Ашық сабақ "Аққала"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Аққала"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөліміндегі студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Тобы: «Балдәурен»ортаңғы тобы

Күні: 06.02.2015ж

Білім беру саласы:«Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттің бөлімі:«Сурет салу»

Тақырыбы:«Аққала»

Мақсаты: Сурет салудың В. И.Силивон әдісі арқылы балалардың бейнелеу іс- әрекетіне қызығушылығын арттыру. Балалардың табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеті мен қиялын дамыту, іс- әрекет мәдениетіне тәрбиелеу, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдер: тәрбиешінің әңгімесі,В. И.Силивон әдісі, көрсету,түсіндіру,құрастыру,

сұрақ-жауап, ойын әрекеті.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Қысқы көріністен әңгіме.

Қажетті көрнекі құралдар:суреттер,слайд,картоп,гуащь,мақталы таяқша,тіс щеткасы,үлгі, аққаланы құрастыруға арналған бөліктерге бөлінген жүн макет,

Биллингвальді компонент: Аққала-снеговик, қыс-зима.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Себепті қызығушылығын ояту кезеңі









Шаттық шеңбері:

Балалар айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі,жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Бүгін ерекше күн,бізге қонақтар келіп отыр екен. Ендеше қол ұстасып,бір-бірімізге,келген қонақтарға жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік.

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары .

Күліп өмір сүрейік!

Кел, балалар, күлейік.

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген некерек.

Көңілді боп жүрейік!

Слайд шоу

-Балалар дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Ал балалар

бәріміз теледидарға қарайықшы.

-Қандай жыл мезгілін көріп отырсыңдар?

-Енді қыс айларын атайықшы?

- Қысқы ауа-райының белгілерін білеміз бе?

-Қыс мезгілінің ерекшелігін айтайық. Аязды болады.

Адамдар жылы киінеді.

- Балалар айналаның бәрі қандай?

- Қардың түсі қандай? Ауа қандай?

- Дұрыс айтасыңдар, міне қазір қыстың нағыз қақ ортасы. Бұл мезгілді «Сықырлауық» қыс деп атайды. Далада жүргенде қардың үсті сықырлайды екен. Тыңдасаңдар сықырлаған дауыс естіліп тұрады.

- Қане, қайталап жіберейік, қандай қыс?

- Біз қыстан, аяздан қорықпаймыз, жылы киініп, далада ойнаймыз. Сендер қыста далада ойнайтын қандай ойындарды білесіңдер?

Ал бұдан да басқа қыста – шаңғы, коньки, хоккей ойындары бар екен.

-Енді балалар бәріміз көзімізді жұмып,өзімізді орманда жүргендей елестетейік.

-Орман қандай түске енген? Жерде не жатыр?

-Ағаштардың басын не жапқан?

-Жарайсыңдар, балалар енді көзімізді ашайық.


Балалар тәрбишімен бірге қимылмен көрсетіп, қайталайды.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!

Кел, балалар, күлейік.

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген некерек.

Көңілді боп жүрейік!




Слайд көрсету

-Қыс мезгілін көріп отырмыз.

-Желтоқсан, қаңтар, ақпан

-Қар жауады,күн суық болады. Аяз болады. Адамдар жылы киінеді.

Айнала аппақ.

Қардың түсі ақ.Ауа таза.


-«Сықырлауық» қыс.

Балалар қысқы ойындарды айтады.

Балалар тәрбиешінің айтқанымен көздерін жұмады.


-Орман аппақ түске енген.

-Жерде қар жатыр.

-Ағаштарды қар жапқан.









Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі













































Таңғажайып сәт:

-Балалар, тыңдайықшы, бір дыбыс шығатын секілді,ненің дыбысы екен қарайықшы.

-Құстың дауысы ғой,бізге бір торғай ұшып келіп отыр екен.Қандай торғай?Балалар суық торғай жылы жаққа ұшып кетеме? Аузында тістеген хат бар екен, алып оқиық. Балалар, хатта не жазылған екенін, кімнен екенін оқып көрейік.

«Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендерге хат жолдап отырған Аққала. Балалар, сендерден көмек сұраймын. Мен шаңғы теуіп, таудан түсіп келе жатқанда құлап, денем бөлшектеніп қалды.Денемді құрастырып, біріктіріп беріңдерші.

Экранға қарасаңдар бәрін түсінесіңдер. Сәлеммен Аққала.»

- Балалар, Аққалаға көмектесеміз бе?

- Экранға қарап, пішіндерден аққаланы құрастырамыз: үлкен дөңгелектен--аяғын, орташа дөңгелектен--денесін, кіші дөңгелектен--басын құрастырамыз. Аққаланың құрастыру жолдарын көрсету,түсіндіру.

(Слайд арқылы түсіндіру)

Биллингвальді компонент: Аққала-снеговик, қыс-зима.

Балалар ортаға шеңбер жасап тұрайық.Тақтаға назар аударып,музыка ырғағымен бойымызды сергітіп дем алайық.Қонақтарда бізбен бірге бойларын сергітетін болар.

Слайдты анимация арқылы сергіту сәті қимылмен жасау: «Аққала»

Дидактикалық ойын«Аққала құрастыру»

-Балалар аққаланы қалай құрастыруды түсінсеңдер, екі топқа бөлініп,мына алдарыңдағы бөліктерге бөлінген аққаланы құрастырып ойын ойнайық. Әрі Аққалаға көмектесеміз, әрі ойын ойнаймыз.

-Жарайсыңдар балалар, аққаланы өте жақсы құрастырдыңдар.

(Сурет салу барысын түсіндіріп, балаларға көмектесу)

- Енді , балалар, мына қағаз бетіне аққала бөлшектері-

нің суретін салайық.

-Балалар, мынау не? Картоп –көкеніс, тағам. Оны пісіріп жейміз. Біз бүгін осы картоппен аққаланың суретін бояймыз.

1.Аққаланың аяғы үлкен дөңгелек. Ендеше үлкен картопты алып, бояуға батырып, қағазға басамыз.

2. Денесі орташа дөңгелек. Орташа картопты алып, бояуға батырып, қағазға бастырамыз.

3. Басы кішкене дөңгелек. Ең кіші картопты алып, басын келтіреміз.

Саусақпен жаттығу:

Мынау тұрған аққала.

Айнымаған ақ бала.

Мұрны ұзын сорайған.

Көзі көмір қап-қара

4.Басындағы шелекті мақталы таяқшамен саламыз.

5. Мақталы таяқшаны алып аққаланың көзін,ілгектерін саламыз.

6.Мақталы таяқшамен аузын, мұрнын, қолын салып бояймыз.

- Қыста біз қар жауады дедік. Енді тіс щеткасын бояуға батырып, тарақпен оны бояу арқылы шашыратамыз. Бұл арқылы біз қар жауып тұрғанын көрсетеміз.



Балалар таңданып,мәз болады.

-Бұл суық торғайғойЖоқ ол біздің жақта қыстап қалады..

-Көрейікші.



Балалар Аққаланың жазған хатын мұқият тыңдайды.


-Ия, біз аққалаға көмектесеміз.

Балалар экранда Аққала-

ның бірнеше кезеңдер арқылы құрастыруға болатынын көрді.


Аққала-снеговик,

қыс-зима.


Слайд арқылы тәрбиешімен сергіту сәтін жасайды.


Балалар бөліктерге бөлінген аққаланы құрастырады.





- Ол – картоп.


Балалардың еңбектенуі.









Балалар саусақтарына жатттығулар жасайды.

Мынау тұрған аққала.

Айнымаған ақ бала.

Мұрны ұзын сорайған.

Көзі көмір қап-қара.


Балалар мақталы таяқшаны алып, ақаланы ауызын, көзін, қолын т.б. бояйды.

Балалар тіс щеткасымен тарақты бояп қағаз бетіне шашыратады.


Іс-әрекеттің бағалау

кезеңі


















- Балалар сурет салып болсақ орнымыздан тұрып ортаға

шеңберге жиналайық .

-Гуілдеп боранның соққан дыбысы естіледі.

-Балалар бұл кім болды екен?Мен есікті ашып көрейін. Бізге аққала ормандағы аңдардан мына сыйлықтарды беріп жіберіпті. Қане бәріміз аққаланың сыйлықтарын қабыл алайық.


-Балалар қандай жыл мезгілімен таныстық?

-Балалар бүгін бізге қонаққа не келді?

-Балалар біз бүгін қандай тапсырмалар орындадық?

-Аққала қандай пішіндерден тұрады екен?

-Аққала неше бөліктен тұрады?

-Аққаланың суретін немен салдық?

-Тағы қандай ойындар бар?

-Қыс мезгілінді неше ай бар?

-Өте керемет!

-Балалар барлығыңызда бүгінгі оқу іс- әрекетіне өте жақсы қатыстыңыздар.Балалар келген қонақтармен қоштасайық.




Аққаланың тиіннан беріп жіперген сыйлықтарды алады.




-Қыс мезгілімен.

-торғай келді.

-Аққаланың суретін салдық,денелерін құрастырдық.

-аққала дөңгелек пішіннен тұрады.

-үш бөліктен

-картоппен бастырдық,

мұрын,көз,аузын ,ілгектерін мақталы таяқшамен салдық,қарды тіс щеткасымен бейнеледік.

-Шана,конки, қар лақтыру ойыны бар.Үш ай бар.

Төрт жыл мезгілдері бар.




Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Балалар В.И. Силивон әдісі арқылы аққаланың жасау жолдарын бейнелей біледі.

Қандай түсініктерді меңгерді: Бейнелеу барысында картоптың, тіс щеткасының көмегімен жұмыс істеуге болатынын меңгерді..

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Еңбектену барысында достыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа дағдыланды.

МдҰ әдіскері: Куспанова.Р.Х.

Тәрбиеші: Құбаева.З.Л.















«Бәйтерек» МдҰ МКҚК





Ашық ұйымдастырылған оқу іс әрекеті.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: «Сурет салу»

Тақырыбы:«Аққала»

«Балдәурен » ортаңғы тобы







Тәрбиеші:Құбаева.З.Л



2015 жыл


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
633
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі