Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ: Ақжарқындық және оптимизм 3 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: 10
Күні: 29.01.2020, 30.01.2020
Мұғалімі: Г.Байназарова
Сыныбы: 3
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Ақкөңілділік туралы
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Бәрін жақсы көру, бауырмалдық, татулық.
Мақсаты: Оқушыларға ақкөңілділік адамның ең ізгі қасиеттерінің бірі екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларға айналасындағы барлық адамдарды жақсы көрудің маңызын ұғындыру. 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды тату болуға тәрбиелеу. |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.bilim-all.kz 2.https://infourok.ru
|
Сабақтың барысы:
1. №19 – сабақ. 3 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №19, «Рақым» мәтінін оқып келу. Сұрақтар: 1. Сағаттың кеудешені ұсыну себебі неде? 2. «Шын жақсыда тарлық жоқ» дегенді қалай түсінесіңдер? 3. Сағаттың іс – әрекетінен қандай үлгі алуға болады |
|
Мейірімділікті анадан үйрен. Халық даналығы Сұрақтар: 1. Мейірімділікті қалай көрсетуге
болады? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? Ана –халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірімен берілген мейірімділігін сақтап қалу өз қолында. |
|
Әділет өлмейді1 Үлкен жерді иеленіп отырған бір бай көршілес шаруаның аз ғана жеріне құмартыпты. «Осыны амалын тауып, алып алсам, мынау алаң түгелдей менікі болар еді- ау», деп ойлайды екен. Сөйтіп, көршісіне жеріңді сат деп қолқа салады. Күнін сол жерден көріп отырған шаруа бұған көнбейді. Жалынып та, қорқытып та көреді, сатпайды. Сосын бай амал іздейді: себеп құрастырып, шаруаны сотқа береді. Сотты паралап, істі өз пайдасына шешкізеді де, шаруаны көп ақшаға борыштар етеді. Жоқтан пайда болған қарызынан құтылу үшін шаруа жерін сатуға мәжбүр болады. Бай оған қарызынан артылдырып, жүз динар береді. Шаруа әділдік іздеп әкімдерге барады, олар әлбетте анда-санда шақырып, көңілдерін көтеретін, қалталарына ақша салып тұратын байдың айтқанын сөйлейді. Содан шаруа шіркеуге барып, жүз динарын береді де «Әділет өлді» деп хабарлап, қоңырау қағуды тапсырады. Қоңыраудың қатты-қатты қағылғанын көріп, жүрт дүрлігіп шіркеуге жетеді, кім өлгенін сұрайды, «Әділет өлді» деген жауап алады. Бұл сөз патшаға да жетеді. Патша шіркеу қызметшілерін шақырып, бүндай сөзді айтуға кім өтініш жасағанын тексеріп, шаруаны алдырады. Шаруа болған жағдайды айтып береді, патша өз елінде әділеттің жоқтығына намыстанып, байдан шаруаның жерін қайтарып алып береді, сот пен әкімдерді жазаға тартады.
|
|
Тапсырма: Суреттерге қараңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер. Суре бойынша әңгіме құрастырыңдар. Сұрақтар: 1. Аулада балалар не істеп жүр? 2. Кішкентай қыз неге жылап қалды? 3. Оның қасына кім жақындап келді? 4. Қыз неліктен жылағанын қойды? 5. Баланың іс – әрекетінен нені көруге болады? |
|
«Дос болайық бәріміз» Сөзін жазған:Х.Талғаров Әнін жазған:И.Нүсіпбаев Әрқашан дос, біргеміз, Ажырамас іргеміз, Ілгері жүріңдер, Достық жырын біліңдер, Ту ғып ұстап бірлікті Еңбекті сүйіңдер! Қайырмасы: Дос болайық бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз
|
|
7. Үйге тапсырма 1. №19 – сабақ. 6 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №20, «Мейірбан» мәтінін оқып келу. |
|
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|
1Мырзакелді Кемел Өзіме сабақ. Астана: Нұра-Астана, 2011. – 384 бет - 322б.