400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ Ақ ұлпалар дайындық сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
менің ойымша интернетте логопедиялық сабақтар аз, кез келген логопедтің сабағы интернетте немесе сайтта жарияланып тұрса әдіс алмасуға өте жақсы. өзім сайттан түзету сабақтарын көптеп көргім келеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Т үркістан облысының білім басқармасының

"Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты" КММ –нің логопеді

Мырзакулова Асель Курманбаевна





Сыныбы: Об

Диагнозы: ЖТК ІІІдең. Дислалия. Тұтықпа

Логопат:Жұмағали Алуа

Тақырыбы: «Ақ ұлпалар» Л дыбысы

Мақсаты: Релаксация арқылы логопатты сабаққа психологиялық дайындау. Л дыбысының дыбысталу кескінін еске түсіру. Л ыбысын буын, сөз, сөйлем ішінде дұрыс айтуын қадағалау. Ертегіні тыңдай отырып, артикуляциялық жаттығу, тыныс алу, уқалау жұмыстарын жүргізу. П.Губерн әдісі бойынша іс -қимылдар жасай отырып, суреттерді атау «Қыс» өлең шумағын 3 тәсілде айтқызу арқылы, баланың дұрыс тыныс алып, тұтықпай ырғақпен сөйлеуін қадағалау. Триз әдісі бойынша ұсақ моториканы дамыту.

Көрнекілігі: айна, бинт, кескін, суреттер, майшам, ақ қағаз, тұз, су, губка.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

  • Келген қонақтармен сәлемдесіп алайық?! (Саламатсыздар ма?)

  • Келген қонақтарға өзімізді таныстырайық. Сенің атың кім? (Менің атым Алуа)

  • Алуа сенің жасың нешеде? (Менің жасым алтыда)

  • Біз лого сабаққа не үшін келеміз? (Анық,дұрыс, түсінікті, тұтықпай сөйлеу үшін)

Релаксация: «Сиқырлы өзен»

  • Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. (баяу, құлаққа жағымды әуен қосылады)

  • Біздің жер жарымызда бір жер бар. Ол жердің ауасы таза, шипа,сол ауамен демалсақ лаззат сезіміне бөленеміз. Айналасы көз тоймайтын табиғи сұлулық. Сөл бір жерде өзен бар. Ол өзенді аппақ қар басып, айналасы аппақ қиімге киінгендей. Өзеннің суы мөлдір, тап таза,дәмі өте тәтті, қайта қайта ішкің келе береді. Сол сиқырлы өзенде бір адам тұрады. Ол өзін өзі ең бақытты адаммын деп сезінеді.

  • Мен қазір сендерге сол адамды көрсетемін.(логопед айнасы бар қорапшаны балаға сыйлайды. Сонда ол бақытты адам ретінде айнадан өзін көреді)

  • Бәрінде білетін, бәрі де қолынан келетін кім?

  • Ол мен!

  • Сөйлеу ережесін есте сақтайтын кім?

  • Ол мен!

  • Асықпай, тынысын дұрыстап, анық сөйлейтін кім?

  • Ол мен!

  • Сұрақтарға ойланып, толық жауап беретін кім?

  • Ол мен!

  • Достарын сыйлайтын кім?

  • Ол мен!


Ойын: «Не жасырынған?»

Шарты: Компьютерде сандар берілген. Олар жәй сандар емес сиқырлы сандар. Сандарға дұрыс жауап берсең , сандардың артында тұрған бір дыбыстың кескіні шығады. (Сұрақтарға толық, ырғақпен жауап беруін қадағалау)

1. Бір жылда неше мезгіл бар? (4)

2. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)

3. Қандай дыбысты дұрыс айтуға дағдыланып жүрсін? (Л)

4. Л дыбысының айтылу кескінін еске түсір.


Л дыбысын айтқанда:

Тіс: төменгі және жоғарғы тістер бір біріне жақын

Ауыз: ашық

Тіл: жоғарғы тістің түбіне тіреледі





  • Қай мезгілдің суреті шықты?

  • Қыста ауа райы қандай болады?

  • Қыста не жауады? (ақ ұлпа,қар)

  • Ендеше, біз «Ақ ұлпалар» ертегісін тыңдай отырып түрлі жаттығулар жасаймыз.



«Ақ ұлпалар» ертегісі

(артикуляциялық жаттығу, тыныс алу, уқалау жұмыстары)


Мазмұны

Орындалуы

Таң атты!

Есінеу 3-4рет

Ләйлә ақ көрпесін ашып сыртқа шықты.

Күрекше 3-4рет

Терезеден қараса айналаның бәрі аппақ.Табиғаттың сұлулығына көзі тоймай жүзіне күлкі кеді.

Жымию 3-4рет

Қалың киініп, аулаға шықты. Жан жағына қарады.

Сағатша 3-4рет

Ақ ұлпа қар жауып тұрған аспанға қарады.

Саңырауқұлақ 3-4рет

Кенет мұздай ақ ұлпа қарлар бетіне тие бастаған соң көңіл күйі бұзылып кетті.

Ашулы, ызалы

Ақ ұлпа қарлар тиген беті жаурап қалды. Бетін алақанмен жылыта бастады.

Сипалау, уқалау, шымшылау, ұрғылау

Қолы да тоңа бастады.

Үрлеп жылыту.

Баяу, үзіп үзіп

Денесі де тоңа бастады.

Дене жаттығулары.

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт-сарт-сарт,

Шапалақ соғамыз.

Тоңса біздің аяғымыз,

Етік киіп аламыз.

Топ – топ – топ,

Топылдатып билейміз.

Тоңса біздің денеміз,

Тоңды киіп аламыз.

Зу - зу-зу,

Шанамен зулаймыз.


С уретпен жұмыс.


Сұрақ

Жауап

Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?

Қыс бейнесі бейнеленген

Қыс мезгілі екенін қайдан білдің?

Өйткені, айнала аппақ қар

Сурет бойынша әңгімелеп берші.

Суреттегі балаларға Л дыбысы бар ат қой.

Ләйлә, Нұрасыл, Нұргелді, Алмат

Ләйлә мен Алмат не істеп жатыр?

Ләйлә мен Алмат аққала жасап жүр

Ал, Нұрасыл мен Нұргелді не істеп жатыр?

Нұрасыл мен Нұргелді қар атыспақ ойнап жүр

Енді, екі сөйлемнен бір сөйлем құрап айт

Ләйлә мен Алмат аққала жасап жүр, ал Нұрасыл мен Нұргелді қар атыспақ ойнап жүр

  • Балалар аққаланы неден жасады

Балалар аққаланы қардан жасады

Қыс, қар, аққала туралы қандай тақпақ білесің?

Тақпақ.

А) Қимылсыз айту

Ә) Қимылмен айту

Б) Әндетіп айту


Қандай суық қыс деген?

Қалтырайды құс деген.

Құлақшынды кимесең,

Құлағыңды тістеген,

Қандай қызық қыс деген.



Ойын: «Қимылда»

Шарты: Бейнелі суретті айта отырып, іс қимылдар жасау



Торғайлар талға қонды.




Алақай, аяз ата сыйлық әкелді.









Балалар қардан аққала жасап жасап жатыр.


Саусақ қимыл жаттығуы.

Триз әдісі бойынша «Қыс» бейнесін салу

Қорытындылау.

  • Алуа, бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

  • Сабақ саған несімен ұнады?

  • Қандай дыбысты дұрыс айтуға машықтандық?

Мақтау. мадақтау.

Сен бүгнгі сабақта кешегіден де жақсы сөйледің. Ертең бүгіннен де жақсы сөйлеуге тырыс,ол сенің қолыңнан келеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
439
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі