400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Антивирустық бағдарламалар

Материал туралы қысқаша түсінік
колледж мұғалімдеріне,Оқушыларға компьютерлік ақпаратты қорғау ұғымы бағдарламасы түсінігін меңгерту тақырыпты өз бетінше түсінуге қолайлы жағдай тудыру, жаңа тақырыпты ұғындыру негізінде информацияны қорғау, компьютерлік вирус, антивирустік программалар ұғымдарына түсінік беру. Антивирустік программаларды қолдану, компьютерді комплекстік профилактикалық қорғау шараларын үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҚО БІЛІМ, ЖАСТАР сАЯСАТЫ және ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ




Ф-П-10/6.1








ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАМА




Өткізілу түрі: Іскерлік ойын сабақ

Тақырыбы: Антивирустық бағдарламалар









Орындаған оқытушы

Рахымбаева Г.Н. .

(Аты жөні ) (қолы )

Нұрлыбаева М.К.______________

(Аты-жөні) (қолы)

«Бағдарламалау және ЕТ»

кафедрасының

отырысында қаралды

№____________ хаттама

« ___ » ________2015ж.

Кафедра меңгерушісі

Исахова Г.А .

(Аты жөні ) (қолы )

.






Шымкент, 2015ж

Пәні: «Операциялық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз ету»

Тобы: ЕТ-03-15у, ЕТ-01-13

Күні: 29.12.2015ж.

Сабақтың түрі: Іскерлік ойын сабақ

Сабақтың тақырыбы: Антивирустық бағдарламалар

Сабақтың мақсаты:          

Білімділік: Оқушыларға компьютерлік ақпаратты қорғау ұғымы бағдарламасы түсінігін меңгерту тақырыпты өз бетінше түсінуге қолайлы жағдай тудыру, жаңа тақырыпты ұғындыру негізінде информацияны қорғау, компьютерлік вирус, антивирустік программалар ұғымдарына түсінік беру. Антивирустік программаларды қолдану, компьютерді комплекстік профилактикалық қорғау шараларын үйрету. 

Тәрбиелік: Сабақ барысында студенттердің өзіне деген сенімін ояту, алғырлыққа, шапшаңдыққа үйрету, әдемілікті көре білуге, сезіне білуге тәрбиелеу, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Дамытушылық: Пәнінен алған білімдерін толықтыру, ой – өрістерін дамыту, өзіндік іс әрекетін, шығармашылығын, пәнге деген қызуғышылығын арттыру.

Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, даралап оқыту, интерактивті әдіспен оқыту.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Информатика, Ағылшын тілі, Есептеу кешендерінің операциялық жүйелері

Сабақтатың көрнекілігі: компьютер, слайд, интерактивті тақта.

Әдебиеттер:

  1. Е.К.Балапанов, Б.Бурибаев. Информатикадан 30 сабақ.

  2. Есептеу комплекстерінің операциялық жүйесі. М.Ж.Балабекова, А.И.Тажигулова, Алматы, 2002 ж.

  3. «Есептеу комплекстерінің операциялық жүйесі» оқулығының электрондық варианты. М.Ж.Балабекова, А.И.Тажигулова, Алматы, 2002 ж.

  4. Камардинов О. Информатика. Оқу құралы. – Алматы: «Ғылым», 2004,

  5. Интернет желісі «Google kz»

  6. Н. Т. Ермеков Компьютерлік графика «Фолиант» баспасы –Астана 2007ж.

  7. А. Аймұқатов «MS Excel кестелік процессор» «Фолиант» баспасы –Астана 2011ж.

  8. Н.Т. Ермеков «Операциялық жүйелер», Фолиант баспасы, Астана 2008 ж.







Армысыздар оқушылар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы “Антивирустар деп аталады. Өмірдегі сияқты “компьютер әлемінде” де көп кедергілер кездеседі.Сабақ барысында компьютерлік вирустар жайлы мәлімет аламыз.Ал антивирустар арқылы компьютер әлемін вирустардан қалай қорғайтындығы туралы өтеміз.Сіздерге сәттілік тілей отырып сабағымызды бастайық.Іске сәт!

Компьютерлік вирус – арнайы жазылған шағын көлемді программа.Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды “бүлдіруге” кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін.Ішінен осындай вирус табылған программа “зақымдалған” немесе “бүлінген” деп аталады.

Вирустардың пайда болу белгілері:

Программа дұрыс жұмыс істемейді немесе жұмысын тоқтатады.

Экранда бөгде символдар , хабарламалар шығады.

Компьютер баяу жұмыс істейді.

Кейбір файлдардың бұзылуы.

Компьютер жұмысындағы жиі тұрып қалулар және жаңылысулар.



Сабақтың мазмұны мен өтілу барысы:


І. Ұйымдастыру (Ән ұран, Сәлемдесу, сабаққа назарын аудару.)

Іскерлік ойын сабағының өту реті

  • 1 – кезең «Бәйге»

  • 2 – кезең «Кәсіби шеберлік»

  • 3 – кезең «Ғажайып алаң»

  • 4 – кезең «Полиглот»


1 – кезең «Бәйге»

Бұл кезеңде әр сұраққа 10 секунд уақыт беріледі.

1. Компьютерлік вирус (арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім), өзінен-өзі көбейіп, компьютерлік жүйедегі және желідегі әр түрлі объектілерге залалын тигізуге бейім программалар)
2. Вирус табылған программа («ауру жұққан» немесе «бүлінген»)
3. Алғаш қай жылы компьютерлік вирус пайда болды (10 қараша1983)
4. Компьютерлік вирусты ойлап тапқан кім (Фред Коэн, Калифорния университетінің американдық студенті)
5. Бірінші компьютерлік вирус атауы (Brain)
6. Алғаш вирусқа қарсы бағдарлама қай жылы пайда болды (1988)
7. Компьютерлік вирустардың белгілері (Бiрқатар программалардың жұмыс iстеу жылдамдығы кемидi)
8. Вирустар орналасу орындарына қарай қалай бөлінеді (желілік, файлдық, жүктелетін)

9. Компьютерлік вирустар қанша белгілік ортасына қарай бөлінеді (4)

10. Вирус алгоритмдерiнiң ерекшелiктерiне қарай қалай бөлінеді (компаньон-вирустар, құрттар, паразиттiк, «стелс», полиморфик, макро-вирустар)
11. Компьютерлік вирустардың белгілері (Кенеттен әртүрлi бейнелiк және дыбыстық эффектiлер пайда болады)

12. Елес вирустар (полиморфиктер)


  1. – кезең «Кәсіби шеберлік»

Әр топтан 1 студент шығып бір-бір билет алып топпен ақылдасып, жауап береді.

Компьютерлік вирустар, шығу тарихы

Компьютерлік вирус өмірінің кезеңдері және вирустарды тексеру жолдары


  1. – кезең «Ғажайып алаң» ойынымен байланыстырамыз. Бұл кезеңде сандарды таңдап, ішінде жасырылған сұраққа жауап береміз.

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын



1. «қатар» сұрақтары

20 ұпайдың сұрағы:
Вирустар бүлдiру тәсiлдерiне қарай қалай бөлінеді (резиденттi, резиденттi емес)
30 ұпайдың сұрағы:
Вирустардың атқаратын iс-әрекеттерiне (деструктивтi мүмкiндiктерiне) қарай қалай бөлінеді (қауiпсiз вирустар, қауiптi вирустар, өте қауiптi вирустар
40 ұпайдың сұрағы:
Вирус алгоритмдерiнiң ерекшелiктерiне қарай қалай бөлінеді (компаньон-вирустар, құрттар, паразиттiк, «стелс», полиморфик, макро-вирустар)

2. «қатар» сұрақтары


20 ұпайдың сұрағы:
Компьютердi жұмысынан жаңылыстыратын көңiл аударарлық зиянды әрекеттер туғызатын вирустар қалай аталады (қауіпті вирустар)
30 ұпайдың сұрағы:

Microsoft құжаттарында кездесетін вирустар (макро-вирус)

40 ұпайдың сұрағы:
Компьютерлік вирустардың белгілері (Файлдардың дискiде алатын орны (әсiресе бiрден орындалатын файлдардың) ұлғайып кетедi)

3. «қатар» сұрақтары

20 ұпайдың сұрағы:

Компьютерлік вирустардың белгілері (Бұрын болмаған файлдар өз-өзiнен пайда болады)

30 ұпайдың сұрағы:
Компьютерлік вирустардың белгілері (Кәдiмгi жұмыс iстеу режимiмен салыстырғанда жедел жадыдағы жұмыс iстеу аймағының көлемi азаяды)

40 ұпайдың сұрағы:
Компьютерлік вирустар дегеніміз не? (Компьютердің жұмыс істеу режимін бұзатын бағдарлама)

4. «қатар» сұрақтары

20 ұпайдың сұрағы:
Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым ( информатика)

30 ұпайдың сұрағы:
Компьютер дегеніміз не? (Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал – компьютер деп аталады)

40 ұпайдың сұрағы:
Адам ақпаратпен не істей алады? Адам ақпаратты сақтай алады, өңдейді және жеткізе алады.


  1. – кезең «Полиглот» Артық терминді тауып және әріптердің орнын ауыстырып дұрыс сөздерді шығару


Терчесвин –винчестер
Такедис –дикета
Акткомпксиди –компакт диск
Сорецпро –процессор





  1. Өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар

  • Компьютерлік вирустар

  • Компьютерлік бомбалар

  • Программалық вирустар

  1. Ішінде вирус табылған программа?

  • Емделетін

  • Көрінбейтін

  • Бүлінген

  1. Мекендеу ортасына қарай вирустарды нешеге бөлуге болады?

  • 5

  • 3

  • 2

  1. Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан жұғатын вирус?

  • Файлдық

  • Жүктейтін

  • Макровирустар

  1. Макровирустар....

  • Жұғу құжат файлын ашқанда орындалады

  • Операциялық жүйені жүктегенде жұғады

  • Вирустық кода программа жүктелгенде жіберіледі

  1. Жұмыс логикасына және мақсатына қарай?

  • Логикалық бомбалар,құрттар,троян аттары,ұстауыш вирустар

  • Бейсауат,насихатшы,мағынасыз,шантаж жасаушы

  • Жүктейтін,макровирустар

  1. Қазіргі кезде шамамен неше вирус түрлері бар?

  • 15 000

  • 10 000

  • 25 000

  1. Мақсатына қарай вирустар:

  • Логикалық бомбалар,құрттар,троян аттары,ұстауыш вирустар

  • Бейсауат,насихатшы,мағынасыз,шантаж жасаушы

  • Жүктейтін,макровирустар

  1. Қарапайым қолданбалы программаларға еніп алып,соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді орындайды.

  • Троян аттары

  • Құрттар

  • Логикалық бомбалар

  1. Программалық құралдар кешеніндегі қателіктер мен дәлсіздіктерді пайдаланатын вирустар?

  • Троян аттары

  • Ұстауыш-вирустар

  • Логикалық бомбалар

Осымен “Антивирустық бағдарламалар” туралы сабағымыз аяқталды.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
1488
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі