400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Ашық сабақ А.Құнанбаев қара сөздерінің тәрбиелік мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
материал оқытушыларға, білім алушыларға сабақ жоспарлауға көмегін тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу орны: 1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі

Оқытушы: Мышан Жұлдыз Бақытбекқызы

Топ: 21ш

Білім алушылар саны: 25

Тақырыбы: А.Құнанбаев қара сөздерінің тәрбиелік мәні

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттері: Жауапкершілік, сүйіспеншілік, парыз бен ризашылық, дұрыс ой, дұрыс сөз

Сабақ типі: Аралас сабақ

Қолданылатын әдістер: түсіндіру, әңгімелеу, «синквейн әдісі» «инсерт әдісі», «Фишбоун» әдісі (Жапондық профессор Исикава бойынша) сұрақ-жауап, пікірталас

Көрнекіліктер: тақырыпқа сай презентация, плакат, оқулық А.Құнанбаевтың қара сөздер, түрлі түсті қағаздар, карточка, оқу құралдары


Сабақ мақсаты: Білім алушылардың өмірлік айқындамасын анықтауы, түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаға сай шешуге, өзіне адамдарға және қоршаған әлемге қиянат жасамауға үйрету.

Міндеті:

- өзін танып білу, өзінің өміріндегі орнын түсіну, өзіне және басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту:

- күнделікті өмірде нақты мәселелерді адал шешу және қиянатқа қарсы белсенділік таныту.

Ресурстар: (құралдары, деректері,

мәліметтері)

слайд, Абай Құнанбаевтың портреті, оқулық, сазды әуен,

оқу құралдары

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Білім алушылармен сәлемдесу,топты түгендеу.

«5Т» ережесі бойынша ынта-зейіндерін сабаққа аудару.

Тәртіп болса, талап болады, онда өзінде тыныштық болады, тыныштық болса тазалық болады, тазалық болған жерде татулық болады.

Топқа болу

Білім алушыларға үш түсті фигуралар беріледі. Білімалушылар таңдаған фигурасының түстеріне қарай бір топ болып бірігеді.

Shape3 Shape2 Shape1





Тыныштық сәтi. Нұрға бөлеу.

Жәймен көзіңді жұмып мені тыңдаңыздар. Тамаша таңертеңгі ашық күнді елестетіңіз. Сіз тынық та ерекше көлдің жағасындасыз. Тек қана сіздің тыныс алғаныңызбен судың сылдыры ғана естіледі.  Күн жарқырап нұрын төккен сайын сіз өзіңізді жақсы сезінесіз. Құстардың сайрағанымен  шегірткенің шырылын естисіз. Сіз салмақтысыз. Ауа таза және мөлдір, сіз барлық денеңізбен күн жылуын сезінесіз, сіз осы тыныш таңертеңгі мезгіл сияқты бірқалыпты және қозғалыссыз тұрсыз. Сіз өзіңізді бақытты сезінесіз.Барлық  дене мүшелеріңіз тыныштыққа және күн нұрына бөленуде. Сіз жақсы дем алудасыз. Енді жайлап көзімізді ашамыз. Біз тынығып, көңіл-күйіміз жақсарады, сергекпіз жағымды сезімдер күні бойы бізбен бірге болады.

  • Тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңыздар? (білім алушылардың ойларымен бөлісу)

2. Үй тапсырмасын тексеру («Фишбоун» әдісі арқылы )

1- топ. А. Құнанбаев «Мен» және «менікі» түсініктерін ажырата білу туралы өлеңдері.
2-топ. А. Құнанбаевтың алтыншы, он төртінші және жиырма тоғызыншы, қара сөзінің мазмұнымен танысып, талдау жасау.

3-топ. А. Құнанбаев шығармаларын басқа ғалымдардың шығармаларымен салыстыру, байланыстыру

Сабақ барысын талдау


Слайд 1



















Слайд 2











Слайд 3

3. Дәйексөз.

«Ең қуаттылардың қаруы - қиянат жасамау»

Махатма Ганди

Жүрегі таза адам ешқашан ешкімге қиянат жасамайды

Шәкәрім Құдайбердіұлы

- Дәйексөзді қалай түсінесіздер? Неліктен?

Дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.

Слайд 4

4. Жаңа сабақ.

Жоспар:

1. А. Құнанбаев қара сөздеріндегі даналылық.

2. А. Құнанбаев шығармаларындағы тылсым дүниенің мәңгілік құпиялары

3.Абайдың жанның мәңгілігі мен тәннің баянсыздығы туралы ойлары


Слайд

  1. Топтық жұмыс

1-тапсырма.

1-топ. А. Құнанбаевтың 17 қара сөзін талқылау.

2-топ. А. Құнанбаевтың 22 қара сөзін талдау

3-топ. А.Құнанбаевтың 36 қара сөзін талдау

2-тапсырма.

Тірек сөздер: Ниет,тағдыр,бақыт, сәттілік, пиғыл,өмір,аялау,ойлану, ой, пейіл.

1-топ.Жоғарыдағы тірек сөздерді пайдаланып шағын әңгіме құрастырыңыз.

2-топ. 1.Ниет.

2.Әділетті, адал

3.Ойланады, құрметтейді, бағалайды

4.Сәттілік

5.Адамзат

Осы берілген тірек сөздерді пайдаланып синквейн әдісі арқылы шағын өлең шумақтарын құрастырыңыздар.

3-топ. Жоғарыдағы тірек сөздерді пайдаланып 10 мақал-мәтелдер құрастырыңыздар

3-тапсырма.

Тақтаға 3 түрлі сурет (адам, ағаш, гүл) ілінеді. Әр топ өздеріне ұнаған 1 суретті таңдайды. Әр топ таңдап алынған сурет бойынша жұмыс жасайды.

1.«Адам» бейнесін таңдап алған топ, стикерлерге 3тілде Абай Құнанбаевтың адам бойында болы керек деген қасиеттерінжапсыру арқылы «Толық адам» бейнесін жасайды.

2. «Ағаш» бейнесін таңдап алған топ, стикерлерге адам бойындаға жою керек жағымсыз қасиеттерді стикерлерге 3 тілде жазып, ағаштын бұтақтарына жапсыру арқылы «Жемісті ағаш» шығарады.

3. «Гүл» бейнесін таңдап алған топ, гүлдің сабақтарына адам жанын жадыратып, ішкі және сыртқы жан дүниесін әдемі ететін іс-әрекеттерді не қасиеттерді « Хош иісті гүл» бейнесін жасайды.

Слайд

6.Топпен ән айту

Ата – ана парызы             1

Жастық шағың жайнап өскен,

Ата – ананың арқасы.

Ата – анаға қамқор болар,

Ұл – қызының баршасы.

Біз сіздерге қарыздармыз,

Бізге аппақ пейілің.

Өздеріңдей жан бере алмас,

Сәбиіне мейірім,

Қайырмасы:

Тіршіліктің бесігінде,

Атсын арай, таңдарың.

Қыз ұзатып, келін алу,

Ата – ананың арманы.

Қыз ұзатып, келін алу,

Ата – ананың арманы.

Тал шыбықтай қызың өссін,

Жібек мінез есіліп.

Ұлың болсын ел қорғаны,

Мерейіңді өсіріп.

Аттарыңа кір келтірмеу,

Перзенттік парызым.

Үш арқалап Мекке ассам да,

Өтелмейді қарызым.

Топпен ән айту.

Ата – ана парызы   

 әні:Әбдіғапар Темірханов, сөзі: Салауат Исақаев        


7. Бағалау.

Білім алушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай және білім алушылардың алдына, яғни топқа бағалау парағын табыстаймын. Білім алушылар топ бойынша бағалау критерийлеріне сүйеніп бірін-бірі бағалайды.

8.Үй тапсырмасы

1. Талдау өлең

2. «Мен және менің ішкі жан әлемім» тақырыбына ой-толғау жазыңыздар.

3. «Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған зор болар» тақырыбына мақал-мәтелдер құрастыру.

4.Әдебиеттер тізімін жазып келу

Слайд

Сабақ соңында сабақты қорытындылау мақсатында инсерт әдісін қолданамыз. Төмендегідей кесте әрбір білім алушының алдына беріледі. Білім алушы қағаз бәтіне өз ойын түсіреді.


Кімді оқыдым

Танысқан шығармаларым

Берген тәрбиесі

Менің көзқарасым










9. Соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтап алыңыздар деген ниетпен, үш топқа Абай Құнанбаевтың нақыл сөздері жазылған естелік қағазын табыстаймын.

Рахмет.Сау болыңыздар
































ОН БЕСІНШІ СӨЗ 

Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.
Әуелі - пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен. 
Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен дағы, күнінде өкінгені пайда болмай-ды екен. Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп, бірер қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен.
Үшінші - әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатын нәрсе екен. Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, әртүрлі құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен. Әрбір мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін байлап, төңіректегі қараушылардың көзін ашып, «ананы-мынаны» дегізіп, бойды сынататұғын нәрсе екен. Сол уақытта есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді екен. Есер кісілер ер-тоқымын тастап, бөркі түсіп қалып, етегі атының к...н жауып кетіп, екі көзі аспанда, жынды кісіше шаба беруді біледі екен, соны көрдім. 
Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың? 













ОН ЖЕТІНШІ СӨЗ 

Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?депті.
Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?»депті.
Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» депті.


Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:
- Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті.


-Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.
- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті. 






































Жиырма екінші қара сөз

Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлеймін деп ойладым.

Байды қадірлейін десең, бай жоқ. Бай болса, өз басының, өз малының еркі өзінде болмас па еді? Ешбір байдың өз малының еркі өзінде жоқ. Кей бай өзі біреумен күш таластырамын деп, жүз кісіге қорғалауықтығынан жалынып, малын үлестіріп жүр. Ойлайды: жалынтып бердім деп, ақымақтығынан. Жоқ, өзі жалынып беріп жүр. Қайыр да емес, мырзалық та емес, өз елімен, өз жерімен ойраңдасып, ойсыздарға қойнын ашып, малын шашып жүр. Кей байлар, елдегі құттылар, сүттілер берекелесе алмаған соң, кеселді қулар көбейіп кетіп, көп қорқытып, іздеген нәрсесі жоқ, еріксіз кім болса соған жеміт болып жүр.

Мырзаларды қадірлейін десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал бергіш мырза иттен көп. Біреу бір пайдама келтірем деп мырза болып жүр. Біреулер к...не құрым киізді тұзға малшып тыққан соң есі шығып, мырза болып, еріксіз кім болса соған талтайып емізіп жүр.

Болыс пен биді құрметтейін десең, құдайдың өзі берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті жоқ.

Мықтыны құрметтейін десең, жаманшылыққа елдің бәрі мықты, жақсылыққа мықты кісі елде жоқ.

Есті кісіні тауып құрметтейін десең, әділет, ұят, нысапқа есті кісі елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық, амалға елдің бәрі де есті.

Ғаріп-қасар бишараны құрметтейін десең, жатқан түйеге міне алмаса да, ол момындыққа есеп емес. Егер мінерлік жайы болса, бірдемені ептеп ілерлік те жайы бар.

Енді қалды қу мен сұм, олар өзі де қуартпай, суалтпай тыныштық көрер емес.

Жә, кімді сүйдік, кімнің тілеуін тіледік? Өзі құрттанып шашылған болыс-билер тұра тұрсын. Енді, әлбәттә, амал жоқ, момындығынан «Ырыс баққан дау бақпас» деген мақалмен боламын деп, бергенінен жаға алмай, жарымын беріп, жарымын тыныштығымен баға алмай, ұры, залым, қуларға жеміт болып жүрген шын момын байларды аямасаң һәм соның тілеуін тілемесең болмайды. Сонан басқаны таба алмадым.













Отыз алтыншы қара сөз

Пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәссәлләмнің хадис шарифінде айтыпты: «мән лә хаяһүн уәлә иманун ләһу» деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ деген. Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «ұят кімде болса, иман сонда» деген. Енді бұл сөзден білінді: ұят өзі иманның бір мүшесі екен. Олай болғанда білмек керек, ұят өзі қандай нәрсе? Бір ұят бар - надандықтың ұяты, жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдына жазықсыз-ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді. Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған мұндай ұят шын ұялу емес - ақымақтық, жамандық.

Шын ұят сондай нәрсе, шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абиұрлы бойға теріс бір іс себепті болады. Мұндай ұят екі түрлі болады. Біреуі - ондай қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір бөтен адамнан шыққанын көргенде, сен ұялып кетесің. Мұның себебі сол ұят істі қылған адамды есіркегендіктен болады. «Япырым-ай, мына байғұсқа не болады, енді мұның өзі не болады» дегендей, бір нәрсе іштен рахым секілді болып келіп, өзіңді қысып, қызартып кетеді. Біреуі сондай ұят, шариғатқа теріс, я ақылға, я абиұрлы бойға теріс, я адамшылыққа кесел қылық, қатеден яки нәпсіге еріп ғапылдықтан өз бойыңнан шыққандығынан болады. Мұндай ұят қылық қылғандығыңды бөтен кісі білмесе де, өз ақылың, өз нысабың өзіңді сөккен соң, іштен ұят келіп, өзіңе жаза тарттырады. Кірерге жер таба алмай, кісі бетіне қарай алмай, бір түрлі қысымға түсесің. Мұндай ұяты күшті адамдар ұйқыдан, тамақтан қалатұғыны да бар, хатта өзін-өзі өлтіретұғын кісілер де болады. Ұят деген - адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіс қылған қысымның аты. Ол уақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді. Көзіңнің жасын, мұрныңның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, ешнәрсені көрмейді. Мұндайлыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар кісі кешпесе, яки оның үстіне тағы аямай өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ десе болар.

Осы күнде менің көрген кісілерім ұялмақ түгіл, қызармайды да. «Ол істен мен ұятты болдым дедім ғой, енді нең бар?» дейді. Я болмаса «Жә, жә, оған мен-ақ ұятты болайын, сен өзің де сүйтіп пе едің?» дейді. Немесе «пәленше де, түгенше де тірі жүр ғой, пәлен қылған, түген қылған, менікі оның қасында несі сөз, пәлендей, түгендей мәнісі бар емес пе еді?» деп, ұялтамын десең, жап-жай отырып дауын сабап отырады. Осыны ұялған кісі дейміз бе, ұялмаған кісі дейміз бе? Ұялған десек, хадис анау, жақсылардан қалған сөз анау. Осындай адамның иманы бар дейміз бе, жоқ дейміз бе?!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қараша
765
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі