Ашық сабақ "Әніміз бар тамаша"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Әніміз бар тамаша"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ән туралы түсініктерін қалыптастыру, әнді мұқият тыңдай отырып, сипатын ажырата алу, бірге ән салу, ән ырғағын дәл сақтап орындау дағдыларын жетілдіру, әнге деген қызығушылықтарын ояту, музыкалық есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: "Әніміз бар тамаша"

Міндеті: балалардың ән туралы түсініктерін қалыптастыру; әнді мұқият тыңдай отырып, сипатын ажырата алу, бірге ән салу, ән ырғағын дәл сақтап орындау дағдыларын жетілдіру; әнге деген қызығушылықтарын ояту; музыкалық есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Әдіс - тәсілдер: салыстыру, сәйкестендіру, «ой қозғау», миға шабуыл, топтық жұмыс, дидактикалық ойын.

Көрнекілігі: ойынға арналған үйлер және суретті алмалар (слайд), «Әнші төлдер» макеті, «Көңілді шарлар».

Музыка жетекшісінің іс – әрекеті:

І. Бастапқы жүріс «Балдырғандар маршы» Марш екпінді әуен ойнап, балаларды қабылдайды. Әндете сәлемдеседі.

Біз - көңілді баламыз,

Өнер қуған дарамыз.

Әнге салып әдемі

Би де билеп аламыз.

ІІ. Музыкалық - ырғақты қимылдар «Келші, құрбым билейік» Ән сөздеріне және ырғағына сәйкестендіре, жұптаса би қимылдарын орындауға шақырады. Балалармен бірге ән салып, би қимылдарын дұрыс орындауларына ықпал етеді.

ІІІ. Музыка тыңдау Ой қозғау. Балаларға әнге қатысты бірнеше сұрақтар қояды. Әуен мен сөздің үйлесуімен ән пайда болатыны жөніндегі түсініктерін пысықтайды. Ән, әуен сөздерінің орыс тіліндегі аудармасын қайталатып, үйретеді. Бір баладан өзі білетін әннің әуенін ля - ля буыны арқылы орындауды, екінші баладан сөзін тақпақтап айтуды ұсынады.

- Әнді кім шығарады?

- Қандай сазгерлерді білеміз?

- Әннің сөзін кім жазады?

- Әнді орындайтын адамды кім дейміз?

- Қандай ырғақтағы әндерді білеміз?.

Балалардың назарын « ақылды тақтаға» аударады. «Бұл үйдегілер не істеуде?» муз. дид. ойынын ойнауға шақырады.

1.«Елімізді сүйеміз» (марш) Ж. Қалжанова

2. «Күзге сәлем!» ( вальс) А. Еспенбетова

3.«Әлди»халық әні (бесік жыры)

Ойын шарты бойынша әртүрлі сипаттағы әуендерді ойнап, «үйдегілердің» қандай іс - әрекет үстінде екенін табуды сұрайды. Жауаптары дұрыс болған жағдайда көңілді әуен ойналатынын айтады.

ІV. Дауыс жаттығулары Жаттығуларды бірүнділікпен, әуенін дұрыс айтуларына мән береді. «Музыкалық баспалдақ» арқылы жаттығу жасатады.

V. Ән салу

1. «Елімнің ертеңгі иесі біз!» әні: А. Еспенбетова. Өткен әнді естеріне түсіреді. Әннің атын, сазгерін атауды сұрайды.

Әнді хор мінбесіне барып үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Әнге дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.

2. «Әніміз бар тамаша!» Ән үйренуді жалғастырады. «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен, кіші алмаларға қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады. Тамаша әнімізге қосылуға «әнші төлдер» келгендігін айтады. Балаларға төлдермен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады. Әннің І қатарын - ботақандар тобы, ІІ қатарын - бұзауқандар тобы, ІІІ қатарын - лақтар тобы, ІV қатарын - құлыншақтар тобы, ал, қайырмасын барлық топ қосылып орындауға үйретеді.

VІ. Ойын ойнау «Ән салған кім?» муз. дид. ойын. Ойын алаңына «көңілді шарларды» алып баруларын сұрайды. Ойын шартын түсіндіреді. Санамақ арқылы ойын бастаушысын сайлайды. Достығымыз жараса, Асыр салып таласа Ойынды тез бастайық,

Шартын қатаң сақтайық 1 - 2 - 3. Ойын баста, ұш! Әннің І шумағын орындау кезінде «шарларды» артқа тығып, шеңбер бойымен жай баса жүріп, әндетуді, қайырмасында – «көңілді шарларды» іске қосып, ырғағын соғуды ұсынады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.03.2025
119
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі