400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ашық сабақ Аппликация "Атамның тақиясы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұлттық баскиімі тақияны ою-өрнектермен әшекейлей білдіруді үйрету.Ұлттық сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын дамыту, ою-өрнектер туралы түсініктерін жетілдіру,қайшымен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын бекіту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Білім беру саласы:"Шығармашылық"

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Аппликация

Тақырыбы:Атамның тақиясы

Мақсаты: Қазақтың ұлттық баскиімі тақияны ою-өрнектермен әшекейлей білдіруді үйрету.Ұлттық сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын дамыту, ою-өрнектер туралы түсініктерін жетілдіру,қайшымен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын бекіту.

Қолданылатын көрнекіліктер: қазақтың ұлттық киімдері, бұйымдары;ой-өрнектердің суреттері және тақияның суреті;

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер(ақ бет), желім, қайшы,түрлі-түсті қағаздар;

Билингвалды компонент:ата-дедушка;  тақия-тюбетейка;

Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ жауап;



Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық қозғау






-Балалар, бүгін бізде өте ерекше күн! Ерекшелігінің себебі, бізге қонақтар келіп отыр. Әдептілігіміздің белгісі ретінде сәлемдесіп алайық.


-Көңіл-күйімізді көтеріп, шаттық шеңберін орындайық.


Шаттық шеңбері:

Армысың қайрымды Аспан Ата!

Армысың мейрімді Жер Ана!

Армысың шұғылалы Нұрлы Күн!

Сәлеметсіз бе, апайлар!

Сәлеметсіз бе , достарым!





Сәлеметсіздер ме!









Шаттық щеңберін орындайды.




Ұйымдастыру-іздестіру

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай болады? Олардың аттары қалай аталады?

-Көктем мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер болады?



"Артығын тап" дидактикалық ойыны

Ойын мақсаты: балалардың сөздік қорын молайта отыра, танымдылық процестерін дамыту.

Ойын барысы: экранда көрсетілген киімдердің арасынан артық киімді анықтау қажет.


Тақияны жапсыру жолдары:

*қағаздың бұрышынан үшбұрыш қию;

*үшбұрышқа желім жаққызып,қағаздың ортасына жапсырту;

*қағаздан сопақша қиюды ұсыну, желім жаққызып үшбұрыштың астына жапсыруды ұсыну.


Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

*дайын оюларға желім жағуды ұсыну;


*тақияның төменгі жағына оюларды жапсыруды ұсынады;


*дайын жұмысты сүлгімен басу.


Мақал

Ата-баланың қорғаны.

Мақалдың мағынасын түсіндіреді.

Қазір жылдың көктем мезгілі. Наурыз,Сәуір,

Мамыр

Көктем мезгілінде ауа-райы жылынады, қар риді, ағаштар бүршік атады.






Артық суреттерді табады.






Қағаздың бұрышынан үшбұрыш қияды.

Үшбұрышқа желім жағып,қағаздың ортасына жапсырады.

Қағазда сопақша қияды,желім жағып, үшбұрыштың астына жапсырады.


Қимыл-қозғалыстар жасайды.




Дайын оюларға желім жағады.


Тақияның төменгі жағына оюларды жапсырады.

Дайын жұмысты сүлгімен басады.

Мақалды тыңдап,

мағынасын түсініп алады.

Рефлексивті түзетушілік

Көрме ұйымдастырады.

Бүгінгі оқу қызметінде не туралы білгендерін,ненің ерекше естерінде қалғанын сұрап,жақсы қатысқандары үшін мадақтап,оқу қызметін аяқтайды.

Көрмеге жұмыстарын қойып,салыстырады.



Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:пішінін ескере отырып ұлттық ою-өрнекті пайдалаып баскиімді безендіру.

Түсінеді:қауіпсіздік ерекшесін сақтай отырып жұмыс жасауды түсінеді.

Қолданады:ұлттық ою-өрнекті,қайшымен қию әдістерін қолдану.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 ақпан
836
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі