400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Антоним" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сыныпқа арналған бұл сабағымда оқушылар антоним туралы мағлұмат алып, білімдерін пысықтау мақсатында жаттығу жұмыстарын орындайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

5- сынып

Күні:

Мұғалім: А.Ғарифуллина

Сабақтың тақырыбы

Антонимдер.

Мақсаты

Антоним дегеніміз не?


Күтілетін нәтиже


А

  • Антоним туралы біледі, мысал келтіре алады.


В

  • Сөйлем ішінен антонимді табады, басқа сөз мағыналарынан ажыратады.


С

  • Білімдерін негізге ала отырып талдайды, дәлелдейді.


Керекті жабдықтар

Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, стикер, флипчарт, маркер,смайликтер, суреттер.


Қолданылатын әдістер

Жеке, жұптық жұмыс. «Тақырыптық теннис», «Визуалды айғақтар», «Айналмалы бекет», «Крестиктер-нөлдіктер» әдістері.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Уақыты

минут

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

8

1.

- оқушылармен амандасу;

- сыныпты түгендеу;

- кезекшілік қызметін қадағалау;

- оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

Жұпқа бөлу. (Том-Джерри, Диего-Дара, Қасқыр-Қоян)

2. Үй тапсырмасын тексеру:


1.«Тақырыптық теннис» әдісімен өткен сабақты еске түсіру. Оқушылар бірінің айтқанын бірі қайталамай өткен синоним тақырыбын еске түсіреді.


Бағдаршам әдісімен өзін-өзі бағалау.

1.

-мұғаліммен сәлемдесу;

- кезекшілік қызметін атқару;

- сабаққа зер салу.



Жұпқа бөлінеді.




2. Үй тапсырмасына жауап беру:

1.Синоним тақырыбын еске түсіріп, бірінің сөзін бірі қайталамай сипаттама береді.




Бағдаршам әдісімен өз-өздерін бағалайды.


Тұсаукесер

12

«Гүл» тренингі.

Балалар біз енді өсіп келе жатқан гүлміз (қолдарын созады).Кенеттен баяу жел соға бастайды, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады (қолдарын жан-жаққа шайқайды).Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрсіп жабылады(қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрсіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастайды, сол уақытта гүлдер де құлпырып, жайнап ашыла бастайды. Балалар осы гүлдей бүгінгі сабағымызды керемет көңіл-күймен бастайық!

Оқулықпен, ғаламтормен жұмыс.

«Антоним» тақырыбын оқулықтан жеке оқып, телефон арқылы ғаламторға кіріп, антоним туралы мағлұмат алып, жұппен талқылайды.

«Жұптық жұмыс».

«Визуалды айғақтар» әдісімен оқушылар берілген суреттерді орналастырып мәтін құрайды. Мәтін ішінде антоним болуы керек, жұмыстарын топтан 1 оқушы шығып қорғайды. Топпен өзара «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» айтумен бағалайды.


Талантты және дарынды оқушылар «Кеңейтілген тапсырмалар» орындайды. Сөз мағыналарын салыстырып, ерекшелігін табады. Өз білімін дәлелдеп,негізгі идеяларды кестеге жазулары керек.


Әрбір оқушы жеке жұмыстанады. Орындап болған соң критерий бойынша өзін-өзі бағалайды.

Трненингке қатысады.



















Антоним тақырыбын оқиды, жұппен талқылайды. Ғаламторға кіріп, мағлұмат жинайды.



Топтан бір оқушы шығып «Визуалды айғақтар» әдісімен суреттерді орналастырып, мәтін құрайды, тақырыбын қояды, жұмыстарын қорғайды. Топпен өзара «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» айтумен бағалайды.

Талантты және дарынды оқушылар «Кеңейтілген тапсырмалар» орындайды. Сөз мағыналарын салыстырып, ерекшелігін табады. Өз білімін дәлелдеп,негізгі идеяларды кестеге жазады.

Әрбір оқушы жеке жұмыстанады. Орындап болған соң критерий бойынша өзін-өзі бағалайды.

Негізгі бөлім

15

«Айналмалы бекет» әдісімен топтар «Антоним», «Синоним», «Омоним» тақырыбына постер шығарып, қорғайды.






Маршруттық картамен жұмыс.


Критерий арқылы бағаланады


Әр топ берілген тақырыпқа постер шығарады. Топтан бір оқушы қорғайды.Қалған топ мүшелері келесі топтың постерін қарап, қорғаушысын тыңдап ұсыныстары мен жұлдыздарын қалдырып кетеді.

Топтар бір-бірін смайликтермен бағалайды.

Маршруттық картадағы тапсырмаларды орындайды.

Критерий арқылы өзін-өзі бағалайды.

Қорытынды

10

«Крестик-нөлдіктер» әдісімен 1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.2.Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды. 3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа крестик қояды.4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.

«Басбармақ» әдісімен бағалау.



Маршруттық картамен жұмыс.

Критерий арқылы бағаланады


Кері байланыс.

«Бас. Қол. Жүрек»

Үйге тапсырма: «Сұрақтары бар қорапқа» түсінбеген сұрақтары бойынша сұрақтар дайындау.

1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа крестик қояды.Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап береді және сол квадратқа крестик қояды.



«Басбармақ» әдісімен топтар бірін-бірі бағалайды.

Маршруттық картадағы тапсырмаларды орындайды

Критерий арқылы өзін-өзі бағалайды.

Кері байланыс парағын толтырады.



Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
2398
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі