жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Ақпараттың өлшем бірліктері"
«Бекітемін»_____________
-
Күні: 29. 11. 2017ж. Сынып: 5 « ». Пәні: Информатика
Мектеп: «№2 Ақсуат орта мектебі»
Мұғалімнің аты-жөні: Молдабекова Айгүл Рысбекқызы
Қатысқандар саны: 12 Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Ақпараттың өлшем бірліктері
Оқу мақсаты (оқу бағдарла масына сілтеме)
Ақпараттың өлшем бірліктеріне қатысты кило, мега, гига және
тера префикстерін анықтау және қолдану.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: ақпараттың өлшем бірліктерімен,олардың көлемімен танысады.Үйренгендерін қолданып практикалық және теориялық түрде берілген тапсырмаларды орындайды;
Оқушылардың басым бөлігі: талдайды, ақпаратты сақтау құралдарының өлшемдері туралы біледі. Ақпаратты жеткізу жылдамдығын түсінеді;
Кейбір оқушылар: Ақпараттың өлшем бірлігіне берілген түрлі тапсырмаларды қатесіз орындайды.
Бағалау
критерийлері
- ақпараттың өлшем бірліктерін біледі;
- «Байт» пен «Бит»мағынасын түсінеді;
- бір өлшем бірліктен екінші өлшем бірлікке аударады.
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика мен терминология:
бит, байт, килобайт,мегабайт, гигабайт,терабайт
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер
Ақпараттың өлшемін әр түрлі бірліктерде жазады.
Құндылықтарды дарыту
Жауапкершілігі мол, өз ұстанымы бар тұлға қалыптастыру
Пәнаралық байланыстар
Математика
АКТ қолдану дағдылары
Презентация , Bilimland сайты
Бастапқы білім
Ақпарат,ақпараттың түрлері, ақпараттың қасиеттері,ақпараттық үдерістер
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
(5 минут)
Сабақтың ортасы
27 минут
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Сынып оқушыларын ортаға шақырып,шеңбер бойымен тұрғызу,әр кім өз есімдеріңізге сын есім қосып айтасыздар.
Мен ақкөңіл Айгүлмін
3. Сыныпты ІІ топқа бөлемін
өз араларынан көшбасшы деп есептеген оқушыны ұсынуды сұраймын,таңдаулары бойынша әр көшбасшының артына тұру керек екенін айтамын
4.Өткен тақырыпқа шолу. «Біздің айналамыздағы ақпарат»
5. Жаңа тақырыпты анықтау үшін интерактивті тақтада
« Метр, минут, бит, градус, байт, км» сөздері жазылған.
Оқушылар өздеріне таныс емес терминдерді айтады.Осы таныс емес ұғымдар туралы білгілерің келе ме?
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз: «Ақпараттың өлшем бірліктері» дәптерлеріңе жазыңыздар.
6.Оқулықтағы «Көпір тапсырмаларында» берілген сұрақтарға әр топ жауап береді. «Бағдаршам»әдісі бойынша бағалайтынын ескертемін.
Оқулықпен жұмыс. Оқулықтан «Ақпараттың өлшем бірліктері» тақырыбын әр оқушыға мұқият оқу керектігін ескертемін. Мәтінді 5 минут оқиды. Оқып болған соң әр оқушы 1 сұрақтан дайындайды.
«Менің сөзім»стратегиясы бойынша өзім бір сұрақты тақтаға жазып бір оқушыны тұрғызып жауап беруін сұраймын. Оқушы жауап береді, өзі дайындаған сұрағын таңдаған бір оқушыға қояды,осы әректті бірнеше рет жалғастырады.Жаңа ұғымдар бойынша мысалдар келтіреді.Бір -біріне қойған сұрақтары мен жауаптарына қарай топ бірін -бірі бағалайды
«Басбармақ»әдісі бойынша бағалайтынын ескертемін.
7.Мұғалім ақпараттың өлшем бірліктерінің арақатынастарын көрсетеді.
1 байт (Б) = 8 бит (б)
1 Килобайт (КБ) = 1 024 Б
1 Мегабайт (МБ) = 1 024 КБ
1 Гигабайт (ГБ) = 1 024 МБ
1 Терабайт (ТБ) = 1 024 ГБ
Грек тілінен аударғанда сөздің алдындағы қосымшаның мәні:
Кило-мың,Мега-үлкен,Гига-алып,Тера-айдаһар
8. Практикалық тапсырмалар
3 –тапсырма. Ақпарат тасымалдаушы құрылғылардың өлшемдерін
және мүмкіндіктерін салыстырып,сипаттаңдар.
4 тапсырма. Кестедегі мәліметтерді сәйкестендіріңдер
Сергіту сәті «Сөз тізбегі»
Презентация
Презентация
Оқулық
презентация
Сілтеме бойынша видео – файл қарау:
http://bilimland.kz/kk/content/structure/1947-informatika_kk#lesson=16305
оқулық
Сабақтың соңы
6 минут
2 минут
-
Қалыптастырушы бағалау.
Тапсырма
Ақпаратты өлшем бірліктеріне аударыңыз.
8 бит
____байт
24 ГБ
_____КБ
16 байт
____бит
3 ТБ
_____ГБ
1024 МБ
____байт
16200 байт
_____КБ
Рефлексия «Алма ағашы» әдісі
Сары түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын, менің көңіл – күйім көтеріңкі.
Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
Үйге тапсырма беру. §10. Ақпаратың өлшем бірліктері.
5 тапсырма
ҚБ жазылған
А4 парақтары
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар беріледі. Тапсырмалар жеңілден бастап күрделеніп отырады. Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты және нақты көмек көрсетіледі. Сыныптың қабылдау деңгейі ескеріледі.
Оқушылар «Бас бармақ», «Бағдаршам» арқылы топтық бағалау, смайликтермен өзара бағалау, және «Алма ағашы» кері байланысы жүргізіледі.
Денсаулық сақтау педагогикасын, СЭС талаптарын сақтау. Топқа бөлінген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертіледі
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсатына сәйкес алынған сабақ мақсаты қолжетімді болады деп ойлаймын. Сабақтың кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаланып, жоспарланған сабағымның нәтижесін жақсы жағынан көре аламын деп отырмын. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, оқуға деген ынтасы, ойлау қабілеттері де дамиды. Сабақта саралау дұрыс жүргізілу үшін тапсырмалар алынды. Нәтижеге жету мақсатында қолданылатын белсенді оқу әдістері оқушыны алға ілгерілендіреді және сабақ жоспары ауытқулары болмайды деп ойлаймын.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1.
2.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
-

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген