400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Ақ киіз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың текемет, сырмақ, тұскиіз бұйымдарынан түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Қалалық білім бөлімінің

қосымша білім беру оқу-әдістемелік

орталығы директорының

оқу-тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары

______________А.А.Төлегенова






Қолданбалы қолөнер бөлімі





АШЫҚ САБАҚ



Тақырыбы: «Ақ киіз»







Дайындаған: «Асыл мұра» үйірмесінің жетекшісі

Қожантаева С.Қ









Қызылорда, 2018 ж





Сабақ жоспары:





І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Мағынаны ашу. Қазақтың текемет, сырмақ, тұскиіз бұйымдарынан түсінік беру

ІІІ. «Текемет басу» бейне-жазбасы. Әжелеріміздің дәстүрлі текемет басу әдісі

ІУ. Сергіту бөлімі. «Ою-өрнек» әуені . Авторы Айбол Құдайбергенов. «Адырна» фольклорлық ансамблінің орындауында

У. Тәжірибелік бөлім. Білік пен дағдыны шыңдау

УІ. Сабақты бекіту бөлімі

УІІ. Қорытынды бөлім























Сабақтың тақырыбы: « Ақ киіз»



Сабақтың мақсаты:


Білімділігі: Текемет басу, тұс киіз жасау, сырмақ сыру өнері жайында білімдерін жетілдіру. Киіз жасаудағы дағдыларын қалыптастыру.


Дамытушылығы: Қазақтың қолөнерін насихаттап, болашақта ұлттық брендті дамытуға тәрбиелеу.


Тәрбиелілігі:   Халқымыздың   асыл   мұраларын, салт- дәстүрін,   өнерін   құрметтеуге   тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ Иллюстративті, түсіндірмелі, танымдық сабақ, тәжірибелік сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, бейне-жазба

Пән аралық байланыс: Тарих, әдебиет, музыка, бейнелеу өнері.

Сабақтың көрнекілігі: Ою-өрнекті киіз бұйымдар, үлгілер, схема, Сабақтың жабдықтары: Жүн, қайшы, сабын, су, клеенка т.б.



















І. Ұйымдастыру бөлімі . Оқушыларды сабаққа дайындау.

- Балалар, бәріміз түгелміз бе? - Түгелміз. - Көңіл- күйіміз жақсы, көтеріңкі ма? - Жақсы - Сабаққа барлығымыз дайынбыз ба? - Дайынбыз - Жарайсыңдар, олай болса сабағымызды бастайық. -Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегіден бөлек, бізге мұғалімдер қонаққа келіп отыр.

ІІ. Мағынаны ашу. - Балалар, текемет, сырмақ, тұскиіз дегеніміз не, білесіңдер ме? (Балалардың жауабы) (Текемет, сырмақ, тұскиіздің мағынасын слайд арқылы толықтыру) - Бүгінгі дайындайтын бұйымымызды ақ киіз деп атаймыз және сабақтың тақырыбы да «Ақ киіз» деп аталады. Сабағымызда ақ киіздің бетіне түрлі түсті талдырмадан өрнектер салып, киіз басатын боламыз.

ІІІ. «Текемет басу» бейне-жазбасы. – Балалар, біз үйірмеде киіз басу өнерімен шұғылданатын болғандықтан бүгін сендерге «Текемет басу» деп аталатын бейне – жазбаны дайындадым. Бұл бейне-жазбадан ауылдағы әже-апаларымыздың дәстүрлі текемет басу әдісін көретін боламыз. Мұқият қарап,тыңдаңдар, көріп болғаннан кейін бірге талқылайтын боламыз. Текемет басу науқан болатын. Бұрын текемет басқанда ауыл әйелдері бас қосып шағын той жасайтын. Текеметтің иесі қыз-келіншектердің басын қосып, жүн сабатады,ою ойдырады, ши тарттырады, содан кейін оюлы шиге бұлттай бұйра жүн салдырады. Одан әрі кілемдей тығыз, даладай гүлді текемет дайын болады. Текеметті күзде қырқатын қойдың күзем жүнінен басады. Қойдың жүні биязы, жұмсақ, жылы. Текеметтен сыз өтпейді, шілденің ыстық күндері үй ішін салқындатып тұрады. Жүн сабау. Қой жүнін терінің үстінде сабайды, нәтижесінде қоқымнан тазарады және жүн қопсиды. Талдырма жасау. Ою-өрнек салу үшін жүнді жұқалап салып талдырма жасайды, кепкеннен кейін оюын ойып текеметтің бетіне салуға дайындайды. Жүн салу. Шидің бетіне жүн салады, жүн салу аса шеберлікті, ыждахаттылықты қажет етеді. Текемет, киіздің сапалы шығуы жүн салушыға байланысты. Бір жері қалың, бір жері жұқа болмай, біркелкі болу керек. Түр салу. Ою текеметтің сәні, оюлы киіз үй ішіне көрік беріп, көңілді көтереді. Шеберлер оюды көзбен емес, көңілмен сызады, жүрекпен ояды. Түрдің симметриялы орналасуын ұқыптылықпен қадағалайды. Қазақтың текемет, сырмақ өнері тұнған философия. Бір текеметтің өзіне тұтас табиғат көрінісі енген, онда тау, тас, өзен, көл, жасыл жайлау бар. Әрбір оюдың мән мағынасы сақталады. Текеметтің бұрышы мен ортасына, жиегіне арналған оюы болады. Олар бір-бірін қайталамайды, қайта толықтыра түседі. Текеметке ірі, мол, кең оюлар салынса, киімге ұсақ,нәзік өрнектер салынады. Су құю. Түрді салып болғаннан кейін қазанда сақырлап қайнап тұрған суды бірнеше рет себелеп құяды. Мата жауып, тағы да су себелейді. Шиге орау. Шиге орап, арқанмен мықтап байлайды. Шидің сыртынан да суды себелеп құйып тұрады. Артық су жерге сіңіп, текемет өзіне қажет суды бойына сіңіріп қалады. Тебу. Алдынан бір адам шиді жайлап тартып, домалатып тұрады. 3-4 әйел аяқпен тебеді.Біршама уақыттан кейін, түр мен негіз бір-бірімен жабысқаннан кейін шиді ашады. Өрнектің дұрыс түсуін қадағалайды. Білектеу. Киіздің өзін орап білектейді. Текемет білектегенде ширай түседі. Арасында текеметті ашып өрнектің дұрыс түсуін қадағалап отырады. Қисық кеткен тұстарын алақанмен ұрғылап түзетіп отырады. Текеметтің жан-жағын тебен инемен тігіп, жерге лақтырып қарпиды. Қарпыған сайын киіз ширай түседі. Ақ киізге түскен қара ала ою әдемі шықты. Шеберлердің жұмыстары ауыр болғанымен өздерінің жұмыстарын көріп шаршағандарын ұмытып кетеді. Ауыл әйелдері текеметтің иесіне «Текеметің төріңде тозсын», «Қара киізің бала-шағаңның табанында тесілсін» деген тілеулер айтады.

(Оқушылармен бірге бейне-жазбадағы көріністі талқылау)

- Ал, балалар, апаларымыздың басып шыққан текеметі сендерге ұнады ма? – Үйірмедегі киіз басу әдісіне ұқсайды ма? - Қандай айырмашылықтарын байқадыңдар? – Текемет басқанда шиді пайдаланады екен, ши киіздің тез ширауына көмектеседі. -Біз киіз басқанда не қолданамыз? Қандай су қолданамыз? – Ал әжелеріміз қандай су қолданады екен? – Сақырлап қайнап тұрған ыстық су қолданады екен. – Тағы қандай әдістермен басады екен текеметті? – Тебу әдісі – Білектеу әдісі – Қарпу әдісі – Жарайсыңдар, балалар.

ІУ. Сергіту. «Өрнек» әуені . - Мінекей, балалар әжелеріміздің бізге үйреткен өнерін сабағымыздың тәжірибелік бөлімінде жалғастыратын боламыз. – Балалар, енді бір мезгіл әуен тыңдап, көңілімізді сергітейікші. Композитор Айбол Құдайбергеновтің «Ою-өрнек» деп аталатын әуені «Адырна» фольклорлық ансамблінің орындауында

У. Тәжірибелік бөлім. «Ақ киіз»

Киіз басу кезіндегі қауіпсіздік ережелері: - Киіз басу кезінде электр құралдарын ұстамау керек. - Суды пайдаланғанда ұқыпты болу керек. - Жұмыс соңында қолды жуып, құрғатып сүрту керек.

Керекті құрал жабдықтар: ақ киіз, талдырмадан ойып алған өрнектер, су, сабын, клеенка, көмекші жабдықтар- маталар Жұмыс процесі: Оқушылар жапсырған ою- өрнектерді, боялған ою-өрнектерді көрсету. Ою-өрнектерді орналастыру реттілігі үлгісі.(көрнекілік) Ақ киізге өрнектерді орналастыру әдістерін түсіндіру, көрсету. Өрнек пен негізді бір-біріне жапсыру

ҮІ. Сабақты бекіту. «Жұлдызды сәт» Сұрақтар: 1.Ою-өрнектердің қандай түрлерін білесіңдер? 2. Талдырманы қалай жасадыңдар ? 3. Үлкен ақ киізге өрнекті тепе-тең орналастыру үшін қандай тәсілді қолдандыңдар? 4. Жүн сабау әдісін айтып бер. 5.Текемет дегеніміз не? 6. Сырмақ дегеніміз не? 7.Тебу әдісін айтып бер. 8.Білектеу әдісін айтып бер 9.Тұс киіз дегеніміз не.

УІІ. Қорытындылау бөлім. Балалардың жұмыстарын бағалау, қорытындылау.





































Текемет басу науқан болатын. Бұрын текемет басқанда ауыл әйелдері бас қосып шағын той жасайтын. Текеметтің иесі қыз-келіншектердің басын қосып, жүн сабатады,ою ойдырады, ши тарттырады, содан кейін оюлы шиге бұлттай бұйра жүн салдырады. Одан әрі кілемдей тығыз, даладай гүлді текемет дайын болады. Текеметті күзде қырқатын қойдың күзем жүнінен басады. Қойдың жүні биязы, жұмсақ, жылы. Текеметтен сыз өтпейді, шілденің ыстық күндері үй ішін салқындатып тұрады. Жүн сабау. Қой жүнін терінің үстінде сабайды, нәтижесінде қоқымнан тазарады және жүн қопсиды. Талдырма жасау. Ою-өрнек салу үшін жүнді жұқалап салып талдырма жасайды, кепкеннен кейін оюын ойып текеметтің бетіне салуға дайындайды. Жүн салу. Шидің бетіне жүн салады, алу жүн с аса шеберлікті, ыждахаттылықты қажет етеді. Текемет,киіздің сапалы шығуы жүн салушыға байланысты. Бір жері қалың, бір жері жұқа болмай, біркелкі болу керек. Түр салу. Ою текеметтің сәні, оюлы киіз үй ішіне көрік беріп, көңілді көтереді. Шеберлер оюды көзбен емес, көңілмен сызады, жүрекпен ояды. Түрдің симметриялы орналасуын ұқыптылықпен қадағалайды. Қазақтың текемет, сырмақ өнері тұнған философия. Бір текеметтің өзіне тұтас табиғат көрінісі енген, онда тау, тас, өзен, көл, жасыл жайлау бар. Әрбір оюдың мән мағынасы сақталады. Текеметтің бұрышы мен ортасына, жиегіне арналған оюы болады. Олар бір-бірін қайталамайды, қайта толықтыра түседі. Текеметке ірі, мол, кең оюлар салынса, киімге ұсақ,нәзік өрнектер салынады. Су құю. Түрді салып болғаннан кейін қазанда сақырлап қайнап тұрған суды бірнеше рет себелеп құяды. Мата жауып, тағы да су себелейді. Шиге орау. Шиге орап, арқанмен мықтап байлайды. Арқанмен бірнеше рет мықтап оралмаса, салған жүн босап, салған түріміз көшіп кетеді. Шидің сыртынан да су себелейді. Киізөзіне қажет суды сіңіреді. Тебу. Алдынан бір адам шиді жайлап тартып, домалатып тұрады. 3-4 әйел аяқпен тебеді.Біршама уақыттан кейін, түр мен негіз бір-бірімен жабысқаннан кейін шиді ашады. Өрнектің дұрыс түсуін қадағалайды. Білектеу. Киіздің өзін орап білектейді. Текемет білектегенде ширай түседі. Арасында текеметті ашып өрнектің дұрыс түсуін қадағалап отырады. Қисық кеткен тұстарын алақанмен ұрғылап түзетіп отырады. Қарпу.Текеметтің жан-жағын тебен инемен тігіп, жерге лақтырып қарпиды. Қарпыған сайын киіз ширай түседі. Ақ киізге түскен қара ала ою әдемі шықты. Шеберлердің жұмыстары ауыр болғанымен өздерінің жұмыстарын көріп шаршағандарын ұмытып кетеді. Ауыл әйелдері текеметтің иесіне «Текеметің төріңде тозсын», «Қара киізің бала-шағаңның табанында тесілсін» деген тілеулер айтады.







































Сұрақтар:

1.Ою-өрнектердің қандай түрлерін білесіңдер?

Жануар әлеміне байланысты

Өсімдік әлеміне байланысты Аспан әлеміне байланысты Геометриялық ою-өрнектер

2. Талдырманы қалай жасадыңдар ? Ою-өрнек салу үшін жүнді жұқалап салып, қатты пісірмей талдырма дайындайды. 3. Үлкен ақ киізге өрнекті тепе-тең орналастыру үшін қандай тәсілді қолдандыңдар? Жіпті пайдаланып, ұзынынан тең үшке, ал көлденеңінен екіге бөлдік. 4. Жүн сабау әдісін айтып бер. Қой жүнін терінің үстінде сабайды, нәтижесінде қоқымнан тазарады және жүн қопсиды. 5.Текемет дегеніміз не? Текемет – бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз бұйымы. Ол қазақтың дәстүрлі баспанасы – киіз үй ішіне жылылықпен қатар әсемдік те әкеліп әрі киіз үйдегі адамдарды астынан өтетін сыздан қорғап отырған. 6. Сырмақ дегеніміз не? Сырмақ  үйдің, киіз үйдің қабырғалары мен еденін сәндеу үшін киіз-ден жасалған бұйым. «Сырмақ» деген атауына сәйкес сырып тігу, бастырып тігу арқылы жасалатын сәнді бұйым 7.Тебу әдісін айтып бер. Шиге орап, арқанмен мықтап байлайды. Алдынан бір адам шиді жайлап тартып, домалатып тұрады. 3-4 әйел аяқпен тебеді. 8.Білектеу әдісін айтып бер Шиден алып, киіздің өзін орап білекпен басады. Текемет білектегенде ширай түседі. 9.Тұс киіз дегеніміз не. Тұс киіз  — бөлме қабырғасын сәндеуге арналған қазақ халқы-ның ұлттық бұйымы. Көбінесе төсектің тұсына ұсталатын бол-ғандықтан «тұс киіз» аталған. Киізге қызыл, сары, көк түсті ою жапсыру арқылы жасалады




– Үйірмедегі киіз басу әдісіне ұқсайды ма? -Айырмашылықтар бар - Қандай айырмашылықтарын байқадыңдар? – Текемет басқанда шиді пайдаланады екен, ши киіздің тез ширауына көмектеседі. -Қандай су қолданамыз? – Жылы сабынды су қолданамыз Қандай су қолданамыз? – Ал әжелеріміз қандай су қолданады екен? – Сақырлап қайнап тұрған ыстық су қолданады екен. – Тағы қандай әдістермен басады екен текеметті? – Тебу әдісі. Шиге мықтап орап, арқанмен байлайды.Алдынан бір адам шиді жайлап тартып, домалатып тұрады. 3-4 әйел аяқпен тебеді. – Білектеу әдісі. Киіздің өзін орап білекке салып басады. Текемет білектегенде ширай түседі. – Қарпу әдісі. Текеметтің жан-жағын тебен инемен тігіп, жерге лақтырып қарпиды. Қарпыған сайын киіз ширай түседі. - Талдырманы қалай жасайды. Жүнді жұқалап салып, қатты пісірмей талдырма дайындайды. Кепкеннен кейін оюды ойып алады





















Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру. Балалармен сәлемдесу. Сабаққа дайындап, ұйымдастыру.



ІІ. Ертегілер еліне саяхат – «Сырмақ шерткен сыр» ертегісі.

Сабақты бастамас бұрын ертегілер еліне саяхаттап, бір аңыз-әңгіме тыңдайық. Бұл ертегі -  «Сырмақ  шерткен  сыр» деп аталады. (Слайд арқылы ою хан жолдаған хатты көрсету)

(Балалармен талқылау)

- Осымен Ою хан мен Жою хан жөніндегі ертегі аяқталды. Бұл ертегілерден қандай қорытынды шығаруға болады. (оқушылар сөзі)
- Бұл ертегіні өздерің оқыған қандай аңыздарға ұқсастығы бар?
- Тілмен айтуға болмайтын, тілмен шешуге болмайтын жағдайда, өнермен, ою-өрнекпен жеткізуге болады екен.

ІІІ. «Қазақ оюлары» бейне жазба. Оюлардың пайда болуы, қолданылатын орындары туралы.

  • Қазақтың ғалымы Әлкей Марғұлан: «Қазақтар ою-өрнек әлемінде өмір сүреді» дегендей өрнектерден қазақ халқының өмірінің шежіресін көргендей боласыз. Ата - бабамыздан келе жатқан тарихы терең осы өнер дүниесі өзінше бір ғылым десек те болады.
    Оймен, сөзбен жеткізе алмаған сезімді, табиғат әлемінің жұмбағын бір өрнекке сыйғыза білгеніне қайран қаласың!
    - Қазақ ою - өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Тарихи ғылыми деректерге жүгінсек қазақ халқының ою - өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгенін қапысыз тануға болады.

  • Балалар, ою дегеніміз не? (оқушылардың жауабы)
    Ою дегеніміз – аты айтып тұрғандай қағазға немесе бұйымға түсірілген өрнекті ойып өңдеу. Өрнек дегеніміз - кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас әшекей. Жалпы алғанда, ою – өрнек дегеніміз - әшекей ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері. Кез-келген бұйымды ою-өрнекпен әсемдеп сәндеуге болады.

Суретшісі Әбілхан Қастеев:

Өнерді   таудың   бұлағынан,

Қойдың   құлағынан,

Апамның    киізінен,

Қошқардың   мүйізінен    үйрендім, - деген екен

Біздің шебер- оюшы ата-әжелеріміз бұл ою-өрнектерді қалай тудырған, қайдан алған. (слайд арқылы бірнеше өрнектің шығу жолын көрсету) -Балалар, «Қазақ оюлары» деп аталатын бейне- жазбаға назар аударайықшы, бұл бейне-жазбадан кейбір ою-өрнектердің пайда болу жолын және қолданылатын орындарын білетін боламыз . («Қазақ оюлары» бейне-жазба көрсету)

- Қазірде ғалымдар ою - өрнектерді композициялық құрылымына қарай бір жүйеге келтіру үшін төрт топқа бөледі: (балалардан неше топқа бөлінетінін сұрау)

- Балалар, кім айтады, ою-өрнектердің қандай түрлері бар?
1.Геометриялық ою- өрнектер 2. Өсімдік бейнелі өрнектер 3.Зооморфтық ( жан-жануарлар бейнелі) өрнектер 4.Космонологиялық ( аспан әлемін бейнелейтін) өрнектер

ІҮ.Тәжірибелік бөлім. Ою-өрнектерді қиып жапсыру, ою-өрнек композициясын құру.

Сабағымыздың тәжірибелік бөлімінде қағазды бүктеп, ою-өрнектерді қиып жапсырып, әдемі композиция құрамыз. (Қағазды бүктеп, ою қиып алу үлгісін көрсету. Оқушыларға схемалар тарату.) Қайшы, желіммен жұмыс істеген кезде қандай қауіпсіздік ережелерін есте сақтауымыз керек. Канекей кім айтады? Қауіпсіздік ережесі:

- Қайшыны келесі адамға тұйық жағымен беру керек.

- Қайшымен жұмыс істегенде, жаныңдағы көршіңді алаңдатпау керек.

- Желімді ауызға, көзге тигізбеу керек.
- Желіммен жұмыс соңында қолды жуу керек.

Ү. Сергіту. «Өрнек» әуені . Авторы Айбол Құдайбергенов. «Адырна» фольклорлық ансамблінің орындауында.

  • Балалар, Б.Момышұлы аталарыңды білесіңдер, ол кім?

  • Кеңес Одағының батыры , жазушы.

  • Б.Момышұлы «Наша семья» деп аталатын кітабында «Анам басқұрдағы өрнектің әрқайсысын саусақ басымен жүргізе отырып, оралым-оймышына үйлесетіндей ән айтып отырушы еді» дейді. Демек өрнектерді оқуға болады екен, оның жоғары-төмен, жуанды-жіңішкелі ырғақтарын топшылап әндетуге болады екен.

  • Балалар енді осы сөзіміздің дәлелі ретінде сазгерАйбол Құдайбергеновтің «Өрнек» деп аталатын шығармасын «Адырна» фольклорлық ансамблінің орындауында тыңдап көрейікші

  • Балалар, әуен ұнады ма, сендерге қалай әсер етті?

  • Әрі көңілді, әрі жеңіл әуен. (Тәжірибелік бөлімді жалғастырады.)

ҮІ. Сабақты бекіту. «Өрнектерді топта» танымдық ойын. Компьютер арқылы. - Балалар, сиқырлы тақтадағы ою-өрнектердің атауларын атап, түрлеріне қарай бөліп, қоржынға салыңдар. (АТҚ жұмыс) ҮІІ. Үйге тапсырма: өздеріңнің ойларыңнан қағаздан ою қиып, қолдарыңды жаттықтырыңдар. ҮІІІ. Сабақты қорытындылау. (Оқушылардың жұмыстарын бағалау)

  • Балалар, бүгін ою-өрнектердің сырын, түрлерін және қолданылатын орнын біліп, білімдеріңді толықтырдыңдар. Ою-өрнектерді өз қолдарыңмен ойып қиюды үйрендіңдер. Әдемі композиция құрастырдыңдар. (Балалардың жұмыстарын бағалау). - Келесі сабағымызда осы ою-өрнектерді киіздің бетіне түрлі-түсті жүндермен салатын боламыз. Ал , енді бүгінгі ашық сабаққа белсене қатысқандарың үшін рахмет айтамын. Сау болыңдар, балалар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 наурыз
925
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі