Атырау облысы білім беру
басқармасы
«Саламат Мұқашев
атындағы
Атырау политехникалық
ЖОҒАРЫ колледжі» КМҚК
«Келісілді»
«Бекітемін»
Әдістемелік кабинет
меңгерушісі Директордың оқу- әдістемелік
_______________А.Көпжасарова
жұмысы жөніндегі орынбасары
«____» ___________ 2019 ж
_______________ Ж.Кереева
«____» ___________ 2019
ж
Ашық сабақтың әдістемелік
өңдеуі
Пәні: Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын
жөндеу
Тақырыбы: «Ақауларды анықтауға арналған
аспаптар мен өлшеу құралдары»
Тобы: ТОРПа-18
Мұнай пәндік-циклдік
комиссиясы Дайындаған:
отырысында қаралды және
келісілді арнайы пән оқытушы
Хаттама № ________
_________М.Блялова
«____» ____________
2019ж
ПЦК
төрайымы
__________
К.Джумабаева
АТЫРАУ –
2019
|
Пәні:
|
«Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын
жөндеу»
|
|
Өткізу
мерзімі:
|
25.11.2019
ж.
|
|
Тақырыбы:
|
«Ақауларды анықтауға арналған
аспаптар мен өлшеу құралдары»
|
|
Тобы:
|
ТОРПа-18
|
|
Сабақтың
мақсаты:
|
Студенттерге жаңа
тақырып бойынша түсіндіру, мұнай кәсіпшілігі
жабдықтарының ақауларын анықтау тәсілдерімен, анықтауға арналған
аспаптар және өлшеу құралдарымен таныстырып,
сипаттама
беру
|
|
Білімділік:
|
Студенттердің өз
жетістіктерін, білім-білік дағдыларын
қалыптастыру
|
|
Тәрбиелік:
|
Студенттердің өз ойларын ашық
айтуға, пікір таластыруға, дұрыс сөйлей білуге, өз бетімен ізденіс
жұмысын жасауға үйрету
|
|
Дамытушылық:
|
Студенттердің алған теориялық
білімдерін практикада қолдана білу дағдысын
қалыптастыру
|
|
Сабақ
түрі:
|
Аралас
сабақ
|
|
Оқыту
әдістері:
|
CLIL әдісі бойынша жаңа
терминдерді үйрену;
Сұрақ – жауап, шығармашылық
жұмыс, ізденіс әдісі, ой шақыру
|
|
Сабақта
өткізілетін
өзіндік
жұмыстардың
түрлері:
|
LearningApps программасы
арқылы сөзжұмбақ шешу, LearningApps программасы арқылы «Миллион
кімге бұйырады?» ойыны, LearningApps программасы арқылы жаңа термин
сөздерді табу, ситуациялық сұрақтарға жауап
беру
|
|
Техникалық
оқыту
құралдары
және
көрнекіліктер:
|
Кеспе қағаздары, слайд,
компьютер, мультимедиялық тақта, маркерлі тақта, үлестірме
материалдары
|
САБАҚТЫҢ
БАРЫСЫ
1. Ұйымдастыру кезеңі (5
мин)
2. Өткен тақырыпты қайталау
(15 мин)
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
(35 мин)
4. Жаңа материалдарды бекіту
(25 мин)
5. Бағалау (5
мин)
6. Үйге тапсырма беру (5
мин)
I. Ұйымдастыру
кезеңі (Бұл кезеңде студенттермен
сәлемдесу, сабаққа қатысты түгендеу және құрал-жабдықтары
тексеріледі, 5-мин)
II. Өткен тақырыпты
қайталау, 15-мин (Бұл кезеңде студенттердің
назарын пәнге аудару бағытында сергіту сәті жүргізіледі,
студенттерге өтілген тақырып бойынша қайталау сұрақтары
қойылады)
1) Сергіту
сәті:
Берілген суретті сипаттап
беру
2) «Ұяшықты таңда» ойыны
(Өтілген тақырып бойынша қайталау сұрақтары
қойылады)
3) Сөзжұмбақ орындау. (Құпия
сөз яғни жаңа тақырыптың негізгі термині)
III. Жаңа тақырыпты
түсіндіру, 35 мин (Жаңа тақырыпта түсіндіру
барысында мультимедиялық экранды қолданып, презентацялық мәлімет
беріледі, жабдықтардың құрылысы көрсетілген суреттері, үлестірмелі
материалдар мен қосымша мәліметтер
беріледі)
Жоспары:
1. Ақау туралы мәлімет
беру;
2. Ақауларды және жарамсыз
бөлшектерді анықтау әдістері
3. Ақауды анықтау
аспаптары
Жабдықтар мен машина
бөлшектерінің жарамдылығын немесе жарамайтынын анықтайтын
технологиялық процестің операциясы бөлшектердің ақауын анықтау
болып табылады.
Жұмыс кезінде бөлшектердің
үйкелуі мен тозуы әсерінен олардың геометриялық параметрлері,
беттерінің кедір-бұдырлығы, физикалық-механикалық қасиеттері
өзгереді.
Бөлшектердің ақауын, олардың
өлшемдерін технологиялық картадағы өлшемдермен салыстыру арқылы
анықтайды. Бөлшектердің өлшемдерінің үш түрі
бар:
-
қалыпты өлшем, яғни, жұмыс
сызбалары мен техникалық құжаттарға сәйкес келетін бөлшектің
өлшемдері мен техникалық сипаттамалары
жатады;
-
рұқсат етілген өлшем, яғни,
бөлшекті машинаға қойған кезде келесі жөндеу мерзімі аралығын
қанағаттандырарлықтай жұмыс істеуі мүмкін өлшемдер мен техникалық
сипаттамалар жатады;
-
шегіне жеткен өлшем, яғни,
бөлшектің жарамсыз өлшемдері мен техникалық сипаттамалы
жатады.
Бөлшектердің ақауын
калибрлермен, әмбебап өлшеуіш аспаптарымен және арнайы аспаптармен
анықтайды.
Жабдықтар мен машиналарды
жөндеу кезінде бөлшектерде жарықшалар да кездеседі. Жарықшалар анық
және жасырынды деп екіге бөлінеді, анық жарықшаларды лупамен қарап
немесе лупасыз қолмен сынап анықтауға болады. Жасырынды
жарықшаларды:

Калибр –
өлшеу параметрінің сандық мәнін анықтамай-ақ бөлшектердің өлшеуінің
ауытқуларын, формасы мен беттерінің өзара орналасуын бақылайтын
шкаласы жоқ өлшеу аспабы.

Сурет
1 - Калибр: а - тегіс тесіктерді
тексеру үшін;
b - бұрандалы тесіктерді
тексеру үшін.
Капиллярлық
әдіспен жарықшаны анықтау үшін,
бөлшектің бетін тазалап, арнайы сұйық (пенетрант) жағады. Біраз
уақыт өткен соң, сұйықты сүртіп, бөлшектің бетін тазалайды да
анықтағыш материал төсейді. Жарықшаның орны мен өлшемдерін
анықтағаннан кейін, бөлшекті сүртіп
тазалайды.

Сурет 2 - Капиллярлы әдісте
қолданылатын арнайы сұйық пенетрант

Сурет 3 - Капиллярлық әдіспен
жарықшаны анықтау сызбасы
1 - беттік; 2 - ақау; 3 -
пенетрант; 4 - әзірлеуші; 5 - ақау
белгісі.
Капиллярлы әдісте керосинді де
қолданады. Жабдық бөлшектерінің қосылған жіктерін тексеру кезінде
теріс бетіне керосин жағып, екінші бетіне бордың судағы ерітідісін
жаққан кезде, жарықшаның ізі бор қабатынан
көрінеді.
Сурет
4 - Капиллярлы әдіс:
а) керосин және бор
ұнтағы;
б) жарықшаның ізі бор
қабатынан көрінуі;
Сорап цилиндрлерінің және оның
қалпақшасының, әртүрлі сыйымдылықтар мен бактардың, шлангілердің
жарықшалары мен көзге көрінбейтін тесіктерін
газ бен
сұйықтың ағып кету тәсілімен
анықтайды.
Магниттік
әдіспен ақауды анықтағанда тек қана
ферромагнитті материалдан жасалған бөлшектер ғана пайдалануға
болады. Магнит әдісінде магнит өрісінің ауытқуын магнитті ұнтақ,
магнитографиялық немесе феррозондты әдістермен анықтайды. Бұл
әдісте магнитті ұнтақты бөлшектің бетіне құрғақ немесе суспензия
күйінде жағады. Магнит өрісінің ауытқуына байланысты ұнтақ
жарықшаның айналасына шоғырланып қалады да жарықшаның пішіні мен
өлшемін көрсетеді.

Сурет 5 - Магнитті
ұнтақ
Бұл бейне магнит өрісінің
жұмысын көрсетеді. Магниттік жетіспеушіліктің көмегімен оның
ерекшеліктері мен негізгі параметрлерін біле отырып, ақаулықтың қай
жерде орналасқанын анықтауға болады. Әдетте, анықталған ұнтақтың
жинақталуы кемшіліктер (жарықтар немесе қуыстар) бойынша тікелей
байқалады. Ақаудың сипаттамаларын анықтау үшін алынған кескін
стандартқа қарсы тексеріледі.

Сурет 6 - Спрейдегі магнитті
ұнтақ
Магнитті ұнтақ дефектоскопиясы
(МПД), металлдың қосылысы кезінде (1,5-2 мм тереңдікте) жұқа
беттерді және жер асты ақаулар мен жарықшаларды, терең енетін
кемшіліктерді анықтауға арналған әдіс. Және де бұзылмайтын
сынақтардың негізгі әдістерінің бірі және ферромагниттік металл
құрылымдарын тексеру үшін қажет. Магнитті ұнтақ электр тогының
әсерінен ақауы бар аймаққа түскен кезде магниттеліп, нәтижесінде
ұнтақтар тартылып, араласып ақауы бар жерде магнит өрісі пайда
болады.
Магнит ұнтағы бір-біріне
тартылып, тізбектер де магнит өрісінің күшіне бағынады және
жинақталып, ақаулардың бар екендігін бағалайтын роликтер түрінде
тән сызбаларды қалыптастырады. Бұл пішіні анықталғанақаулардың
сызбаларына сәйкес келеді.
|
Магниттік
көрсеткіштер
Магнитті
ұнтақ - шашыраудың магнит өрісінің
индикаторы ретінде пайдаланылатын ферромагнетадан алынған
ұнтақ.
Магнитті паста
- бұл магнитті немесе
люминесцентті магнитті ұнтақты, сұйық негізді және қажет болған
жағдайда суланған коррозияға қарсы
қоспалар.



|

|
Магнитті
суспензия - суланған, антивирустық және
қажет болған жағдайда көбіктенуге қарсы, коагуляциялауға қарсы
дисперсиялық ортадағы (сұйық-суға, керосинге, техникалық майға және
т.б.) магнитті немесе люминесцентті магнитті ұнтақты
суспензия

|
Сурет
7 - а) магнитті ұнтақ; б)
магнитті паста; в) магнитті суспензия.
Ультрадыбыстық
әдіс - машиналар мен жабдықтардың
металл конструкцияларын, құрылыс сараптамасы шеңберінде өткізілген
дәнекерленген түйістердің ақауын сапалы бақылау әдісі. Бұл әдіс 1-2
миллиметрден 6-10 метр тереңдікте орналасқан дәнекерленген және
металл өнімдерінің ақауларын анықтаудың тиімді жолы болып табылады.
Дәнекерленген қосылыстардың сапалы бақылауымен бірге бұл әдіс
пісірілген қосылыстарды ультрадыбыстық диагностикалау бойынша
барлық жұмыстар кешенін орындауға мүмкіндік береді және металл
конструкцияларының құрылыс сараптамасының шығындарын азайтады.
Дәнекерленген қосылыстардың өткір-ток тестілеуі, металл
конструкциялар мен пісірілген қосылыстардың беттерінде
микроағзаларды табуға, иілу нүктелеріндегі металлдың тозу мен
шаршау дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Дәнекерленген
қосылыстарды құйынды ток сынағы дәнекерленген буындардың
капиллярлық бақылауымен салыстырғанда дәлірек нәтижелер береді.
Дәнекерленген қосылысты ультрадыбыстық тексеру арқылы сканерлеу
радиатордың бойлық және көлденең қозғалысы арқылы сәуленің енуінің
тұрақты немесе өзгеретін бұрышымен жүзеге асырылады. Дәнекерленген
қосылыстың ультрадыбысты сынау әдісі техникалық құжаттамада
белгіленеді.
|

|

|

а) б) в)
Сурет 8 - Ультрадыбыстық
әдіспен ақауды анықтау:
а) дәнекерленген қосылыстарды
ультрадыбыстық тексеру;
б) дәнекерленген қосылыстарды
ультрадыбыстық тексеру кезіндегі сканерлеудегі
ақаулар;
в) дәнекерленген қосылыстардың
құйынды ток сынағы, микро жарықшалардың картасын экранға
түсіру.
Құбыр жолдарын жөндеп
болғаннан кейін оларды тығыздықка және беріктікке сынайды. Құбыр
жолдарының барлық тігістері көзбен қарауға мүмкіндік беруі керек.
Пісіру тігістері толық немесе ішінара рентген немесе
гамма-сәулелер, ультрадыбыстың көмегімен бақылауға ұшырайды. Жөндеу
участкісін 1,25-1,5 МПА жұмыс қысым астында сумен сынайды. Сынау
қысымында құбыр жолдарын 5 минут аралығында ұстайды, одан соң
қысымды жұмыс қысымына дейін төмендетіп, қарауға кіріседі. Пісіру
тігістері саңылаусыздандырылған болуы қажет. Егер сынауды қысылған
ауамен жүргізсе, тығыздалуын тігістерге жағылған сабын
түйіршіктерінің пайда болуынан көруге болады. Барлык құбыр жолдарын
сенімді жерлестіреді, яғни электрлі статикалық зарядтарды болдырмау
үшін. Жоспарлы жөңдеуде сонымен қатар тіректері және құбыр жолдарын
ілулері тексеріледі.
IV. Жаңа материалдарды
бекіту, 25-мин:
-
LearningApps программасы
арқылы сөзжұмбақ шешу, LearningApps программасы арқылы «Миллион
кімге бұйырады?» ойыны, LearningApps программасы арқылы жаңа термин
сөздерді табу.



-
CLIL әдісі бойынша жаңа
терминдерді үйрену:
Люменецент -
Luminescent
Калибр -
Caliber
Рентген -
Rentgen
Пневматика -
Pneumatics
Капилляр -
Capillary
Ультрадыбысты –
Ultrasonic
3. Кестені толтыр: Бүгінгі
жаңа тақырып бойынша
|
Білемін
|
Үйрендім
|
Білгім немесе үйренгім
келеді
|
|
|
|
|
V. Студенттердің білімін
бағалау,сабақты қорытындылау
VI. Үй тапсырма беру,
5мин
1.
Шагирова Ж.А., Кабдешова Г.А.,
Блялова М.М., Кагазов Т.К. «Жабдықтарға техникалық қызмет көрсету
және жөндеу» теориялық-оқу
құралынан §3, 37- 46 беттегі жаңа
тақырыпты қайталау;
2. Ақауды анықтау аспаптарының
жұмыс істеу принципі жөнінде видеолар тауып алып
келу