Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Ансамбльмен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка мектептерінің мұғалімдеріне,студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК













АШЫҚ САБАҚ

«АНСАМБЛЬМЕН ЖҰМЫС»

Дайындаған: қосымша білім беру педагогы Азиева Ж.К.




















АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ



Тақырыбы: Ансамбльмен жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Ансамбль ойыныңдағы өзіндік ережелерімен таныс болу, сезіну, бірін – бірі тыңдап ойнау.

Дамытушылық: Оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігін, эстетикалық қызығушылығын арттыру, қиялын дамыту,

Білімдік : Оқушылардың ансамбльдің шығармаларын тыңдай білу қабілетін дамыту және түсініп отырдауға тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Музыкалық шығармалардың мазмұның эмоциялық сезінуге тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: Аспаптар кітап құралдары, үнтаспа, интерактивті тақта.

Міндеті: ұжымдық топтарда шығарманы түсініп, тыңдап ансамбльде ойнауға баулу.

Ұйымдастыру барысы

1.Амандасу.

2.Бүгінгі сабақтың ерекшелігі.

3.Оқушыны таныстыру және бүгінгі сабақтың тақырыбы туралы баяндау.

Оқушымен жұмыс: Ең алдымен аспаптың құлақ бұрауын келтіріп алып, машықтану ретінде әр түрлі гаммалар ойнату.

Үй тапсырмасы: Жалпы оқушының 1-ші оқу жылында халық күйлері мен әндерінен тапсырма береміз. Себебі қанында бар дүниені қабылдау да жаттауы да оңай болатын болғандықтан, қазақтын әуендерін үйрету арқылы өнер жолына жетелейміз. Сондықтан бүгінгі сабығымыз да халық әні «Еркемайды» орындап көрейік.

Халық әні «Еркемай» - ойнауы оңай, бір октавада және өлшемі қарапайым.

- Қанекей екеуміз қол соғу арқылы «Еркемай» - дың ырғағын санап көрейік.

Ән орындау: Қазір осы әнді жәй екпінде ойнап алып, сүйемелдеушімен қосылып орындап көрейік. (Еркемай әні)

Міне, құрметті біздің сабағымыздың көрермендері, осылай әр баламен жұмыс жасап келемізде, балалардың жас ерекшеліктеріне емес, қабілетіне, алғырлығына қарай, ансамбль құрамыз. Сол ансамбльде, олар бірін- бірі тыңдауды, ұжым болып жұмыс жасауды үйренеді.

Ансамбльмен жұмыс: Сөзіміздің дәлелі ретінде қазір ансамбльдің кіші тобынан құралған оқушыларды көрсеткім келіп отыр. Әрине оқушылар толық емес, себебі бұл тек бір аусымның ғана балалары.

1-класс оқушыларды таныстыра өтейін:

Жақсықайырова Аружан, Абылова Гүлнұр, Абильдаев Дияс

Биыл ғана қабылданған балаларды осы бастан ансамбльге бейімдеп, келешек үлкен сахналарда көрінулеріне аянбай еңбек ететініміз белгілі. Қазір осы ансамбльмен халықтың «Келіншек» күйін ойнап көрейік.

Халық күйі «Келіншек»

Жарайсындар балалар!

Өте жақсы Әрдайым осылай сабаққа дайындықпен келетін болсаңыздар, үлкен жетістіктерге қол жеткізетініміз аңық.

Балалар мына тақтаға бір уақыт көңіл аударайық.

( Интерактивті тақта қолдану)

Көрдіңіздер ме, балалар алдарыңызда Қазақстанға белгілі өнер ұжымдары бар, солардың бірі:

Құрманғазы Сағырбаев, Дина Нұрпейісова, Қазанғап.

Ал мына суретте өз өлкеміздің өнер ұжымы, яғни Ақтөбе қаласының ұлт- аспаптар оркестрі.

Қандай керемет !

Міне сіздерде болашақта өнер жолын таңдап жатсаңыздар осындай үлкен ұжым қатарында отыруларыңыз мүмкін емес пе?!

Осылай балаларға мысалдар келтіре отырып, үлкен тұлғалардың өмірін баяндай отырып, олардың қызығушылығын оятамыз. Одан әрі қарай, жыл сайын ансамбльдің қатары жаңа оқу жылында қабылдаған оқушылармен толықтырылып , ансамбль құрамы өзгеріп отырады.

Келесі кезекті енді, ансамбльдің жоғары тобына берейік.

Бірнеше жыл ансамбльде әр түрлі шығармалар орындап жүрген бұл топ сахналарға жиі шығып , біршама көрермен алдында төселген балалар.

Балалар, біз ансамбльде тек қана бір сарынды шығармалар орындай

бермейміз ғой, бірде жәй, бірде адуынды төгіп – төгіп ойнайтын шығармалар тартамыз.

Балалар үйге алған тапсырмаларыңызға тоқталып өтейін.

Н.Тілендиев «Әлқисса»

(Бұл күйде динамика мен екпінге көңіл бөлу.)

М.Әубакиров «Наркескен» (үнтаспада тыңдату)

Балалар , өте жақсы.Бүгінгі ойындарың көңілімнен шықты. Алдағы уақытта әлі талай шығармаларды қарайтын боламыз.Дегенмен «Әлқисса» , «Наркескен» күйлерін әлі де жаттауымыз керек, динамикалық белгілеріне жасаған уақытта ғана, күй өз нақышында естілетіні рас.

  • Жарайды, ендеше бүгінгі ансамбльмен жұмысымызды аяқтаймыз.

Келгендеріңізге рахмет!

Үйде әрдайым дайындыққа уақыт таба біліңіздер.

Сау болыңыздар!

Мұғалім пікірі: Бүгінгі ашық сабақ берудегі мақсатым балаларды ансамбльде ойнатып үйрету болса, сол ансамбльдің бір күндік дайындығына куә болыңыздар.

Жалпы ансамбль дегеніміз, тек бірін – бірі тыңдап , шығарманы бірдей ойнап, бірдей аяқтау емес, бір – біріне деген достастығы, бір – біріне үйренуі, бірге сахналарға шығып, бірге байқауларға баруының өзі үлкен тәрбиелік рөлге ие.

Ал менің педагогдық ұстанымым, баланы тек аспапта үйретіп қана қоймай, оны қоғамға қажетті тұлға ретінде жан-жақты етіп тәрбиелеп, өсіру.

Барлықтарыңызға рахмет сау болыңыздар.














































































АШЫҚ САБАҚ

«АНСАМБЛЬМЕН ЖҰМЫС»

Дайындаған: қосымша білім беру педагогы Азиева Ж.К.

















Ақтөбе қаласы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2021
1641
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12