін ажыратып көру керек.

VI. Дәптермен жұмыс.

Оқушылар естіген дауыстардағы жануарлардың аттарын жазады.

VII. Шығармашылық жұмыс.

І-топ қоянның

ІІ-топ қасқырдың суреттерін бояу.

ІІІ-топ тиіннің

VIII. Ойын «Аңдар немен қоректенеді?»

Суреттегі азықтарды жануарлармен қосып сызу.

IX. Қорытынды: Аңдар туралы тақпақ айту. Аңдардың пайдасы (терісі – киім, құйрығы – жаға, майы – дәрілік қасиет, еті). Олардың терісі бағалы деп ретсіз аулай беруге бола ма?

Халық даналығы: қазақ халқында табиғат қорғау дәстүрі ертеден бері сақталған. Атамыз қашан да аң, құсты ерте заманнан қатты құрметтеп келген. Аң патшасы деп арыстан, жолбарыс, аюларды көп аулай берген. Қыран құс, бүркітті атқызбаған.

X. Үй жұмысы. Өздеріне ұнайтын аңның қысқы тіршілігі туралы әңгімелеу.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
491
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі