Материалдар / Ашық сабақ "Ақылды аң" 4 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Ақылды аң" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 4 сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерге керек. Ақылды аң қасқыр туралы .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Тамыз 2020
4429
39 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

6-бөлімі. Қоршаған ортаны қорғау

Мектеп: А.Макаренко ЖОМ Мұғалім: Избасарова Л.К.

Күні: 19.02.2020ж

Сынып: 4 А

Сабақтың тақырыбы

Ақылды аң

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

4.​1.​3.​1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру/болжау

4.2.4.1 Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

Сабақтың мақсаттары

Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, сөйлемді толықтырады және түйінді тұстарын анықтап, кесте толтырады, кластер құрастырып, болжайды.

Бағалау критерийлері

1.Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

2.Мәтін бойынша сөйлемді толықтырып түйінді тұстарын анықтайды.

3.Мәтін бойынша кластер құрады.

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер:

Сұрақ құрастыруда:

Неге? Қандай? Қалай ойлайсың? Сіздің пікіріңізше ....

Құндылықтарды дарыту

  • Ынтымақтастықта жұмыс жүргізу;

  • Қоршаған ортаны қорғау

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор ресурстарын пайдалану, слайд

Бастапқы білім

Қасқыр туралы біледі

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

І Ұйымдастыру кезеңі.

Қайырлы таң

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Ал, қанекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Жарайсыңдар балалар!


Тренинг Психологиялық ахуал: «Көтеріңкі көңіл күй» тренингі.Оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі, амандасады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Қанеки өзіміздің көңіл-күйімізді көтерейік.

Мына өлең жолдарын айтайық.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік!


Топқа бөлу: оқушыларды түрлі түсті стикер арқылы (қызыл, жасыл, сары)

І, ІІ, ІІІ топқа бөлінеді.


ІІ Үй тапсырмасын сұрау

«Қар кесегі» әдісі арқылы алдыңғы білімге қатысты сұрақтар қойылады. Бұл алдыңғы білімді жаңа біліммен ұштастыру мақсатында жүргізіледі.

1.Киік қандай жануар?

2.Киіктер неге ұқсайды?

3.Қазақстан жерінде неге киіктер азайып бара жатыр?

4.Киіктер немен қоректенеді?

5.Киіктер несімен әдемі?

6.Олар қандай аймақтарда тіршілік етеді?

7.Киіктің төлін не дейміз?

8.Киіктерді қорғау үшін не істеуге болады? Қандай ұсыныстарың бар?

Ауызша комментарий «Жақсы! Тамаша! Керемет!


ІІІ Қызығушылықты ояту.«Миға шабуыл» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын болжау.

1.Суреттен нені көріп тұрсыңдар?

2.Қандай аңдарды білесіңдер?

3.Қасқыр қандай аң?

4.«Қасқыр туралы фильм көргендерің бар ма?»

Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін айту.


Слайдтар















Слайд





Түрлі түсті стикерлер

Қар кесегі







Суреттер

Слайдтар




Сабақтың ортасы

25 минут




























Мәтінмен жұмыс. Тыңдайық және жауап берейік.

3-тапсырма. А)

1) Мәтінді тыңда және тізбектеп оқы. Өз болжамыңды тексер. ТЖ

Қасқырлар өте ақылды. Олар топтасып өмір сүреді, бірін-бірі қорғайды. Жорыққа шыққан кезде ең алдында кәрі, ауру қасқырлар жүреді. Қалған қасқырлар алға шықпайды. Осылайша кәрі қасқырлар топтан қалып қоймайды. Олардан кейін ең мықты қасқырлар жүреді. Қалған қасқырлар ортада болады. Ал қатардың соңында тағы бір топ күшті қасқырлар жүреді. Ең соңында топтың басшысы жалғыз болады. Ол топты бақылап жүреді. Қасқырлар да табиғатқа пайдалы. Олар, көбінесе, әлсіз, ауру аңдарды ұстайды.

Дескриптор:

- Мәтінді оқиды, түсінеді .

- Мәтін мазмұнын әңгімелейді

- Өз болжамын жасайды

Қосымша мәлімет беріледі.


2) Сөздікпен жұмыс: ТЖ

Үйір, басшы, жалғыз, із қалдыру, қасқырдың сырттаны, кәрі.

1.Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру.

2.Дұрыс айтуға дағдыландыру.

3.Сурет бойынша түсінік беру.


Үйір-қасқырлардың топ болып жүруі

Басшы-үйірді басқаратын, бастайтын, ең күштісі.

Жалғыз-үйір соңында бір өзі жүреді, бұл топ басшысы

Із қалдыру-қар бетінде қалған қасқырдың ізі

Жорыққа- қасқырлардың жемтігін аулауға шыққандағы кезі

Қоректену-қасқырлар қорегін бөлісіп жеуі

Қасқырдың сырттаны-қасқырлардың ең күштісі, басшысы

ҚБ «Смайликтер» арқылы бағалайды.

Кері байланыс беру


3) «Елші» әдісі. Оқыған мәтін бойынша сұрақтар құрастыру, жауап беру. ТЖ

Дескриптор:

- мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.

- құрастырған сұрақтарға жауап береді.

Кері байланыс

Тапсырманы орындауда не қиын болды?

ҚБ «Смайликтер» арқылы бағалайды.


Сергіту сәті:

« Поэзия минуты»

А.Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу.


3-тапсырма. Ә)

Сөйлемдерді толықтырып жазу.

Сөйлемдерді оқып, бос орындарға керекті сөздерді қойып толықтыру.

Дескриптор:

- берілген сөйлемдерді оқиды.

- бос орындарға керекті сөздерді қояды.

Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша! Керемет!

ҚБ «Смайликтер» арқылы бағалайды.


4-тапсырма Сұраққа жауап алу. ЖЖ

Қасқыр қандай аң?

қауіпті жабайы

ж ыртқыш ақылды

















слайд










































слайд

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

«Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?


Үйге тапсырма: 5-тапсырма, 124 бет.




Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Кері байланыс

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


А.Макаренко атындағы жалпы орта мектеп

Рухани жаңғыру аясында «Тиімді сабақ:

проблемалар және шешу жолдары»

атты тақырыбы бойынша аудандық-әдістемелік

кеңес - семинары



Сабақтың тақырыбы: «Ақылды аң»






Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

Избасарова Ляззат Куттыбаевна


















































































































1.Суреттен нені көріп тұрмыз?

Қасқырды, жабайы аңды...

2.Қандай аңдарды білесіңдер?

Аю, қасқыр, түлкі, қоян...

3.Қасқыр қандай аң?

Жабайы, жыртқыш, қауіпті, ақылды.

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!