400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ақан Сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж мұғалімдеріне және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне көмек құралы.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Арқалық политехникалық колледжі»КҚМК





ӘБ отырысында қаралды

Хаттама №__2_

ӘБ жетекшісі Калкаева Г.Т _______

«Бекітемін»

Директордың оқу

ісі жөніндегі орынбасары

Крыжанова И.В _______



Shape1





Пәні: «Қазақ әдебиеті»

Тақырыбы: «Ақан Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы»

Тобы: ОП-17

Мамандығы: «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»;

Курс: І

Семестр:І

Оқытушы: Калкаева Г.Т







2018/2019 оқу жыл



Сабақтың жоспары

Пәні: Қазақ әдебиеті

Мамандығы: «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»

Тобы: ОП-17

Тақырыбы: Ақан Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың өтілу түрі(формасы):әртүрімен өтетеін сабақ, дәріс, өзіндік жұмыс ұйымдастыру.

Оқыту әдісі: түсіндіру,сын тұрғысынан ойлау әдісі, “Де Бонның алты қалпағы” әдісі, сұрақ -жауап, сызба кестемен жұмыс, топтастыру, шығармашылық жұмыс, мәнерлеп оқу, ізденіс, оқулықпен жұмыс.

Мақсаты:

1.Білімділік:Ақанның шығармашылық мұрасы, музыкалық бейнесі туралы жан-жақты мағлұмат беріп, оны игеруді ұйымдастыру. Ақын шығармаларына деген қызығушылығын  арттыру арқылы дүниетанымын кеңейту.

2. Дағды машығын ұйымдастыру:Лирикалық ән – «Құлагердің» психологиялық сырын (қауіп, қорқыныш, қайғы, күйініш сезімдерін) ашу барысында білім алушылардың  қамқорлық сезімін ояту арқылы, төзімділікке дағдыландыру. Шығарманың көркемдік құнды ерекшеліктерін ашу арқылы сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік: «Ақан өмірі - өнер адамының рухани тазалығының үлгісі» екендігін түсіндіре отырып, тілдік-эстетикалық сезімдерін жетілдіру, жасұрпақты Ақандай өр, қайсар талант иесі болуға, өнерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

  1. Мамандығына қойылатын талаптар:

Не білу керек:

- Дәріс бойынша тақырыпты түсіне білу;

- Қазақтың сазгер ақындарының еңбектерін оқу;

- Топпен жұмыс жасау;

Не жасай білу керек:

- топпен ынтымақтастықты

- сұрақтарға дұрыс жауап беру

- дұрыс талдай жасчай білу

Пәнаралық байланыс:Қазақ тілі, география, ән-күй.

Сабақтың жабдықталуы: маркер,стикер,А3 қағаз, интербелсенді тақта,желім, оқулық, кубик,

Әдебиеттер:Қазақ әдебиеті 10 сынып С.Қирабаев, Ұ.Асыл, К.Құрманбай.


Сабақтың барысы.

№

Сабақтың кезеңдері.

Уақыты

1


Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, білім алушыларды түгендеп, сабаққа бейімдеу

а) білім алушыларды «Түймедақ» гүлі арқылы топқа бөлу.

ә) сабаққа психологиялық дайындық жүргізу: ««Жылы лебіз» стратегиясы арқылы бір-біріне тілек білдіреді.

Топқа бөлу. Ортаға түймедақ гүлі қойыладыБілім алушылар бүгінгі сабақта армандары орындалу үшін түймедақтың бір-бір гүлін жұлып алады.Артындағы сандар бойынша топтасады.Сабақ соңында пікірлерін жазып, қайтадан гүлді қалпына келтіріп кетеді.

5 мин

2

Үй тапсырмасын, өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы жалпы сұрақтарға жауап беру

1.ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қандай әнші-ақындарды білесіңдер ?

2.Олардың шығармаларының негізгі тақырыбы не жайында болған?

3.«Сал» мен «сері» сөздерінің арасында айырмашылық бар ма ?

4.Сал- серілік дәстүрінің негізін салушылар кімдер ?

5.Біржан сал өмір сүрген замандағы тарихи-әлеуметтік жағдай қандай болды ?

6.Біржан сал өлеңдерінің тақырыбы неде?

7.Біржаннның қай өлеңдерінде кіршіксіз махаббат пен әйел сұлулығы суреттеледі?

8.Біржан әнші-ақын, айтыс ақыны екендігін қалай дәлелдейсіңдер?

9.«Жанбота» өлеңіндегі Біржан өміріне қатысты шындық қандай?

10.Біржаннның «Теміртас» өлеңінің шығу тарихы қандай?


10 мин

3

Мақсат қою кезеңі.

Оқытушының кіріспе сөзі, жаңа сабақтың мақсаты мен жоспарын айту. Оқушылардың оқу-таным қызметін жүйелеу. Өткен тақырыппен жаңа тақырыпты байланыстыра отырып түсінік беру.

“Идеялар себеті” Тақтаға себет суреті ілінеді себетке тақырып жабыстырылады: мысалы “Ақан кім”, «Сал,сері дегендер кімдер?», білім алушылар стикерге өз ойларын жазып себет ішіне жабыстырады.

5мин

4

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Мағынаны тану.

Сабақты бастамас бұрын Ақан сері туралы бейнебаян көрсету арқылы тақырыпты ашу. Шығармаларының тақырыбымен шығу тарихымен қысқаша таныстыру.

Өмірбаянына қосымша дерек:

Композитор 1843 жылы Көкшетау облысының Қоскөл деген жерінде ауқатты малшының жанұясында дүниеге келген. Ақынның шын аты- Ақжігіт. Қарындастарының ортасында жалғыз ерке ұл болып өскен. Өзінің табиғи қабілеті мен өнер – білімге деген құмарлылығы арқасында Ақан жас кезінен бастап – ақ сауатын ашып, Шығыс поэзиясының үлгілерімен танысып, өз жанынан да ән - өлең шығарып, болашағы бар дарынды ақын - әнші екендігін байқатады. Сөйтіп, «Ақын – Ақан» деген атқа өте ертеден – ақ ие болады. Ал Ақан кішкентайынан өзінің зеректігімен, әр нәрсеге әуестігімен көзге түседі. Он төрт жасынан бастап Ақан даңқы оның туған ауылынан алысқа тарап, кемеліне жеткен ақын, талантты сазгер ретінде танылады. Кәмелетке толған шағында сәнді қымбат киім киіп, жолдастарымен ауылдан ауылға қыдырып, сал – серілік өмірді өткізе бастайды. Көптеген сал – серілер тәрізді Ақан да аңшылыққа құмар болады. Құсбегі, тазшыл, атшыл Ақан жүйрік тазы, лашын, қыран ұстайды. Оның шығармашылық өнерінде өз өмірінің осы қырлары айқын бейнеленеді. Ақанның «Көкжендет», «Бозторғай», «Қараторғай» әндері аң аулайтын құстарға арналса, Алты Алашқа тараған «Құлагер», «Маңмаңгер» әндері өзінің сүйікті сәйгүлігі Құлагерге арналып шығарылды.

15 мин

5

Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі.

Сурет арқылы ой қозғау әдісі. Жаңа тақырыпты тереңірек қамту барысында оқулықпен жұмыс жүргізу. Білім алушыларға ақын, тұлпар, бүркіт,кыз бен жігіт суреті, өлеңдері таратылады.Сол өлеңнен түсінгендеріңді бір сөйлеммен жеткізесіңдер.

а) өлеңнен қандай әсер алдыңыздар?

ә)өлеңді оқи отырып, көз алдарыңызға не елестете аласыздар?

«Кубизм» әдісі бойынша жұмыс. Талдау.

1.Суретте:«Құлагердің жүйректігін суреттейтін бейнелі сөздерді табу»

2.Салыстыр: «Құлагер» мен «Көкжендет» өлеңін салыстыр

3.Зерттеңіз: «Ақанның құлагері туралы не білесіздер?», «Балқадиша» әнінің шығу тарихын білеміз бе?

4.Қолданыңыз:тұлпар,құс, қыз тәрбиесі жайлы тірек пайдалана отырып мақал-мәтел жазу.

5.Байланыстырыңыз:Ақынның «Балқадиша» өлеңін бүгінгі күнмен байланыстырыңыз.

6.Талдаңыз:Ақанның «Құлагер», «Көкжендет», «Балқадиша» өлеңдеріндегі мұңды шабытты ойларын баяндаңыз.

Үш топқа ортақ сұрақ. Сөздерді тауып, ағылшын,орыс тілдерін аудару. Интербелсенді тақтамен жұмыс.

Тақырыпқа байланысты бір зат есім жаз

Екі сын есім жаз.

Тақырыпқа байлынысты үш етістік,

Бірінші сөздің синонимдерін жаз.


Сергіту сәті:Білім алушыларға сурет арқылы жүргізіледі. Қатысушылар дөңгеленіп тұрады. Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір- бірімізге күлімсірей қараймыз, қол бейнеленсе- қолымызды қысып амандасамыз, күн бейнеленсе- жақсы ықыласпен сәлемдесеміз, жүрек бейнеленсе – құшақтасамыз.



35 мин

6

Бекіту кезеңі

Ой толғауЖеке жұмыс.

Сегіз қырлы ,бір сырлы,Ақан аға ! Мен сенің өнеріңе табынамын!«Ақан ақынға» хат жазып сырласып ой бөліседі.
Айтарым бар ...

  • Қазіргі таңда сері, нағыз жігіттер қандай болу керек ?

  • Сіз қалай ойлайсыз, Ақан өнері бүгінде жалғасты ма? 

Шабадан, еттартқыш, себет әдісі

  • Не маңызды, нені аласыз?

  • Нені әлі оқу керек?

  • Не қажет емес, себетке саласыз?

5мин

7

Үйге тапсырма беру, білім алушылардың білімін бағалау кезені.

“Де Бонның алты қалпағы



Shape2

Үйге тапсырма: «Құлагер-аттың тұлпары, Ақан-адам сұңқары» тақырыбында шағын шығарма жазу.

5мин


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31.07.2019
480
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі