400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ақ шаш" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Екінші сыныпқа дәріс беретін әріптестерім мен жас мамандарға бір көмегі тиер деген ойменен жіберіп отырмын . Бұл сабақта мәтіннің мазмұнын ашудағы топтық жұмыстың тиімді жүргізу жолдары көрсетілген. Сабақ жоспарымнан әріптестерім өздеріне қажетті әдіс -тәсілді алып жатар деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

3

Сабақтың тақырыбы: Василий Сухомлинский.

Ақ шаш.

Мұғалімнің аты-жөні:Сансызбаева Е.А

Күні: 12.10

СЫНЫП: 2а


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін

мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру

2.2.6.1 - кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау

2.3.1.1 - мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу.

Топқа бөлемін : «Құттықтау хаттары арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды құттықтау хаттарын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Әнді жалғастыр!»

Мақсаты: қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, жағымды эмоция туғызу.

Нұсқаулық: «Сіздерге бір өлеңнің 1 – жолын айтамын, ал сіздер келесі жолын айтасыз, ал келесі көрші топ 3-4 – жолын әнмен жалғастырады. Кейін жүргізуші басқа өлең бастағанда 3 – топ өлеңнің 2 – жолын айтады, ал 4 топ 3-4 жолын айтады. Ойын шеңбер бойынша жалғасады. Соңғы әннің соңы 2 жолын барлық топ орындайды».




Құттықтау хаттары арқылы топтарға бөлу.



«Әнді жалғастыр!»

Тренинг.

Жаңа білім

10 минут






Білу және түсіну

Ы.Алтынсарин. Бұл кім?

«Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған. (Ана)

Дүниеде анаға жыр арнамаған жыршы, күй арнамаған күйші, ән арнамаған әнші, шығармасын арнамаған жазушы бар ма екен?

Ананы жырлаймын деп ақын тебіренсе, ана бейнесін мүсіндеймін деп суретші ойланды.

«Құрметтейік те, қадірлейік те ғазиз Ананы, өйткені ол дүниедегі асылдың асылы – өмір сыйлайды ғой!» - деп тебіренеді Ғ.Мүсірепов.

«Әлемде өзгермейтін үш-ақ зат бар, ол ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі» дейді орыс жазушысы М.Горкий.

«Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе! Па шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді!» - дейді Баубек Бұлқышев.

Сонымен ана дегеніміз – төзімділік пен адамгершііліктің тәңірісі.


4. Қазір Ана сөзінің мағынасын ашып алайық.


Ана тілі

Ана Отан ана

Жер ана

І-топ. «Ана тілі» деп неге айтамыз?

ІІ-топ. «Отан ана» деп неге айтылады?

ІІІ-топ. «Жер ана» деп неге айтылады?

5. Жалпы ана атаулыға тән, біріміздің анамызға ортақ оқулығымызда тамаша бір шығарма беріліпті. Ол Василий Александрович Сухомлинскийдің «Ақ шаш» әңгімесі.

В.А.Сухомлинский Украина Республикасында дүниеге келген. Украина халқының атақты ұстазы, жазушысы.

Оқулықпен жұмыс.

«Болжау» стратегиясы.

а) Балалардың алдына әңгімеден үзінді беру, яғни оны оқушылар ары қарай жалғастырып, оқиғаның немен аяқталғанын өз ойларымен жеткізеді.

ә) Оқулықтағы мәтінді оқып беру.

б) Мәтінді оқушылар ойымен салыстыру.

в) Сұрақ-жауап.

- Мәтінде негізгі ой қандай мәселеге құрылған ?

- Мишаның байқампаздығын қалай аңғардың?

6. «Екі жақты күнделік» стратегиясы.

1-топ. Мәтіннен өздеріңе әсер етіп, ойыңда қалған үзіндіні жаз.

Сұрақ: Анының жүрегі қай кезде ауырады? (бірденеге қапаланғанда, ренжігенде, уайымдағанда).

2-топ. Мишаның келесі сұрағына анасы не деп жауап берді деп ойлайсың, соны жаз.

Сұрақ: Ананың жүрегі қай кезде толқиды? (қуанғанда, шаттанғанда).

3-топ. «Ананың көңілі балада. Баланың көңілі далада» мақалының мәтінге қандай қатысы бар?

Сұрақ: Сөз анасы не? Сөз анасы – құлақ.

Су анасы не? Су анасы – бұлақ.



Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут



Қолдану

Дәптермен жұмыс.

Топтастыру стратегиясы.

1 топ – Дүниеде не қымбат? (Ана)

Ана неден қымбат? (Бәрінен)

«Бәрі» ұғымына не кіреді? (Ананың аялы алақаны, мейіріміне тең келер нәрсе жоқ. Ана біз үшін тіпті жалпақ дүниеден де қымбат).

2 топ – Анаға деген махаббат қай күннен басталады? (Құндақта жатқан кезден)

Құндақта сөзін қалай түсінеміз? (Жөргекте жатқанда, нәсертелік шақ)

3-топ. Жылап, уанбай, шырылдағанда кімді іздейсің? (Ананы)

Уанбай сөзімен мағыналас қандай сөздер бар?

жұбанбай

Уанбай жылай беру

еш нәрсеге көнбеу


Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер


Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті. Мен қазақпын.

Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

5 минут

1 топ. Шағын әңгіме жазу «Менің анам»

2 топ. Өлеңді аяқта.

Сыйлаймын панасың

Тыңдамын данасың

Аламын ақтаймын

Баламын анашым

3 топ. Мәтіннің мазмұнына сай нақыл сөз, мақал-мәтел немесе шешендік сөз жаз.

9. «Бес жолды өлең» стратегиясы.

1) Зат есім (1 сөз)

2) Сын есім (2 сөз)

3) Етістік (3 сөз)

4) Қорытынды ой (4 сөз)

5) Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)

Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.

Бағалау


5 минут


Кері байланыс

3 минут

«Білім ағашы» кері байланыс


Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ағашқа жабыстырады.

Үйге тапсырма: оқу, дәптермен жұмыс.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма? Бүгін оқушылар

не білді? Сыныптағы ахуал

қандай болды? Мен жоспарлаған

саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
996
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі