400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ақсақ киік" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлеңді қатесіз, мәнерлеп жүргізіп оқи алу. Өлеңде айтылған ойды анықтап, мәнін аша алу. Түсінікті жүйелі айта алу. Киік туралы мағлұмат білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу Тексерілді:-

__________ К.Қалбырова.



Тақырыбы: Ақсақ киік

Мектеп: Мыңбұлақ ЖОМ

Күні:

Пән мұғалімі: Г.Кеңесбекқызы

Сыныбы: 3

Барлық оқушы: - 9

Қатыспағаны: - 0

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

Өлеңді қатесіз, мәнерлеп жүргізіп оқи алу. Өлеңде айтылған ойды анықтап, мәнін аша алу. Түсінікті жүйелі айта алу. Киік туралы мағлұмат білу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Өлеңді қатесіз, жүргізіп оқи алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Өлеңде айтылған ойды түсініп, әңгімелей алады.

Кейбір оқушылар:

Киіктің сұлулығын өлеңге сүйеніп әңгімелей алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Дамыл. Сандалып. Сахара.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Дамыл – тоқтатпай

Сандалып – қаңғып, адасып

Сахара – даланың атауы.

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Ақын: Көздері мөлдіреген ақ бөкенді

Адамның баласынан неге кем кермедім дейді?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Ақпөкен - ақбөкен

Алдыңғы оқу

Сәкен Сейфуллин туралы біледі. Бөкеннің қызыл кітапқа енген жануар екенін біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Ынтымақтастық атмосферасын орнату. «Күн түсті» жаттығу арқылы оқушыларды топқа біріктіремін. Оқушыларды топқа біріктіріп болғаннан кейін, бүгінгі сабақты жақсы меңгеру үшін өз алдарына мақсат қойғызамын. Үй тапсырмасын сұраймын.

1. С.Мұханов туралы әңгімеле.

2. Көкшетау туралы деректер.

3. Ордасын Көкшетауға тіккен хан туралы.

Ой қозғау: Тақтадан Сәкен Сейфуллиннің суретін көрсетемін. Тақтадағы кімнің суреті екенін сұраймын. Ол туралы қандай деректер білетіндерін сұраймын. Қосымша өзім де автор туралы мағлұмат беремін және бүгін осы Сәкен ағамыздың «Ақсақ киік» атты өлеңін өтетінімізді хабарлаймын.






Интербелсенді тақта


Ортасы

Жаңа сабақ: Бұл тақырыпты сендерге үйде танысып келіңдер деп тапсырған болатынмын.

Үйде танысып келдіңдер ме осы тақырыппен?

- Олай болса, қазір мен сендерге осы өлеңді бөліктерге бөліп беремін. Үш топқа өлеңді екі топтан бөліп беремін. Әр топ өздеріне берілген өлең топтарын мәнерлеп оқып, мағынасын ашып береді.

1- бөліктің сұрағы: «Өлеңнен киіктің сұлулығын бейнелейтін жолдарды тауып оқы».

2- бөліктің сұрағы: «Өлеңнен оқ тиген киіктің халін суреттеген тұстарды тауып оқы».

3-бөліктің сұрағы: «Киікті атқан адамға деген өз көзқарасыңды білдір».

Сергіту сәті: Әлмырза Ноғайбаевтың орындауындағы «Ақсақ киік» әнін үнтаспадан тыңдатамын.

Постермен топтық жұмыс жасатамын. (сурет салады)

Үш топқа бір-бір тапсырма беремін.

1-топқа өздеріне берілген өлеңнің тобына иллюстрация жасау.

2-топқа өздеріне берілген өлеңнің тобына иллюстрация жасау.

3-топқа өздеріне берілген өлеңнің тобына иллюстрация жасау.

Постерді тақтаға іліп, әр топтан бір мүшеден шығып үлкен топтың алдында қорғайды. Екі топ бір-бірінің жұмыстарын бағалап, кері байланыс береді.














Интербелсенді тақта












Постер

Маркер

Аяқталуы

«Крестиктер-нөлдіктер» әдісі арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын. Тақтадан кесте көрсетемін. Онда бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақтар беріледі.

1. 1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.

2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.

3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа крестик қояды.

4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.

Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқы. Қазақ халқының табиғатты қорғау туралы тыйым сөздерін жинастырып, дәптерге жазу.

Бағалау: Әр оқушығы жеке-жеке бағалау критерийін беріп, бағалаймын. Кері байланыс аламын.












Стикер

Қосымша ақпарат: Интернет көздерінен С.Сейфуллин туралы деректер алып таныстырамын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
774
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі