400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ақылшым-мұғалім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынамын.Іс-тәжірибе асу мақсатында жіберіп отырмын.сабақ жаңартылған білім мазмұны бойынша құрылған.жаңа оқу әдіс тәсілдері кеңінен пайдаланылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Әдебиеттік оқу

Мектебі:Бидайық ЖОББМ

Сынып: 2 А

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Күні: 08.11.2018ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Садыкова М.К.

Сабақтың тақырыбы

«Ақылшым – мұғалім» Әнуарбек Дүйсенбиев

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

2.2.3.1-мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау;

2.2.1.1-мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

өлеңді мәнерлеп оқиды,негізгі ойды анықтайды.

Оқушылардың басым бөлігі

топта жұмыс жасай отырып өз ойын ашық айтады.

Кейбір оқушылар:

тапсырмаларды орындауда белсенділік танытады.Шығармашылық тапсырмаларды тиянақты орындайды

Бағалау критерийлері

Өлеңді мәнерлеп оқып,тапсырмаларды орындайды.

Жеке, жұпта, топта белсенділік танытады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аударып,тақырыпқа сай пікірін айта алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:өлеңді мәнерлеп оқиды,өз ойын еркін айтып жеткізеді.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:ұстаз,мұғалім,білім беруші.

Мұғалім-учитель-tishe

Жоспар

Жоспарлана-тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы


1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа даярлығын байқау

А)Психологиялық дайындық

Ә)Топқа бөлу,үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақта өтілген «Мектеп –біздің анамыз» тақырыбы бойынша үй тапсырмасын тексеру мақсатындағы топтық жұмыс:

1-топ:жазушылар -автор туралы мәлімет.

2-топ: ақындар- өлеңді мәнерлеп оқу.

Б)Психологиялық тренинг Өзіңді терең тани біл!

-Мектептен біз не аламыз?

-Біздің мектептің аты қалай аталады ?

-Сендер кімсіңдер?

-Оқушылармыз

-Мектепте тек қана,мұғалімдер емес тағы кімдер жұмыс істейді?

(мектептегі қызметкелердің фотасын көрсету,оқушылар ол кісілердің қызметін айту керек)

Мысалы:мектеп директоры , тәрбие меңгерушісі , вахтер , аула сыпырушы , психолог , кітапханашы ,аспаз т.б.

(топты бағалау)





Топқа бөлу









Топты бағалау

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

- Балалар мен сендерге бүгінгі сабаққа бірнеше кісілерді қонаққа шақырдым , ол кісілердің сендерге әкелген тапсырмасы арқылы біз бүгінгі жаңа сабағымыздың атын білетін боламыз.

1) А-ұстаз сөзінде қандай мағынасы жуық сөздер бар

2) қыл-мұғалім деген кім?

3)шыл-оқу , білім туралы мақал.

4)мұ-мұғалім сөзін орысша айт , сөйлем құра

5)ға-мұғалім сөзін ағылшын түрінде жаз

6)лім-1 тақпақ айт.

- Балалар сендерге келген қонақтар кімдер екен?

-Дұрыс, бізге сабақ беретін ұстаздарымыз.

-Олай болса , бүгін біз «Ақылшым – мұғалім» деген Әнуарбек Дүйсенбиевтің өлеңімен танысамыз.

«Ақылшыл-мұғалім » өлеңін белгілі ақын Әнуарбек Дүйсенбиев жазған. Ол 1931 жылы Алматы обылысында туған.Балалар ақыны әрі аудармашы.(Еңбегін айту) Қазақ мемлекетің университетін

бітірген.Ұзақ жылдар. Балдырған журналынын жауапты хатшысы, «Жалын»баспасында.Жазушы баспанасында қызмет атқарған.

-Өмірде мамандықтың түрі көп.әр маманықтың өзіндің ерекшелігі бар.Дәрігер адамды емдесе , Әнші ән айтса ,құрылысшы үй салса,тігінші киім тігеді.Осылардың бәрін мұғалім оқытады.Мұғалімнің алдынан өтпейтін адам кемде-кем . Барлық адамзат баласы мұғалімнен білім алған.Ұстаз сендермен мақтанады .Ал сендер мұғалім,ұстаз туралы не айтар едіндер?

Ой қозғау

Мұғалім бақыты- шәкірт құрметі

Оқулықпен жұмыс Тыңдалым а)мәтінді оқу ә) тізбектей оқу

Сергіту сәті

Музыка әуені

Шығармашылық жұмыстар

«Миға шабуыл» әдісі бойынша екі топқа сөзжұмбақ беріледі

Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді дұрыс оқы. Жұмбақ сөздермен торкөздерді толтыр. Көкшіл жолақты торкөздегі сөзді дауыстап оқы. Берілген мақал-мәтелдерге ортақ тақырып ойлап тап. Осы ортақ тақырып пен ұстаз сөзінің арасында байланыс бар ма? Болса, дәлелде.

1. Оқу – білім ...

2. Қына тасқа бітеді,

Білім .... бітеді.

3. ..... өнері білінбес

Бәйгеге түсіп жарыспай.

4. ... – тозбайтын тон,

Білім – таусылмайтын кен.

5.Оқу инемен құдық ....

2. Өлең құрастыру:

Күндей жарқын көңілі,

Ұстаз біздің –.....(анамыз).

Өнер,білім,тәрбиені,

Ұстаздан біз .....(аламыз)

Дәптермен жұмыс.

Сурет бойынша әңгімен құрастырып жаз.

Үлгі: Менің ұстазым... . Ол бізге ... түсіндіреді, ... айтады. Әрқашан ... киінеді. Ұстаздың сөзін .... тыңдаймыз.

«Ұстазға тарту» ұстазға не сыйлар едіңдер,суретін салғыздыру .


Үйге тапсырма:өлеңді жатап келу.



слайд

























Оқулық, диск


Көңілді әуен


























Сабақтың соңы

Ой қорыту

Топ бойынша бағалау.

«Серікбаева Арайлымнын орындауында «Ақылшым – мұғалім» әнін тыңдау.

Шәкірттерін тек қана жақсы жақтардан көруі,үлкен жетістіктерге жетуі-ұстаз үшін үлкен қуаныш.Ал,сендер, балалар сол білімнің,білудің арқасында ғана биік шыңға жетесіңдер,мақсаттарың орындалады!Мұғалім-барша мамандықтың көш бастаушысы,мәртебелі мамандық. Олай болса, мұғалім сөзіне талдау жасап көрейік.

М- мейірімді

Ұ- ұлағатты

Ғ-ғалым

А-ақылды

Л-лайық

І-іскер

М-маман

Елбасы Нұрсылтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер –бүгінгі мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе , Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»,-деген еді. Сондықтан ұстаз болу-жүректің батырлығы деп бағалауға болады.


Рефлексия

Стратегия: «Сезімдер жүрегі»

Нұсқаулық: тілек жазу.




Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
1284
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі