жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Апта күндері
|
Пән : математика. Мектеп: Байырбек Садықов атындағы ЖОМ Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мұғалімнің аты-жөні: Байназарова Алтынай Күні: |
||||
|
Сабақ тақырыбы: |
Апта күндері |
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.3.1 Уакыт шамаларын ажырату, оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу 1.1.3.2 Өлшем бірліктерді қолданып өлшеу |
|||
|
Сабақ мақсаттары |
Оқушылардың басым бөлігі: уақытты бағдарлайды және уақыт терминдерін түсінеді |
|||
|
Көптеген оқушылар:. Уақыт бірлігін ажыратады. |
||||
|
Кейбір оқушылар: уақытты анықтайтын жаңа терминдерді пайдаланып, ой- пікірін білдіре алады. |
||||
|
Жетістік критерийлері |
1.Уақыт өлшемдерінің ара-қатынасын анықтайды. 2.Уақытты өлшеу бірліктері мен құралдарын ажыратады, және өлшемдер жасайды. |
|||
|
Дискриптор |
-уақыт өлшем бірліктерін ажыратады; -нүктенің орнына тиісті санды жазады. - сағатпен өлшенетін өлшем бірліктерін анықтайды; - күнтізбемен өлшенетін өлшем бірліктерін анықтайды; - күнтізбеден аталған уақытты белгілеп көрсетеді. |
|||
|
Тілдік мақсаттар |
Апта, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі |
|||
|
Құндылықтарды дарыту |
Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, сыйластық өзара түсіністік құндылықтарын дамыту. |
|||
|
Пәнаралық байланыстар |
Бейнелеу, сауат ашу |
|||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта, суреттер , үлестірме материалдар |
|||
|
Бастапқы білім |
Сағаттың көмегімен уақытты анықтауды біледі. |
|||
|
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі |
||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы |
П Қане, қане тұрайық , Үлкен шеңбер құрайық, Оң жақтағы көршіге Сол жақтағы көршіге Күлімсірей қарайық, Көкке қолды созайық Бәрінен де озайық, Құшақтасып әр кезде Тату достар болайық. Реттік сан бойынша топқа бөлінеміз. Мысалы: 1,2,3 Қазір бізде қай сабақ? Сабаққа дайынбыз ба? Аптаның кай күні? Бүгінгі сабағымызда апта күндерімен танысамыз. Оқулықпен жұмыс. Балалар біздің бүгінгі математика сабағында апта поезы келіп тоқтайды. Поездың неше вагоны бар екен? Қане санап шығайық. Поездың вагондарына апта ретін жабыстыру. Апта ретін хормен айтқызу. Апта 7 тәулікке тең уақыт аралығы.Апта күндері бірінен кейін бірі ретімен келеді. Апта уақыттың негізгі өлшем бірлігіне жатпайды. Оны күнделікті өмірде қолданады. Балалар енді осы вагондардың ішінде сендерге арналған тапсырмалар бар екен. Дүйсенбінің тапсырмасы. Бәйге 1.Аптада неше күн бар? 2.Сабақ кестесіне қара? 3.Аптаның қай күндерінде денешынықтыру сабағы өтеді? 4.Жұманың алдында аптаның қай күні келеді? 5.Осы сәрсенбіден келесі сәрсенбіге дейін неше күн өтеді? 6.Сейсенбіден кейін неше күн өткенде сенбі болады? |
Оқулық,апта күндерінің атаулары жазылған парақшалар. Бір аптаға арналған сабақ кестесі. Бір аптаға арналған үйірме кестесі.үлестірме материалдар, түрлі- түсті маркерлер, асыктар. |
||
|
Сабақтың ортасы |
Отбасылық демалыс. Әкесі, анасы және балалары 2 апта теңіз шипа жайында болды. Отбасы неше күн демалды Жеке жұмыс. Сейсенбінің тапсырмасы: Апта күндерін жаз. Оқушылар өздерін бағалайды. Сәрсенбінің тапсырмасы. Кім жылдам? 1.Бүгін қай күн? 2.Келесі күнді ата? Сергіту сәті Дүйсенбіде доп ойнадық алаңда Сейсенбіде серуен құрдық далада Сәрсенбіде сурет салдық сәндетіп Бейсенбіде би биледік әндетіп Жұма күні жидек тердік ағаштан Сенбі күні кино көрдік театрдан Жексенбі үйде болдық демалдық Осылайша өте шықты бір апта. Бейсенбінің тапсырмасы: Дәптермен жұмыс . Мозаика құрастыру. Мозаика пазлдарына апта күндерін ретімен жаз. Содан кейін бір аптавның пазлдарын бір түспен келесі аптаны басқа түспен боя. Жұманың тапсырмасы: Шығарып көр. Жұппен жұмыс. Нүргүл дүйсенбі күні вокал үйірмесіне барды. 2 күннен кейін домбыра үйірмесіне барады. Домбыра үйірмесі аптаның қай күнінде болады? Сенбінің тапсырмасы:Кім жылдам ? Жұмбақ есептер . Аулада бес үйрек. Қорада үш үйрек Бір үйрек тығылды. Қалғаны неше үйрек?
Он асықтың үшеуін Досын сұрап алады Айтшы сонда нешеуі Өз қолында қалады. \10-3=7\
Бесбайда бар бес іні Естайда бар екі іні Қоссаң бес пен екіні Неше екен шешуі.\7\
Жексенбінің тапсырмасы: Ханталапай ойыны. Ойының шарты: Қоржынға 1- ден 7ге дейін нөмірленген асықтар салынады. Оқушылар асықты алып, оның нөміріне сәйкес келген сұрақты оқып, оған жауап береді. №1 Аптаның бірінші күні кандай? №2 Бір жылда неше күн бар? №3 Сейсенбі аптаның нешінші күні? №4 Сен қай күндері мектепке келесің? №5 Бүгін аптаның қай күні? №6 Сауат ашу сабағы қай күндері болады? №7 Ертең қай күн болады? |
|||
|
Сабақтың соңы |
1-тапсырма Нүктелердің орнына тиісті шаманы жазыңыз. 1 сағ. = ... минут 1 ай = ... күн 1 жыл = ... ай 7 күн = ... апта 2-тапсырма Төменде берілген уақыт өлшем бірліктерін өлшеу құралдарымен сәйкестендіріңіз.
КҮН ЖЫЛ САҒАТ МИНУТ АПТА Күнтізбеден бүгінгі күнді белгілеңіз және атаңыз. 3-тапсырма Күнтізбеде белгіленген уақытқа сәйкес өлшем бірліктерін анықтап, байланыстырып сызыңыз.
|
|||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||
|
Сабақ бойынша рефлексия |
|
|||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
||||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген