Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Антиваирус

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

сабақ жоспары

Пәні: Ақпараттандыру және есептеу техникасы.

Тобы:




Күні, мерзімі:




Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың тақырыбы: Антивирустар.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Студенттерге вирусты жоятын “Антивирус” ұғымымен, негізгі қызметімен таныстырыру, жұмыс істеу ережесін меңгерту. Компьютерлік вирустардан қорғану әдістерімен таныстыру, антивирустық бағдарламаларды қарастыру;

Бағдарламаның  мүмкіндіктері туралы айту және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Оқушының ойын дамыту, тапқырлық ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, информатикалық тіл байлығын жетілдіру,  алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, оқушыларды шығармашылыққа баулу, шығармашылық сауаттылығын және компьютерлік шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс істеу мәдениеттілігін, пәнге деген қызығушылықтарын  арттыру, қоршаған әлемдегі ақпараттарды біліммен ұштастыру, өз бетінше білім алуға, топпен бірлесіп жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдауға әдеттендіру, оқушылардың ойлау қабілеттерін кемелдендіру, ақпараттық  мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, биология, құқық.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

  1. А.Левин Самоучитель «Работы на компьютере» Компьютерные вирусы и борьба с ними 363-374 стр.

Қосымша әдебиеттер:

1. Е.Қ. Балапанов, Б.Бөрібаев, А.Б Даулетқұлов.« Информатикадан 30-сабақ» –Алматы-2003ж 159-169 беттер.

2. К.Б.Есекеева, Г.К.Нұрғалиева «ҚР-да ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал» Алматы 2007ж 40-45 беттер.

Сабақтың барысы мен мазмұны:

Сабақтың кезеңдері

Мазмұны

Әдіс-тәсілдері

Қолданылатын көрнекіліктер және ТОҚ

Уақы

ты

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, зейінін сабаққа бұру. Оқушыларды түгендеу, сырт келбетіне зер салу.


5 мин


ІІ. Сабақтың жоспары мен мақсатын таныстыру.

Студенттерге вирусты жоятын “Антивирус” ұғымымен, негізгі қызметімен таныстырыру, жұмыс істеу ережесін меңгерту. Компьютерлік вирустардан қорғану әдістерімен таныстыру, антивирустық бағдарламаларды қарастыру;

Бағдарламаның  мүмкіндіктері туралы айту және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру.

5 мин


III. Үй жұмысын тексеру, оқушылардың білімдерін бақылау

(Үйге берілген тапсырма сот процесінің кезеңінен басталады)


Сот төрайымы: Айыпкерді әкеліңіздер! Хатшы арызды оқыңыз.


Хатшы: Айыпкер әкелінсін! /Екі күзетші айыпкер Вирусты әкеледі/

Хатшы: Сот залына Операциялық Жүйеден


Арыз

Менің арыз беру себебім, 24 қазан 2018 жылы интернет арқылы Вирус ілесіп келіп, менің барлық жүйеме зиян келтірді, керек десеңіз жүйедегі барлық бағдарламаға еніп, өз білгенін жасап, қорлық көрсетті. Тек маған ғана емес компьютердің де жұмыс істеуіне кедергі келтіруде, өйткені жұмыс жасар алдында бағдарламамен бірге кірісіп көптеген қиыншылықтарды тудырды. Вирусқа әділ жазасын берілуін сұраймын.


Сот төрайымы: Сөз жәбірленуші Операциялық Жүйеге беріледі.


Хатшы: Жәбірленуші Опеарциялық Жүйе шақырылады.


Операциялық жүйе: Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға ант беремін. Арызда жазғандарымды растаймын. Мені осындай күйге түсірген Вирус тиісті жазасын алуын сұраймын.


Сот төрайымы: -Айыпкер вирус! Сіз өзіңіздің қылмысыңызды мойындайсыз ба?


Айыпкер Вирус: - Жоқ мойындамаймын.


Айыптаушы: - Сот төрайымы менің айыпкерге бір сұрағым бар.

Сұрақ: - Мұрағаттаушылардың атқаратын қызметін ата:

Жауабы: Мұрағатаушылар- мұрағаттық файлдармен жұмыс істеуге, яғни мұрағаттық файлдарды бууға және ашуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалар.


Айыптаушы: Менің айыпкердің кінәсін мойындататын мұрағатта сақталған нақты дәлелім бар. Мына бейнетаспадағы материалды залға көрсетуіңізді сұранамын.


Сот төрайымы: Хатшы бейнетаспаны алып іске қосыңыз.

(бейнетаспа көрсетіліп жатады, Айыптаушы түсіндіреді)


Сот төрайымы: Олай болса куәгерлер шақырылсын!


Хатшы: Куәгер компьютер шақырылсын.


Куәгер Компьютер: Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға тиістімін. Мен, Операциялық Жүйесіз жұмыс атқара алмаймын. Иә, Вирус тек Операциялық Жүйеге ғана емес, барлық бағдарламаға еніп кедергі тудыруда. Сондықтан Вирусты бізге жібермейтіндей етіп қамауға алуларыңызды сұраймын.


Сараптаушы: Менің куәгер компьютерге сұрағым бар.

Сұрақ: - Информацияны қорғаудың шаралары

Жауабы:

  • дискіні физикалық зақымданудан сақтау, дұрыс жұмыс істемейтін программаларды қолданбауға және жұмыс істеп отырған адам қателіктер жібермеуге тырысуы;

  • профилактикалық шараларды пайдалану, яғни вирусты жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыру;

  • вирустан сақтайтын арнайы программаларды пайдалану. Жалпы информация қорғау тәсілдері тек вирустан сақтануда ғана емес, басқа жағдайда да пайдалы болатынын есте сақтаған жөн. Ондай тәсілдің негізгі екі түрі белгілі.


Сот төрайымы: Олай болса келесі куәгерлерді шақырыңдар!


Хатшы: Куәгер Аналық тақшаны шақырыңыздар.


Куәгер Аналық тақша: Мен тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға тиістімін. Компьютерге вирус жұққаннан бастап, Операциялық Жүйеге зиян келтіруде. Осы жолды қарастыра отырып, Жүйеге енген бар вирусты жою керек деп есептеймін.


Сараптаушы: Менің сізге қояр бір сұрағым бар.

Сұрақ: - Компьютерлік вирустардың атқаратын қызметі

Жауабы: Компьютерлік вирустар – бұл компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар. Бұл бағдарламалар өз бетімен көбейеді де, амалдық жүйе мен желідегі нысандарға зиян келтіруі мүмкін. Компьютерлік вирустардың айрықша сипаттарына олардың өз бетімен іске қосылып, компьютердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауға қабілеттілігі жатады.


Куәгер Қатты диск: Мен де, Аналық тақша айтқандай менің де жұмысыма, бұл вирус зиян келтіруде. Бірақ та Вирус ол жағдайды мүлдем түсінбейді Тиісінше жазасын алсын.


Қорғаушы: Менің куәгерге қояр сұрағым бар.

Сұрақ: - Ақпаратты қорғау тәсілдері

Жауабы:

  • Информацияның көшірмесін алып отыру — файлдарды және дискінің жүйелік мәліметтерін көшіріп сақтау.

  • Керекті информацияңызды басқалардың жиі пайдалануына тосқауыл қою.

.

Айыптаушы: Менің Вирусқа қояр бір сұрағым бар.

Сұрақ: - Мұрағаттаушы бағдарламалардың ең кең тарағандарын атаңыз

Жауабы: Ең кең тарағандарының ішінен WinZip, WinRar, ARJ бағдарламаларын ерекше атап көрсетуге болады.

Куәгер Бейнебейімдеуіш: Менің де жұмысымды тоқтатып тастады. Енді Операциялық Жүйенің жағдайы қалай болар екені мәлім. Қысқасы, Вирус өз әділ жазасын алсын.

Айыптаушы: Менің сот залында отырған вирустың қорғаушыларына қояр бір сұрағым бар.

Сұрақ: - Мұрағаттаудың қажеттілігі

Жауабы: Мұрағаттаудың қажеттілігі құнды ақпарат пен бағдарламалық жасақтаманы зақымданудан және жойылудан (кездейсоқ не қастықпен, компьютерлік вирустар әсерінен) сақтап қалу мақсатымен ақпарат дискілер мен дискеттерге сақтық көшірумен де байланысты.

Сараптаушы: Менің куәгер Бейнебейімдеуішке бір сұрағым бар.

Сұрақ: - Компьютерде вирустың бар екенін білудің алғашқы белгілері

Жауабы:

  • кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;

  • экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т. б. шығады;

  • компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;

  • көптеген файлдардың бүлінгені байқалады.


Сот төрайымы: Барлық куәгерлерді тыңдадық, енді сараптаушыны тыңдайық.


Сараптаушы: Мен, соттың тапсырмасы бойынша бұл жағдайды тексеріп, мынадай қорытындыға келдім. Өздеріңіз білесіздер, бүкіл әлемге Вирус айтарлықтай зиян келтіруде. Вирус өздігінен пайда болған жоқ, ол әдейі қасақана жасалынған. Вирустың кінәсі Компьютерге еніп Операциялық Жүйеге және басқа да бағдарламаларға зиян келтіргені. Сондықтан да Вирустан дер кезінде қорғанбасақ, келешекте керекті мәліметтерді жоғалтуға душар етеді. Міне, басты себебі осылай. Ал, сақтану үшін мынадай шаралар қолдануға болады:

  • Вирустан сақтайтын арнайы бағдарламаларды пайдалану

  • Вирусты жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыру

  • Дискіні физикалық зақымданудан сақтау

  • Дұрыс жұмыс істемейтін бағдарламаларды қолданбау


Сот төрайымы: Сөз айыптаушыға беріледі.


Айыптаушы: Мен Қазақстан Республикасының «Ақпараттық жүйелерді және ақпараттық ресурстарды қорғау» заңының 8 мамыр 2003 жылғы №412-2, 5-тармағы, 20- статьясы, 1-2 бөлімдерін басшылыққа ала отырып, «Ақпараттық жүйелерге рұқсатасыз ену», «Ақпараттарды ұрлау және рұқсатсыз қолдану арқылы қоғамға зиян келтіру», «Ақпараттық жүйелерді бұзу, бүлдіру арқылы компьютерлік жүйенің жұмысына кедергі келтіру» бойынша, Вирус заң алдында жауапты. Вирус Операциялық Жүйеге және де басқа да бағдарламаға айтарлықтай зиян келтірді. Сондық тан да бүкіл әлемге танымал Вирусты, заң жүзінде өмірлікке сотталуын сұранамын.


Сот төрайымы: - Сөз қорғаушыға беріледі


Қорғаушы: Мен, Вирусты қорғаушы ретінде айтарым, вирустың ешбір кінәсі жоқ деп айта алмаймын. Өйткені істі жүргізу барысында біраз жайттарға қанық болдым. Бірақ та ең бірінші Вирусты ойлап тапқан кінәлілерді тауып, жазалау керектігін баса айтқым келеді. Адам ойлап таппаса Вирус мұнда отырмас еді. Сол себептен Вирус «Айып пұл» төлеп, сот отырысынан босатуыңызды сұранамын.

Сот төрайымы: - Мен, Қазақстан Республикасының «Ақпараттық жүйелерді және ақпараттық ресурстарды қорғау» заңының 8 мамыр 2013 жылғы №412-2, 5-тармағы, 20- статьясы, 1-2 бөлімдерін басшылыққа ала отырып, «Ақпараттық жүйелерге рұқсатасыз ену», «Ақпараттарды ұрлау және рұқсатсыз қолдану арқылы қоғамға зиян келтіру», «Ақпараттық жүйелерді бұзу, бүлдіру арқылы компьютерлік жүйенің жұмысына кедергі келтіру» бойынша, Вирустың кінәсі бар екендігін айта келе «Айып пұл» төлеп сот отырысынан босатылады. Бұл жағдайда, негізгі кінәлілерді тауып, тергеу ісі қайта жүргізілсін. Бүгінгі сот процесіне қатысқан барлық азаматтарға алғысымды білдіремін.

«Сот отырысы» атты театрландырылған сабақтан үзінді.

Интерактивті тақта, дербес компьютер, слайд.

30 мин


IV. Оқушылардың білімдерін бағалау. Оқушыларды берген жауаптарына сай бағалау және журналға баға қою.

5мин


V. Жаңа тақырыпты жариялау, мақсатын айқындау, жазу. (тақтада және дәптерде) Антивирустар

2 мин


VI Жаңа материалды түсіндіру:

1.Антивирустық бағдарламалар.

2. Олардың түрлері.

3. Антивирустық программалардың жіктелуі.

4. Антивирустық бағдарламаларды орнату жолдары.

Түсіндіру, баяндау

Интерактивті тақта, дербес компьютер, слайд

15 мин


VII. Жаңа материалды бекіту

  1. Адам мен Компьютерлерде болатын жұқпалы аурулар түрлерін салыстыру:

Shape1

  1. Кестедегі әріптерді сан бойынша құрастыр

Постер қорғау










Ой сергіту.


Таратпа материалдар, плакаттар, маркерлер

22 мин


VIII. Сабақты қорытындылау

Берілген жауаптар бойынша оқушылардың білімін бағалау. Сабақты қорытындылау.


4мин



ІХ. Үйге тапсырма беру.

Антивирустар. Балапанов Б, Бөрібаев Қ. 159-169 беттер.


2 мин



Оқытушы: ________________________________________________

Әдіскер: ________________________________________________





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2021
288
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12