Мұнайшы
ауылы
МКҚК «Аяла»
бөбекжайы
Бекітемін:
Балабақша әдіскері:
__________ М.Ж. Жанабаева
Күні: 16.02.2021
ж
ТАҚЫРЫБЫ:
ӘНІМІЗ БАР ТАМАША
!
Орындаған ән-саз жетекшісі:
Өмірбаева. А.Ж
2020-2021 оқу
жылы
Білім беру
саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған ашық оқу
қызметі:
Музыка
Тақырыбы: «Әніміз бар
тамаша!»
Мақсаты: Балалардың ән туралы
түсініктерін қалыптастыру, әнді әуенге қосыла шырқауға баулу, әннің
сипатын ажырата білуге үйрету, әнге деген қызығушылығын арттыру,
есте сақтау қабілетін дамыту.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру,
тыңдау, дидактикалық ойын.
Көрнекіліктер: Әдемі шарлар,
ақын-сазгерлердің суреттері, тақырыпқа сай
плакаттар.
Қос тілділік
компонент: Ән-песня, ақын-поэт,
сазгер-композитор.
Сабақтың
барысы: балалар, музыка жетекшісімен
амандасады және көңілді әуенге би қимылын жасап, билеп
алады.
Шаттық шеңбері
:
Біз – көңілді
баламыз,
Өнер қуған
дарамыз.
Әнге салып
әдемі
Би де билеп
аламыз.
Сәлем сөздің
атасы, - деген,
Дана халқымыз,
-
Сәлембердік келген қонақ,
ұстазға!
Ұйымдастырушылық-ізденістік:
Музыка
жетекшісі: -
Жарайсыңдар!
Балалар, бізде қазір қандай
сабақ болып жатыр?
Балалар ән сабағы деп жауап береді.
Музыка
жетекшісі: Дұрыс
айтасыңдар
Ендеше, бүгінгі «Әніміз бар
тамаша!» атты, ашық оқу қызметімізді
бастайық.
Негізгі
бөлім:
Музыка
жетекшісі: Тақырып бойынша әңгімелеп,
сабақты түсіндіреді.
Ақын, сазгерлерге тоқталып,
таныстырады. Әннің сипатын, мағынасын талқылап, сұрақ қою арқылы
жауап алады.
Музыка
жетекшісі: Жарайсыңдар
балалар!
Қане орнымыздан тұрып,
көңілімзді көтеріп, бір сергіп
алайық.
Ән: «Ата-ананы
тыңдаймыз»
Музыка
жетекшісі: Өте жақсы рахмет!
Орындарыңызға отыра қойыңдар! Енді, жаңа ән үйренеміз. Әніміздің
аты:
«Құттықтаймын мама, туған күніңмен» - деп
аталады.
Әнді тыңдап
алайық.
Сосын, музыка жетекшісі бір
шумағын айтып береді, балалар қосылып шырқауға
ілеседі.
Музыка
жетекшісі: Айтыңдаршы, бұл ән қандай ән?
Көңілді ән бе? Көңілсіз ән бе?
- Балалар көңілді ән деп жауап
береді.
Музыка
жетекшісі: Дұрыс айтасыңдар, көңілді ән
екен. Тақтаға қарайықшы, осы әннің авторларымен танысайық. Әннің
сөзін жазған:
М. Мақатаев, әуенін жазған: Н.
Тілендиев.
Музыка
жетекшісі: Балалар музыкалық ойын ойнауға
дайынсыңдар ма?
Осы кезде: Әуендер жіберіледі,
балалар жауабын тауып, суреттер арқылы
көрсетеді.
Музыка
жетекшісі: Жарайсыңдар
балалар!
Қорытынды
бөлім:
Музыка
жетекшісі: Балалар сабағымызды
қорытындылайтын уақытта жетті. Айтыңдаршы бүгінгі өткен сабақ
бойынша нені түсініп білдіңдер?
Әннің сөзін жазатын адамды кім
деп айтамыз?
Әуенін жазатын адамды кім
дейміз?
Әндер қандай
болады?
Бүгінгі сабақ ұнады
ма?
Жарайсыңдар
балалар!
Күтілетін
нәтиже:
Біледі: Әннің сипатын
ажыратуды.
Игереді: Ақын, сазгер
ұғымын.
Меңгереді: Әнді, әуенге ілесе
шырқауды.