400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ар-намыс керек адамға.9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ұят,намыс,ар туралы түсінік беру.Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру."Ұят-ар сақтайды,арлыны ел мақтайды"деген халық мақалын қолданып мейірімлілікке,сыпайылыққа тəрбиелеймін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ар-намыс керек адамға.

Мақсаты: Оқушылардың ұят, намыс, ар туралы түсініктерін

кеңейту.

Міндеттері:-ұят, ар, намыс ұғымдарының мәнін түсіндіру;

-адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету

-адамгершілікке тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері: Балалардың көңілін көтеру, ынтасын арттыру және сабаққа әзірлеу мақсатында жерлесіміз М.Құраловтың «Бұлқынды жүрек» әніне қосылып айтып, шаттық шеңберін өткіземін.

Бұлқынды жүрек.

Көгілдір туым қолымда

Бақыттың жүрмін жолында

Жұлдызым жанып солымда

Айым тұр туып оңымда

Қайырмасы

Бұлқынды жүрек бұлқынды

Тұлпарлар төрге ұмтылды

Аңсадым халқым аңсадым

Арманға толы бұл күнді

Достықтан туған елдігім

Тосады енді бізді кім

Тереземізде тең бүгін

Керегемізде кең бүгін

Қайырмасы


Егемен болдық еңселі

Көтердік биік еңсені

Жарқырап жанып тұр бүгін

Болашағымның ертеңі


Ойланайық

пікірлесейік: Оқушылардың алған білімдерін іс-тәжірибесімен

салыстыруға мүмкіндік жасау мақсатында оқулық-

та берілген сұрақтар бойынша пікірлесемін.

Сұрақтар:1.Ар, намыс,Ұят ұғымдары туралы не білесіз?

2.Өз-өзіңе қатты ұялған кезің болдыма?

3 «Ар- намыс керек адамға» дегенді қалай түсінесіз?

4.Адамның өз арын адал сақтауына қандай қасиеттер

көмектеседі?

Адамның ар намысы,ұят туралы түсіндіріп, балалардың жауаптарын түйіндеймін.

Жаңа ақпарат:Ар-әр адамның өз өміріне,қоғамда,жеке

адамдар алдында іс-әрекеті үшін моральдық жауапкерші-

лігін сезініп,сапалы ұғынуын,өз ойы мен ісіне

адамгершілік тұрғыдан бағалай білуіне көмектесетін ең

жоғарғы адамгершілік қасиеті.Адам бойындағы ізгілік

пен мейірімділікті имандылық пен инабаттылықты

білдіретін және оны әдептілік нормаларын сақтап,одан

аспауына,іс-әрекеті мен мінез құлқына баға беруіне

байланысты туындайтын қасиет.Ар-ұят адамның қоғам

алдындағы міндеті мен жауапкершілгін терең сезінуінен

көрінеді. Адамның адамгершілігі-оның жоғары

қасиеті,кісілігі оның адамдық ар-намысты ардақтауынан,

әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылуынан байқалады.

Арлы адам-ардақты және басқаларға қашан да үлгі-өнеге.

Мәтінмен жұмыс: А.Құнанбаевтың қара сөзін оқып, сұрақтар арқылы талдау барысында адамдардың «Ұялмас нәрседен ұялғанды ақымақтық, жамандық дейді» деген сөздерге оқушылардың көңілін аудартамын.

Абай атамыздың бұл туындысы –қазақ атаулыға , Абай ұрпақтарына өнеге ретінде қалған асыл мұра.

Он тоғызыншы сөз

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады, әрбір естелік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нарселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады....

Отыз екінші сөз

Білім –ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек. білмей іздегенмен табылмас әуелі-білім-ғылым табылса, ондай –мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек.Оның үшін білім ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды...

Дәйексөз: «Малым-жанымның садағасы,

Жаным-арымның садағасы»

Халық мақалы.

«Ұят-ар сақтайды,арлыны ел мақтайды.»

Халық мақалы.

Мақал сөздің тағылымын түсіндіру арқылы,өмірде соның

ішінде халқымызда ар-ұяттың маңыздылығына ерекше

мән берді.


Жағдаяттарды талдау: Жағдаяттарды талдаудың мақсаты

Оқушылардың өзін қоршаған адамдардың көңіл күйіне

аса көңіл бөліп, кейіпкерлер арасында туындаған

жағдаятты шешу балалардың өз,еркіне беріледі.Оқушы-

лар кейіпкерлер бойындағы қасйеттерді анықтап,осы

жағдайдың алдын алу жолдарын белгілеуге мүмкіндік

алады.

1.Мұхтар мен Болат 9-сыныпта бірге оқиды.Екеуі 7-

\сыныптан бері жақсы дос. Олар «Медеу» ықшам

ауданда тұрады, үйлері де бір-біріне жақын.

Мұхтар да Болат та оқу екпіндігі, сабақ дайындағанда

бір-бірінің үйіне бара қоятын.Бірақ Мұхтар соңғы кезде

көп өзгерді.Сабағы да төмендеді. Болат бұрынғыдай

хабарласа қалса, «қолым тимей жатыр», «үйге кісілер

келіп қалды», «ата-аанам жұмыс тапсырып еді» деген

сияқты таусылмайтын сылтауы көбейіп кетті.Бүгін,

Мұхтардың өзі Болатқа қоңырау шалып:

-Егер мені ата-анам сұрап жатса, «менің қасымда,

Екеуміз сабақ дайындап жатырмыз» деп айта салшы,

мен Саматпен бірге компьютер клубына ойнауға

барамын-деді.Самат 10-сыныпта оқитын көрші бала.

Болат не дерін білмеді. «Жоқ,мен олай айта алмаймын»

деп айтса,досының көңілі қалады. «Иә,жарайды» десе

өзі жақсы танитын Мұхтардың ата-анасы алдаған сәті,

көз алдына келді.

*Болатқа қандай кеңес бересің?

2. Ертеңіне екеуі мектепте кездесті.Әдебиет сабағы

Басталды.Әдебиет пәнінің мұғалімі Асқар ағай салиқа-

лы ойын сабақтап,үй тапсырмасын сұрауға көшті.

-Жирмасыншы-отызыншы жылдардағы әдебиет тура-

лы бізге Мұхтар орнынан жылдам тұрғанмен,жарытып

жауап бере алмады.

-мүмкін М.Жұмабаев,Ж.Аймаутов, А.Байтұрсынов

туралы білгеніңді айтып берерсің,-деді Асқар ағай.

Мұхтар төмен қараған күйі:

-Кеше үйге көршілерден су кетіп қалып,сабақ оқуға

қолым тимей қалды, - деді.Қасында отырған Болат бұны

естігенде өзінен-өзі қызарып кетті.Мұғалімнің ескертуін

алып,орнына отырған Мұхтар досына:

-Сенің мына ісің дұрыс болмады,ұят емес пе?-деді Болат

сыбырлап.

-Сенің жұмысың болмасын, өзім білемін-деді Мұхтар да

сабақ оқымағанына біреу кінәлі дей, ренішті үнмен.

-Болат «сабақ біткен соң,осы жағдаймен міндетті түрде

сөйлесеміз»-деді ішінен.


*Болат Мұхтармен қалай сөйлесті?

*Достар қандай шешім қабылдауы мүмкін?


Тыныштық сәті: «Анашым» әнін тыңдау


«Балқар аңызы» аңыз әңгімені оқып,талдау барысында

отбасының сыйластығы,жарасымы,татулығы болу үшін

аброй,намыс керек екенін түсіндіремін.


1.Нәсіп қандай ой түйді?

2.Қарияның шешімімен келісесіз бе?


Ойын «Нағыз дос болайық»


Жүректен жүрекке.

Бір-біріне жақсы тілектер айтып сабақты аяқтаймын.

Үйге тапсырма:Дәптерде берілген нақыл сөздерге өз

түсінігін жазып келу.

1.Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде.

2.Ар-намысыңның пәктігі-

Жан-дүниеңнің шаттығы.

3.Ұят жүрген жерде аброй төгілмейді,

Абырой бар жерде шапаны сөгілмейді.

4.Абырой-ар еңбегі.

5.Намысы бар жігіттің,нар күшіндей қүші бар,

Намысы жоқ жігіттің намыспенен несі бар?















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1600
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі