400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Әңгіме оқимын. Сөйлем" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып ұстаздарына қажеттілігін тигізеді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін» «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: МБ жетекшісі:



Пән:: Сауат ашу

Мектеп: «Данашым» физика-математика мектебі

Күні:  12.02.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Серикпаева Г.К

Сынып: 1 «а»

Оқушылар саны: 13

Сабақтың тақырыбы

Әңгіме оқимын. Сөйлем.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.1 тыңдау  барысында тілдік бірліктерді  (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін)  ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде  кім (не) туралы айтылғанын  анықтау

1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау

1.2.1.1 сөз/сөйлем  сызбасын оқу.

1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы  бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша  қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)

1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу

1.2.9.1 әріпті  тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.3. 8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық  талаптарға сай   жазу.

1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

 Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Білімдерін тиянақтау

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Жаңа білім алуға,

Алға қадам жасаймыз.


Plickers бағдарламасы бойынша өткен тақырыпты қайталау.

«Дыбыс» тақырыбы бойынша тест сұрақтары.

 

Шаттық шеңбері

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

«Бауырсақ» ертегісін оқу.

Сұрақтар:

  1. - Ертегі не туралы? – Бауырсаққа жолда кімдер кездеседі?

Оқушыларды топқа бөлу ( қоян, қасқыр, аю, түлкі топтары)





  • - Ертегінің соңында не болады? – Дұрыс айтасыңдар, түлкі бауырсақты жеп қояды.

  • Ал біз болсақ, Бауырсақпен бірге саяхатқа шығамыз. Барлық қиындықтарды бірге жеңіп, Бауырсақты құтқарып қалуымыз керек. Ол үшін біздерге берілген тапсырмаларды дұрыс орындауымыз керек.

  • - Ең алдымен ребусты шешіп көрейік. Ребустың шешімі сабақтың тақырыбын білдіреді. (Сөйлем)







  • - Олай болса, мәтіннен қарамен жазылған сөйлемдерді оқиық.

  • 2-жаттығу

 Мәтіндегі қарамен берілген сөйлемдерді көшіріп жаз.

(каллиграфиялық дағдыларын ескерту)

-Балалар, сөйлемдердің бірінші сөздері қалай жазылған?

-Соңында қандай тыныс белгілері қойылған?

- Осы тақырыпқа қатысты ережемен таныс болайық. (оқу)

СӨЙЛЕМ АЯҚТАЛҒАН БІР ОЙДЫ БІЛДІРЕДІ. СӨЙЛЕМНІҢ БІРІНШ СӨЗІ БАС ӘРІПТЕН БАСТАЛЫП

ЖАЗЫЛАДЫ.  СӨЙЛЕМЕН СОҢ НЕ НҮКТЕ. НЕ СҰРАҚ БЕЛГІСІ? НЕ ЛЕП БЕЛГІСІ ! ҚОЙЫЛАДЫ.(жаттау)


Топтық тапсырма: әр топ ережені талқылап, түсіндіреді.



Жеке тапсырма: «Сөйлем құрап жаз»

(Берілген сөздермен сөйлем құрау)

Домбыра, асық, терезе, отбасы, орман, автобус.

(Сөйлемдерді талдау, тыныс белгісіне назар аударту)

3-жаттығу. Көркем жазу минуты

Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

 

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті


Музыка ырғағымен билеу.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы

 

Қызықты тапсырма


4-жаттығу. Топтық жұмыс

Сөйлемдерді тиісті дауыс ырғағымен оқы және суретпен сәйкестендір. 4 –жаттығу.

Маған бауырсақ пісіріп берсенші.(ата)

Неден пісірейін? (әже)

Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! (қоян)

5-жаттығу. Жеке жұмыс

Сызбаға сәйкес сөйлемдер құрап жаз.

Ребусты шеш. Шешуіндегі сөз туралы білетініңді айт.

-Сөйлем туралы не білдіңдер?

 

 

 

Оқулық, дәптерлер.

 

Сабақтың соңы

 

Рефлексия

Бүгінгі сабақта қандай көңіл-күйде болдың?

Саған сабақ ұнады ма?

Қай жері үнады?

Қай тапсырманы орындау қиындық келтірді?            

 (стикерларды толтыру, «Шар» картасына жабыстыру)

Оқушыларды мадақтау. Бауырсақтар үлестіру.

 

Смайликтер



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
578
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі