Ашық сабақ "АР-НАМЫС КЕРЕК АДАМҒА" 9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "АР-НАМЫС КЕРЕК АДАМҒА" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ада бойындағы адамгершілік құндылықтарды ашу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзiмі:

Тақырып: Ар-намыс керек адамға

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірім, қуаныш, достық.

Мұғалiм:

Сынып 9"А""Ә""Б" Оқушылар саны: 15


Сабақ мақсаты: Оқушылардың ұят, намыс, ар туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

Білімділік Ұят, ар, намыс ұғымдарының мәнін түсіндіру;

Дамытушылық Адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету;

Тәрбиелік Адамгершілікке тәрбиелеу;

Ресурстар:үнтаспа,

суреттер,нақыл сөздер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық


2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

Мұғалім айтылған ойларды бекіте түсу үшін оқулықтағы «Оқып үйренейік» айдарымен берілген А.Құнанбаевтың «Жиырма алтыншы сөз» атты қара сөзін оқып, сұрақтар арқылы талдау барысында адамдардың «ұялмас нәрседен ұялғанды-ақымақтық, жамандық дейді» деген сөздерге оқушылардың көңілін айдартады.

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. Мұғалім сабақты оқулықта берілген дәйексөзді талдаумен жалғастырады:

«Малым- жанымның садағасы,

Жаным- арымның садағасы».

Халық мақалы

Мақал сөздің тағылымын түсіндіру арқылы мұғалім өмірде соның ішінде халқымызда ар-ұяттың маңыздылығына ерекше мән береді.


5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

- Ар, намыс, ұят ұғымдары туралы не білесіз?

- Өз ісіңе қатты ұялған кезің болды ма?

- «Ар-намыс керек адамға» дегенді қалай түсінесіз?

- Қандай жағдайда ішкі дауысыңызды тыңдайсыз?

- Адамның өз арын адал сақтауына қандай қасиеттері көмектеседі?


6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

Жағдаяттарды талдаудың мақсаты оқушылардың өзін қоршаған адамдардың көңіл күйіне аса көңіл бөліп, кейіпкерлер арасында туындаған жағдаятты шешу балалардың өз еркіне беріледі. Оқушылар кейіпкерлер бойындағы қасиеттерді анықтап, осы жағдайдың алдын алу жолдарын белгілеуге мүмкіндік алады.

Оқулықтағы жаңа ақпарат балалардың ар, ұят туралы білімдерін бекіту мақсатында берілген. Мұғалім жаңа ақпаратты оқи отырып, қоғамда, жеке адамдар алдында іс-әрекеті үшін моральдік жауапкершілігін сезініп, саналы ұғынуын, өз ойы мен ісіне адамгершілік тұрғыдан бағалай білуіне көмектесетін ең жоғарғы адамгершілік қасиет екенін оқушыларға аңғартады.

7.Дәптермен жұмыс

Дәптердегі 1,2,3-тапсырманы орындау.



8.Топпен ән айту. 3 мин . Намыс

Б.Үсенбаев

Намысыңды кірлетпе,

Дақ түспесін арыңа.

Үлгі боп жүр көпке,

Жігеріңді жаны да,



Намыс оты бар ұрпақ,

Арқалайды нар жүгін.

Жүре алмайды жабырқап,

Жүзі жарқын – арлының.



Намыс қанда бұрқанса,

Орындалар нұрлы арман.

Қамал бұзған ұл қанша,

Тау қопарып, шыңды алған.



Намысы жоқ ынжыққа –

Көлеңкесі үрейлі.

Мойынұсынып құлдыққа,

Иіні түсіп жүдейді.



Туын көтер жұртыңның,

Көзіңді тік алысқа.

Қыранға ұқсап сілкінгін,

Мәселе – ұлттық намыста!


9.Үй тапсырмасы. 2 мин. Мәтінді оқу.


10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Шығармадан қандай ой тудыңыз?

  • Неліктен Абай ұялмас нәрседен ұялғанды – ақымақтық жаманды дейді?

  • «Шын ұят» - деген сөзді қалай түсінесіз?

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
596
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі