Ашық сабақ: Ақтөбе-асыл мекен 11 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Ақтөбе-асыл мекен 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: "Ақтөбе-асыл мекен" тақырыбындағы 11 сыныпқа арналған ашық сабақ. "Жас экскурсовод" үйірмесі, өлкетану бағыты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе қаласының жас туристер стансасы

Қосымша білім беру педагогы Бекбергенова Алёна Исламовна


Тақырыбы: «Ақтөбе – асыл мекен!»


Мақсаты:

1.Білімділігі: оқушылардың Ақтөбе қаласының тарихы туралы білімдерін кеңейту.

2.Тәрбиелігі: оқушыларға өз туған қаласын қорғауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дамыту.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Көрнекілігі: альбом, карта, жұлдызша,

Күй. «Ақтөбе» туралы өлең оқылады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу, алдымен өзің туған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады»


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Қайырлы күн, жас достар

Күн басталды әдемі

Бүгін міне ашылмақ

Ақтөбенің әлемі

Психологиялық дайындық тренингі

Жігер деген –Мен

Сенім деген-Мен

Күш деген-Мен

Сезім деген –Мен

Жастық шақ деген-Мен

Денсаулық деген-Мен

Ақыл деген-Мен

Дарын деген-Мен

Бар ғажайып деген-Мен

Бар байлық деген- Мен!

Бәрі маған байланысты,

Бәрі менің қолымда!

Олай болса бүгінгі сайыс сабағына дайынбыз ба?

Әрқашанда дайынбыз деген ұранмен

Бүгінгі сайысымызды бастаймыз!

Бүгінгі сайысымызға 2 команда қатысқалы отыр.

Талпынған әр шыңдарға жас ұландар,

Ақ орда аспанында ән қалықтар

Күтіп тұр арман қуған ұландарды

Ән-жырмен ойға толы сын сағаттар.

Білім қуып білгіштер өтер деймін

Бір басына өнері жетер деймін

Бәске түскен тапқырлар кезектесіп

Таныстырып өздерін өтер деймін.

Топтардың аттары: Атамекен, Саяхат-Ақтөбе

Ұстанымдары және ұрандары, төсбелгісі, кюветка, жалынды сөздер.


Кең байтақ Ақтөбе өлкесі біздің туған жеріміз, оның асқар қырлары мен айдын көлдері, жасыл жайлауы – біздің ақ бесігіміз, кіші Отанымыз.

Отаным – менің өзегім,

Қыранда шарлап, кеземін

Білу керек әр ұрпақ,

Бес саусақтай өз елін –дей отырып бірінші туған жер туралы сұрақтар қойылады.

І кезең: «Біздің қаламыздың тарихы» Тарихи айналым.

1.Ақтөбе қаласы қай жылы құрылды?

2.Қай өзеннің бойында?

3.Ақтөбе облысы қай жылы құрылды?

4.Ақтөбе қаласының елтаңбасының авторы кім?

5.Елтаңбада не бейнеленген?

6.Ақтөбе облысының әкімі кім?

7.Ақтөбе облысында неше аудан бар?

8.Ақтөбе қаласы жер көлемі бойынша нешінші орында?

9.Ақтөбе өлкесінің алып жатқан аумағы қанша?

Жарайсыздар, балалар!

ІІ кезең: «Тарих беттерінен»

Біз жас ұлан – Отан ана өркені,

Үміт артқан болашағы, ертеңі

Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,

Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.

Тұлғаларды суреттеу бойынша табу.

Әбілқайыр хан, Әйтеке би, Мөңке би, Т.Ахтанов.

ІІІ кезең: «Ой шеңбері»

Мәдени орталықтарды тауып, тарихы туралы айту. (Планетарий, Облыстық тарихи-өлкетану музейі, Филармония, Облыстық драма театры )

ІҮ кезең: Ескерткіш – ел тарихы

Нысандар /макеттер/ мағлұмат беру, суреттеу. «Нұр ғасыр», Әлия мемориалдық кешені, Н.Байғанин ескерткіші, «Алақай» қуыршақ театры,

Ү кезең: «Ата баба – асыл қазына»

Қыз қуу ойыны. (сәукеле, тақия, қамшы) Ер бала тарихи обьектілерді жазады, қыз бала не екенін жалғастырады.

Қазақ халқы ежелден сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, ауызынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздерімен зерделеп келе жатқан халық.

ҮІ Кім шапшаң. Адасқан әріптер

Көше, қала, елек, отан,театр, музей,

ҮІІ кезең: Тіл өнері. Полиглот.

1) ... – елдің анасы,

Ел- ердің анасы

Жауабы: Отан- родина-native land

2)Отанды сүю... басталады

Жауабы:отбасы- семья- family

3) Әркімнің өз жері- ...

Жауабы:жұмақ- рай- paradise

4)Өз елінде көртышқан да ...

Жауабы:батыр- герой- hero

ҮІІІ кезең. Қорытынды. Осы әдемі шумақпен бүгінгі жарысымыздың бағасын берейік. Марапаттау кезеңі.

Әрқашанда сыналған шақта сүрінбей, Жеңістен жеңіске жете берулеріңізге шын жүректен тілектеспін.

Қыран құсым көк аспанда самғасын,

Желбіресін көк байрағың сан ғасыр.

Жас ұландар берік ұста туыңды,

Жарқыратып туған елдің таңбасын

Хор: Оқушылар көк туларын желбіретіп, «Жас саяхатшылар жыры» әнін орындайды.



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2022
484
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі