жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Ақан сері
6-бөлім: Атақты тұлғалар |
Мектеп: №43 ЖББ |
|||||
Күні: 20.02.2020 |
Мұғалімнің аты-жөні: Молдрахым А.Д. |
|||||
Сынып: 3А |
Қатысқан оқушылар саны: 18 |
Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
||||
Сабақ тақрыбы |
Ұлы Дала сал-серілері (Ақан сері)
|
|||||
Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқыту мақсаттары |
3.1.1.1 – тыңдалған əуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуіш құралдарын анықтау жəне салыстыру; 3.1.3.3 – музыкалық шығармаларды талдау барысында негізгі музыкалық ұғымдарды анықтау жəне ажырату; 3.1.3.4 – музыкалық жанрлар мен стильдерді анықтау жəне ажырату; 3.3.1.1 – өз шығармашылық жұмысын көрсету, өзінің жəне өзгелердің жұмыстарын бағалай білу.
|
|||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар:
Оқушылардың көпшілігі:
Кейбір оқушылар:
|
|||||
Тілдік мақсаттар |
|
|||||
Алдыңғы сабақтарда алған білім |
Алдыңғы бөлімдерде алған білімдеріне сүйене отырып білім алу
|
|||||
Сабақтың басы: |
||||||
Сабақ кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басталуы 5-7 мин
5 мин
|
Музыкалық сәлемдесу. Топқа бөлу. Суреттің қиындыларын жинау арқылы оқушыларды үш топқа бөлініп, орындарға отырады.Топқа бөлінгеннен кейін оқушыларға өткен сабақты қайталап еске түсіру үшін тапсырма беріледі. I-топ «Домбыра» II-топ «Жетіген» III-топ «Қобыз»
1-тапсырма. Құпия ұяшықтарты таңдап, жасырылған сұрақтарға жауап береді. Тақтада жасырынған үш ұяшықты әр топ таңдап, сұрақтарға жауап береді. Жауап берген топтар бағаланады.
Біржан салмен қатар əншілік өнер тарихында өзіндік орны бар əнші-композитор – Ақан сері. Оқулықта Ақан сері туралы қысқаша мəлімет берілген. Мұғалімнің Ақанның «Балқадиша» əнін алғаш рет Парижге танытқан əнші Əміре жөнінде де тоқталып өткені артық болмайды. «Біржанды сал деп атаса, Ақанды сері деп атаған. Серінің бойында да сал сияқты бірнеше өнер түрі бар. Серілер – сырбаз, жақсы мен жаманды саралап, биязы жеткізетін нəзік жандар. Ақан Сері — ақын, әнші, композитор.Ақан сері, шын есімі - Ақжігіт Қорамсаұлы 1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Үлкен Қоскөлдің маңында дүниеге келген. Ең алғаш білімді ауыл молдасынан алған. 16 жасынан өнер жолына түскен. Сал-серілік дəстүрді жан- тəнімен жақсы көрген Ақан сері жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы баптаған». |
Суреттің қиындылары
Интерактивті тақта
Көрнекіліктер
Оқулық Нота хрестоматиясы аудио-бейне хрестоматия
Презентация
|
||||
Сабақтың ортасы 10 мин
5-7 мин
|
2-тапсырма. Тыңдалым жəне талдау. Оқушылар Ақан серінің «Маңмаңгер» əнін бейнежазбадан тыңдайды. Мұғалім оқушылардың назарын əннің мазмұнымен қатар, лирикалық жағына аударады. – Суретке жəне бейнежазбаға қарай отырып, əн мазмұны туралы пікіріңді ортаға сал. – «Маңмаңгер кекілің келте, жалың майда» сөздерінің мазмұнын қалай түсінесің? – Ақан сері жылқы сұлулығын, туған ауылына деген сағынышын қандай əуен арқылы жеткізген (жігерлі, баяу, жылдам, көңілді, лирикалық)? Оқушылар өз пікірлерін толыққанды жеткізгеннен кейін, мұғалім оқулықтағы түйіндемені оқиды. «Ақанның əндерін көбіне лирикалық əндер қатарына жатқызады. Лирикалық əн адамның ішкі сезімі мен толғанысын білдіреді. «Маңмаңгер» əні – əншінің жылқысына деген сүйіспеншілігін білдіретін лирикалық əн».
3-тапсырма. Əнді орындау. «Маңмаңгер» əнінің буындарын созып, əуендете орындауда қиыншылықтар кездеседі. Сондықтан олармен жеке жұмыс жасап, интервалдар арақашықтарын таза айтуға тырысу керек. Əн күрделі, дегенмен бір сабақта əнмен тиянақты жұмыс жасаса, игеруге болады.
4-тапсырма. Топтық жұмыс «Әнді тап». Топ басшылары келіп, конверт таңдайды. Оқушыларға конвертте жасырылған әннің сөзін құрастыру жұмысы тапсырылады. Құрастыруға 2-3 минут уақыт беріледі.Құрастырғаннан кейін топтар өздері құрастырған әнді орындайды.(минусовкамен)
|
Орындайтын: Ерлан Рысқали https://www.youtube.com/watch?v=iEW8KULpnkg
Аудиожазба
Фортепиано аспабы
Конверт, минусовкалар
|
||||
Сабақтың соңы
|
Рефлексия: «Музыка ағашы» оқушыларға жасыл және қызыл түсті ноталар таратылады. Сабақ бойынша жасыл түсті нота – жақсы түсінгенін, қызыл түсті нота – тақырыпты толықтыру түсінбегенін білдіреді. Сол ноталарды «Музыка ағашына» келіп іледі. |
Түрлі түсті нота қағаздары |
||||
Үйге тапсырма: «Маңмаңгер» әнін жаттап келу. |
||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
||||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəнемнеліктен? |
|
|||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген