Материалдар / Ашық сабақ Ақыл ойдың кемеңгері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Ақыл ойдың кемеңгері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың интеллектуалды ойлау қабілеттерінің дамуына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
434
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АҚЫЛ – ОЙДЫҢ КЕМЕҢГЕРІ 20.04.2021

«Бекітемін»

Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға

арналған №4 облыстық мектеп-интернат

директордың тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары: С. Жүсіпова

«____» ________________2021 жыл


«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының «Көшбасшылық» әлеуметтік жобасы бойынша өткізілетін «Ақыл – ойдың кемеңгері» атты ашық тәрбие сағатының бағдарламасы


ӨТКІЗІЛЕТІН ЖЕРІ: Интеллектум кабинеті

ӨТКІЗІЛЕТІН КҮНІ: 20 сәуір

КӨРНЕКІЛІКТЕР: Тақырыпттық презентация, бейнекөрсетілім, интеллектуалды ойыншықтар
САБАҚТЫҢ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ: музыка, тарих

САБАҚ ТҮРІ: ашық сабақ

ӨТКІЗІЛУ БАРЫСЫ:

I.ҰЙЫМДАСТЫРУ

  • Оқушылармен амандасу

  • Оқушыларды түгендеу

П. КІРІСПЕ

  • «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының сегіз әлеуметтік жобасына қысқаша тоқталу, «Ақыл – ойдың санасы» интеллектуалды сайысының мазмұнымен таныстыру

  • ІІІ.ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ

МАҒЫНАНЫ ТАНУ

  • «ШАҢЫРАҚ» ОҚУШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ СЕГІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТАПСЫРМАЛАР МЕН СҰРАҚТАР

  • ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНДАР

ІY. ОЙ ҚОЗҒАУ: Интеллектуалды ойыншықтармен тапсырмалар орындату

Ү. ҚОРЫТЫНДЫ




















Shape2 Shape3 АҚЫЛ – ОЙДЫҢ КЕМЕҢГЕРІ


Сабақтың мақсаты: «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының «Көшбасшылық» әлеуметтік жобасы аясында, ғаламдану дәуірде өмір сүруге қабілеттілігі жоғары, өзін-өзі дамыта алатын, лидерлік қабілетін көрсете білетін, өз ойын еркін жеткізе алатын, көшбасшылық ерекшелігі мен жауапкершілігін дәлелдей алатын, еңсесі биік тұлға тәрбиелеу. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, оқушылардың интеллектуалды ойлау қабілетін арттыра отырып, оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын дамыту. Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге баулу.


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Тәрбиеші: Құрметті оқушылар және ұстаздар! Ұлы көшбасшы жолдауында «Білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс»,-деп атап көрсеткен болатын. «Тұлға» ұғымы адамның әлеуметтік дамуының сапалық көрсеткіші. Бұл адамның биологиялық табиғи қасиеті емес. Ол тек қана адамның әлеуметтік орта жағдайында ғана пайда болады, яғни ол белгілі бір топта, бірлікте өмір сүреді, мұнсыз болмайды, сөйтіп ол адам қоғамдағы барлық қатынастарды, тәжірибені, құнды бағалы нысандарды, бағыттарды өз бойына сіңіріп, меңгеріп, өмірде қолданады. Сөйтіп қоғамды одан әрі жетілдіріп, дамыта отырып, өзі жаңа сапа, қасиетке, яғни тұлғалыққа ие болады. Осындай өз-өзіне сенімді, ой-өрісінің тәуелсіздігімен ерекшеленетін, құндылықтарды бойына сіңіре білген, сыни тұрғыдан ойлана білетін тұлға тәрбиелеу мақсатында мектебімізде «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы құрылды. Осы негізде, мектебімізде «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының сегіз әлеуметтік жобасы жұмыс жасайды.



Қызығушылықты ояту: Тапсырмалар мен бейне көрсетілім («Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының сегіз әлеуметтік жобасына байланысты сұрақтар қойылады)


Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. «Туған елге тағзым» жобасы бойынша: Уағында Қазақ хандығының астанасы болған, көлемді сауда-саттық желісін орнатқан үлкен қала? (Тіпті, бұл қалаға күнде көпестер келіп, 500 түйе сойып, соның етінен кәуәп пісіріп, ол кәуәптің бір де бірі қалмай сатылып кетеді екен. Қаланың үлкендігін осыдан-ақ пайымдай беріңіз...)

Жауабы: Сығанақ қаласы

  1. «100 кітап» жобасы бойынша: Ақын жазушылардың шығармашылықтарымен сәйкестендіру

  1. Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан»

  2. Сапарғали Бегалин «Жамбыл»

  3. Мұхтар Мағауин «Қыпшақ аруы»

  4. Шерхан Мұртаза    «Қызыл жебе»

  5. Бердібек Соқпақбаев     «Менің атым Қожа»

  1. «Қазақ әндері» жобасы бойынша: Берілген әуенді орындап, әуенде асты сызылған сөздерді ағылшын тілінде аудару

1.Ырысың қайнап, күрішің жайнап,

Жатырсың жайлап,сыр елім!

Оралған гүлге,сенімен күнде,

Соғады бірге жүрегім.

Туған жер менің тірегім.

Қайырмасы:

Алтын бесік деп білемін.

Тектілік толған түбегім.

Жыр әннің елі,тұранның төрі,

Жасай бер, жайна сыр елім!

Жауабы: күріш – rice, ел - country, гүл - flower, жүрегім - heart,

туған жер - motherland, ән – song.

  1. «1 күн ауылда» жобасы бойынша: Қызылорда облысы бойынша аудан, қала, кент, ауылдық округ, елді мекендер саны қанша?

Жауабы: Аудан саны – 7, қала саны – 4, кент саны – 14, ауылдық округ саны - 132, ауылдық елді мекендер саны – 265.

  1. «ҚАЗАҚША Wikepedia» жобасы бойынша: Қызылорда қаласы бойынша газет – журнал атауларын ата?

Жауабы: «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт апталығы», «Халық», «Сыр мектебі», «Сыр дидары», «Ел тілегі», «Ақмешіт жастары», «Ұстаз мәртебесі», «Тіл сақшысы», «Тағлым журналы».

  1. «Көшбасшылық» жобасы бойынша: Қызылорда облысы бойынша «100 жаңа есім» - ге Сымбат Әбдірахманова қандай еңбегі арқылы енді?

Жауабы: Сымбат тілінде мүкістігі бар балаларға арналған 9 мультфильм әзірлеп шығарғандығы үшін «100 жаңа есім» жобасына енген. Қалған анимациялық туындылары да танымдық сипатта.

  1. «Қоғамға қызмет ету» жобасы бойынша: Сұрақ бейнекөрсетілім арқылы қойылады. Сонымен қатар, оқушы бенекөрсетілімге түсініктеме береді.

  1. «Ата – ана жұмысындағы 1 күн» жобасы бойынша: Сыныбымызда қанша ата – ана педагог қызметін атқарады және кімдердің ата – анасы деп ойлайсың?

Жауабы: 1. Батқұл Жанель – Нұрмаханова Жазира

2. Бергенбекұлы Нұрдәулет – Жакенова Сәулет

3.Исатай Аида – Бөлебай Назгүл

4.Сәрсенбекқызы Арай, Сәрсенбекқызы Мерей – Бегенова Рая

5.Утепова Нұрайым – Тажибаева Жанат.

«Көшбасшы» әлеуметтік жобасының мақсаты: Ғаламдану дәуіріне сай лидерлік қабілетін көрсете білуіне, өз ойын еркін жеткізе алуына, көшбасшылық ерекшелігі мен жауапкершілігін дәлелдеуіне, сонымен қатар интеллектуалды ойлау қабілеттерін дамытуына ықпал жасау.

- «Көшбасшылық» жобасы бойынша «Ақыл – ойдың кемеңгері» атты интеллектуалды ойынымыздың ережелерімен таныстыру үшін ортаға Илясова Ақтоты апайды шақырамыз.(4 интеллектуалды ойын жүргізіледі)


Тәрбиеші сөзі: Ұлы көшбасшы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үшін үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық тіл, ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет.



КЕРІ БАЙЛАНЫС


ҚОРЫТЫНДЫ































«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының «Көшбасшы» әлеуметтік жобасы аясында «Ақыл – ойдың кемеңгері» тақырыбындағы сайыс сабағының хаттамасы


Қатысуға тиісті : 8

Қатысқаны : 8

Күн тәртібінде

  1. «Ақыл – ойдың кемеңгері» тақырыбында өткізілген ашық тәрбие сағатының мақсаты мен жоспар бойынша өткізілетін жұмыс түрлерімен таныстыру.

Тыңдалды :

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, 7 «а»-сынып тәрбиешісі Әбдіқадыр Айжан сөз алып, «Ақыл – ойдың кемеңгері» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты бағдарламасының жоспарымен таныстырды. Жалпы сабақтың мақсаты: «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының «Көшбасшылық» әлеуметтік жобасы аясында, ғаламдану дәуірде өмір сүруге қабілеттілігі жоғары, өзін-өзі дамыта алатын, лидерлік қабілетін көрсете білетін, өз ойын еркін жеткізе алатын, көшбасшылық ерекшелігі мен жауапкершілігін дәлелдей алатын, еңсесі биік тұлға тәрбиелеу екендігі айтылып, сонымен қатар, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, оқушылардың интеллектуалды ойлау қабілетін арттыра отырып, оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын дамыту. Сонымен қатар, ашық сабақ барысы оқушылардың еркін екі топқа бөлінуімен басталды. Сабақтың негізі «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының сегіз әлеуметтік жобасы бойынша жасырылған ұяшықтардағы тапсырмаларға жауап берумен басталды. Ойындар ұйымдастырып, сайыс барысында әр топты уақыт бойынша айырмашылықтарын ескеріп бағалады. Сайыс қатысушыларына берілген ойын түрлері:

  • Q-BİTZ

  • TANGRAMLAR SETİ

  • MANGALA

  • LOOK LOOK

Сайыс қорытындысында екі топта тең түсіп, өз дарындылықтарын дәлелдеді. Сабақ соңында сынып тәрбиешісі Әбдіқадыр Айжан сөз алып бес саусақ әдісімен сабақты қорытындылады.

ҚАУЛЫ:

  1. Оқушылардың интеллектуалды қабілеттерін дамыта отырып, заман талабына сай интеллектуалды сабақтар ұйымдастыру сынып тәрбиешісі мен пән мұғалімдеріне тапсырылсын.


ХАТШЫ: С.Сабина



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!