|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Сәлеметсіздер ме,
балалар! Балалар, қараңдаршы біздерге бүгін қонақтар келіпті.Қане,
бәріміз шеңберге тұрып, қонақтармен
амандасайық…
Шаттық
шеңбері:
Жарқын, жарқын
үніміз,
Болашақтың
күніміз
Балалық шақ
үйінің
Жайнап тұрған
гүліміз.
Сәлеметсіздер ме,
қонақтар!
Хош келдіңіз
бәріңіз!
Жарайсыңдар балалар
орындарыңа отыра қойыңдар!
-Балалар қазір
жылдың қай мезгілі?
-Ауа райы
қалай?
Ендеше бүгін біздің оқу
іс-әрекетімізде «Аққала»тақырыбы.Бүгін біз аққаланың суретін
салып,ойын ойнатын боламыз.кане балалар сабаққа белсене
атысамыз.
|
Балалар
амандасады!
Шаттық шеңберін
жасайды
-Қыс
-Салқын
|
|
Ұйымдасиһтырушылық-ізденістік
|
Балалар, мен
сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, шешесіңдер
ме? Жұмбақ: Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші сен оны
(Аққала)
Дұрыс, жарайсыңдар,
балалар! Балалар, мына суреттерге қараңдаршы, бұл суретте не
бейнеленген?
Дұрыс! Аққаланың
түсі қандай екен?
Аққала қандай
геометриялық пішіндерден құралған
екен?
Дұрыс! Ал, аққаланы
неден жасаймыз? Жылдың қай мезгілінде жасаймыз? Жарайсыңдар,
балалар! Сендер аққала туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. Бүгін
біз сурет сабағында аққаланың суретін саламыз. Бірақ күндегідей
қарындаштармен емес, жаңа тәсілмен саламыз. Ол үшін мен сендерге
қағаз беремін, бәріміз бірге осы қағаздарды алақанымызға салып
умаждайық. Мен сендерге аққала салынған беттерді таратып беремін,
ал сендер осы умаждалған қағаздарды бояуға малып, аққаланы
бояйсыңдар.
Балалар, шаршадыңдар
ма? Олай болса сергіту жаттығуын
жасайық!
Жарайсыңдар,
балалар! Енді орындарыңа отырыңдар, бояған суреттеріңді көрейік.
Кімнің суреті ең әдемі болды
екен?
Жарайсыңдар,
балалар, суреттерің әдемі екен! Балалар, мен сендерге ойын ойнатқым
келіп тұр. Ойынның аты «Орнын тап!» Мен сендерге аққаланың бейнесі
салынған карточкалар таратып беремін, бұл карточкаларда аққаланың
дене мүшелері алмасып кеткен. Сендер осы мүшелерді орындарына
дұрыстап орналастырыңдар.
Жаксы, балалар! Ойын
сендерге ұнады ма?
|
-Иә,
шешеміз!
-Аққала
бейнеленген.
-Ақ
-Дөңгелектерден!
-Қардан.қыста
Балалар тапсырманы
орындауға кіріседі
Балалар суреттерін
көрсетеді, тәрбиеші жұмыстарын бір – біне көрсетіп, балаларды
мадақтайды
Балалар ойынға
қызығушылық танытып, ойнайды
иа
|
|
Рефлексиялық
-түзетушілік
|
Балалар, біз бүгін
ненің суретін салдық?
-Аққаланы біз жылдың
қай мезгілінде жасаймыз?
- Аққаланың түсі қандай болады екен? --Денесі қандай геометриялық
пішіндерден құралған?
- Аққаланы біз неден
жасаймыз?
-Біз бүгін аққаланы
қалай боядық? Сендерге ұнады
ма?
Жарайсыңдар,
балалар! Осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды. Келген
қонақтармен қоштасайық. Сау
болыңыздар!
|
Балалар сұраққа жауап
береді
|