400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

ашық сабақ: ар ождан - адамдық өлшемі

Материал туралы қысқаша түсінік
адамгершілік, ар, ождан туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн -өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:Жамбыл атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі

Мерзiмі:17.10.2015 ж.

Тақырып:Ар – ұждан- адамдық өлшемі.

Құндылық:Ақиқат Қасиеттер: Ар –ұят,шыншылдық, әділдік, жігерлілік, адамгершілік, адалдық .

Мұғалiмі:Сейдалиева Роза Сынып: 6 Оқушылар саны20

Сабақ мақсаты: Оқушыларға нағыз шындық,ол- ар- ұждан екенін ұғындыру,әр баланың бойында бар ар- ұждан дауысын ажырату және ести білу қабілеттерін ояту.

Міндеттері:

- Шыншылдықтың ақиқатқа бастайтын жол екенін ұғындыру;

- оқушылардың шыншылдық, ар – ұят, жігерлілік, адалдық ,қасиеттерін дамыту;

- адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу;


Ресурстар:

(құралдар, интер белсенді тақта оқулық мәліметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.(Нұрға бөлену)

-Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: «Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты!

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда! Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі! Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды!

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді !

Нұр бірте-бірте қарқын алып және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз! Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге:«Барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз!»

Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен - Нұрмын!».

- Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз!..

- Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

- Жаймен көзіңізді ашуға болады.

- Рахмет!

Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

  1. Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтың 41-бетіндегіМ.Қалдыбайдың «Көлеңке» шығармасын оқып келу.

- Мәтіндегі: «Бірақта өкініш салмағы қартайғанда ауыр болады екен ...» деген ойды қалай түсінесіздер ?

«Адамның құпия сыры жарқылдаған сырт тұлғасында емес, миында, жүрегінде,яғни көзге көрінбейтін көлеңке жағында жатыр»,осы оймен келісесіз бе ? Мысалдар келтіріп көріңіз.

-Бауыржан атаның өз өмірінің көлеңке жағын байқауына түрткі болып тұрған не ?

- Адам өз кемшілігін білуі не үшін қажет ?

-Ар- ұждан адамға табиғаттан берілетін қасиет пе ?

-Осы мәтін сіздердің рухани дамуыңызға себеп болды ма? Болса соны сипаттап бере аласыздар ма?



  1. Дәйексөз.

Адамның шыншылдығының дәрежесі арқылы оның ұжданына баға беруге болады .

Л.Н.Толстой 



Дәйексөздіоқимыз,мағынасын ашып талдаймыз.Оқушылар есте сақтап қалу үшін бірнеше рет қайталаймыз.Дәйексөздідәптерге жазу.



  1. Әңгiмелесу.Ар- ұждан туралы өсиет әңгіме .

-Ар ұждан дегеніміз не ? – деп сұрады ұлы әкесінен .

-«Ар- ұждан дегеніміз –ешбір адам оны саған бере алмайды және ешкім сенен тартып ала алмайды. Ар–ұждан адамның өз –өзіне берген сыйы !» – деді әкесі.

– Ал қайдан білеміз, сенде ар – ұждан бар екенін ? !

-Уайымдама, сен одан қашып құтыла алмайсың,саған ол тыныштық бермейді.Ол әрқашанда сенімен бірге тұрады, тек оны тыңдай біл !

- Өмір,Ар ,Ұждан ...Бұл ұғымдар бір –бірімен қалай сәйкес келеді ?

-Адамға ар– ұждан – ең жоғарғы сот деп айтуға бола ма ?- өз ойларыңды мысалдармен дәлелдеп көріңдер .

«Ол әрқашанда сенімен бірге, тек оны тыңдай біл!» деген сөзді қалай түсінесіздер?



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

2 топқа бөлу

1. Шәкәрімнің: «Ақ жолдан айнымай,   ар сақта, оны біл ! » деген қанатты сөзін тақырып ретінде алып осы көрген видеоролик бойынша плакатқа сурет салады .(простые истины жизни ) видеоролигі .

2. Өлең жолдарын толықтыр:

- Жол қайда ақиқатқа апаратын ?

- Ел қайда ақиқат деп аталатын ?

.........................................................

.........................................................

.........................................................

.........................................................

Төмендегі қанатты сөздерді назарға алып,қолдана отырып «Ар – ұждан - адамдық өлшемі» тақырыбында екі топ эссе жазыңыздар .

Қанатты сөздер :

Адамдық борышың,- 
  Халқыңа еңбек қыл. 
 
Ақжолданайнымай, 
  Ар сақта, оны біл.                               Шәкәрім

       Шындықтың белгісі - қарапайымдылық пен оңайлық. Өтірік сөз әрқашан күрделі, әрі бұлдыр,бұлыңғыр болады. 

Л.Н.Толстой

     Арлану -ақылдының ісі.

Абай Құнанбаев

Адамзатқа өмірден ар қымбат, өлімнен де ұят күшті. Бауыржан Момышұлы

Шындық – парыз сезімін, ерлікке, адамгершілік жағынан кіршіксіз болуға, мұқалмас ерік-жігерді шыңдауға, өз парызына деген сенімділікке тәрбиелеуде ең бір құнарлы құрал болып табылады.

Бауыржан Момышұлы


  1. Топпен ән айту. Сөзі:Қ.Мырзалиевтікі

«Өз елім » Әні: Н.Тілендиевтікі

«Өз елім»әнін басшылыққа ала отырып, «Ақиқат елі » әнін айтамыз .

1.Кіргенде сенімі,

Көңілін нұр басқан.

Шындығы ойдағы,

Жүрекпен сырласқан.

Ар- намысым менің,

Ақ пейілім менің.

Арыма қосып жүремін,

Ұятым деп менің.

Ниетім деп менің ,

Соғады мәңгі жүрегім!

Намысы сендер ,

Сенімі сендер ,

Шындығы сендер сол елдің!

Парызы сендер ,

Арыда сендер.

Жігері сендер сол елдің .

2.Ар- ождан шындығы ,

Әділет боп өрлеген .

Жалынды жастығы ,

Намысты бермеген.

Ар- намысым менің,

Ақ пейілім менің.

Арыма қосып жүремін,

Ұятым деп менің.

Ниетім деп менің ,

Соғады мәңгі жүрегім!

Намысы сендер ,

Сенімі сендер ,

Шындығы сендер сол елдің!

Парызы сендер ,

Арыда сендер

Жігері сендер сол елдің .

3.Бұзылмас қамалың,

Ақиқаты өмірдің .

Тербеген самалы ,

Парызын шындықтың!

Ар - намысым менің,

Ақ пейілім менің.

Арыма қосып жүремін,

Ұятым деп менің.

Ниетім деп менің ,

Соғады мәңгі жүрегім!

Намысы сендер ,

Сенімі сендер ,

Шындығы сендер сол елдің!

Парызы сендер ,

Арыда сендер

Жігері сендер сол елдің


  1. Үй тапсырмасы:

№11-сабақ, оқулықтың 54–бетінде берілген Б.Бұлқышевтың «Шығыс ұлына хат»мәтінін оқу, мазмұндау.

№10-сабақ, жұмыс дәптерінің 22–бетіндегі, №1 тапсырма.


Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қойылады.

-Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық!Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!

Пайдаланған әдебиеттер:1 Өзін-өзі тану оқулығы.

2. Қазақтың аңыз әңгімелері. 3 Әндер жинағы.






































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1651
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі