жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Ар – ұждан – адамдық белгісі 10 сынып
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: №180 жалпы білім беретін мектеп
Күні:
Мұғалімі: Алимкулова Ш.К
Сыныбы: 10
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Ар – ұждан – адамдық белгісі
Құндылығы: Ақиқат
Қасиеттері: Ақиқат іздеу, жауапкершілік, тек жақы және қажетті заттарды ғана айту
Мақсаты: Оқушыларды ар – ұждан ұғымы туралы түсіні бере отырып, ақиқат құндылығынң мәнін ашу Міндеттері:
|
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.http://oilar.kz
|
Сабақтың барысы:
Жағымды күйге келу. «Нұрға бөлену». 2. Үйге тапсырманы тексеру. 1. №30 – сабақ. 4 – тапсырманы орындау 2. Келесі сабақ. №31, «Парасат майданы» мәтінін оқып келу. Сұрақтар:
|
|
3. Сабақтың дәйексөзі. ...Жайнар көңіл, қайнар өмір, Ар ілімі оқылса. Шәкәрім Сұрақтар:
|
|
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Ар, Ұят, Намыс
Бір күні Ар, Ұят, Намыс үшеуі бас қосады. Олар өткен-кеткенді әңгіме етеді. Әңгіме арасында үшеуі өздерінің өмірдегі пайдалары туралы айта бастайды. – Мен адам бойына кішкентай бөбек күнінен әдептіліктің нәрін себемін, – дейді Ұят. –Ал мен болсам адам баласына өзінің ғана емес, досының, туысының басқа адамдардың істеріне жауапкершілікті сезіндіремін, – дейді Ар. Сонда Намыс тұрып: – Мен болсам, адамға өзі, досы, туысымен қоса бүкіл отбасы, сыныбы, мектебі, ауылы, тіпті елі үшін жауапкершілікті сезіндіремін, – дейді. Осылардың айтқанын сырттарынан бақылап, тыңдап тұрған Әдеп: – О, достарым, мен сендердің сөздеріңе толық қосыламын, үшеуіңнің де өмірдегі пайдаларың – адамды әдепті ету. Өйткені ұятты, арлы, намысшыл адам – нағыз адам. Үшеуің де адам баласына ауадай қажетсіңдер, біріңді-бірің толықтырасыңдар. Сондықтан да мәңгілікке ажырамастай туыс болыңдар, деп бата беріпті. Содан бері намыс – ағасы, ар – інісі, ұят – кіші інісі болып, бірге өмір сүреді екен. Сондықтан да «ұяты бар бала арлы бала болып, арлы бала намысшыл бала болып өседі» деген осыдан қалған екен.
|
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлінеді. 2-тапсырма. «Адамды түсіне қарап таныма, істеген ісіне қарап таны» деген тақырыпта жағдаят ойластырып, сахналап беріңіздер. |
|
6. Топпен ән айту. Ақ көгершін Сөзі Нығмет Баймұхамедовтікі Әні Ахмет Жұбановтыкі Ақ көгершін, көгершін, Қолқанат құс сен едің. Бар, кезіп қайт, ел үшін. Кең дүниенің көлемін. Әділеттің құсы деп, Көз алмастан жолыңнан, Ұшырамын қолымнан. Ел тілегін алып ұш, Адамзаттың бағына. Қара бұлтты жарып ұш, Мұхиттың арғы жағына. Көзін сенен алмайды, Ақ ниеті бар адам. Ақ қанатың талмайды, Әділеттен жаралған. Тыныш бейбіт өмірдің, Белгісі боп қанат қақ. Әлемге ортақ көңілдің, Қайт шыңына қонақтап. Ел тілегін алып ұш, Адамзаттың бағына. Қара бұлтты жарып ұш, Мұхиттың арғы жағына. |
|
7. Үйге тапсырма. 1. №31 – сабақ. 3 – тапсырманы орындау 2. Келесі сабақ. №32, «Саңылауы жоқпен сабақтас болма» мәтінін оқып келу. |
|
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген