жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Ар-ұждан" 4-сынып
|
Хиса Айгүл Нұр-Сұлтан қаласы №62 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі. |
||
|
Күні:10.02.2021 |
Мұғалімнің аты-жөні: Хиса Айгүл |
Мектеп: №62 мектеп-лицей |
|
Сынып : 4 «Д» |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Ар-ұждан ғылымы |
|
|
Сабақтың мақсаттары: |
Барлығы:Оқулықтағы даналық сөздердің мәнін ұғынып, өмірді тануға талпынады. Оқу материалдарын оқу, зерттеу, қолдану жұмыстарымен айналысады. Көпшілігі: Түрлі шығармашылық тапсырмалар орындау, сұрақтарға жауап беру, жағдаяттарды шешу, эссе жазу, өлең шығару, сахналық көріністер көрсету арқылы ой - өрістеріңді шыңдай түседі. Кейбірі: Отанға деген құрмет, сүйіспеншілік, қазақстандық патриотизм құндылықтарын қалыптастыру мақсаты қарастырылады. |
|
|
Бағалау критерийлері |
• Диалогке қатысады; • Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады; • Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі; • Тақырыпты және негізгі ойды анықтап үйренеді. |
|
|
Құндылық: |
Ақиқат |
|
|
Қасиеттер: |
адамгершілік, адалдық , қарапайымдылық |
|
|
Пән аралық байланыс |
Қазақ әдебиеті, музыка |
|
|
АКТ дағдылары |
Интербелсенді тақта, іздеу, қолдану, мәселені шешу |
|
|
1 Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Жылы жүрек – жақсы тілек» Сабағымыз әдемі, жақсы өту үшін қандай ережені ұстануымыз керек? 5 Т ережесін еске түсіру. Тәртіп Талап Тазалық Татулық Тыныштық |
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
|
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы сұрақ қою
|
|
|
ІІІ. Дәйексөз «Пайда ойлама, ар ойла» А.Құнанбаев
|
|
|
ІҮ. «Ойланайық, пікірлесейік» . Сыныптастарыңа тән жақсы қасиеттерді жазыңдар. Ақ қағазға алақаныңның суретін сал. Оған парталасыңның бойындағы бес жақсы қасиетті жаз. Ал парталасың сенің бойыңдағы бес жақсы қасиетті жазады. Сыныптағы барлық бала осы тапсырманы орындасын. Содан соң барлық балалардың жазғандарын жинап, ондағы ең көп аталған қасиеттерді іріктеп алайық. Осылайша сынып оқушыларына тән жақсы қасиеттерді білетін боласыңдар. «Оқылым: «Балмұздақ» әңгімесі. Ермек Өтетілеуұлы Жексенбі күні. Балабақшаға бірге баратын кішкене көршілер – Алмас, Мирас, Марал, Жанарлар аулада ойнап жүр. Бір кезде бұлардың тұсынан қолына тор ұстаған ағай өте берді. Ол кісі қалтасынан қол орамалын алған сәтте көлемі біркелкі төрт-бес көк қағаз бірге шығып, жел екпінімен балаларға қарай қалықтап ұшты. Мұны бірінші байқаған Алмас: – «Ақша» деп айқай салып еді, балалар қолын соза көк қағаздарға қарсы ұмтылды. Әрқайсысы әп-сәтте бір-бірден, ал Мирас екі «ақша» ұстап алды. Алмас енді: – Ағай, ағай, тоқтаңыз! - деп әлі ұзай қоймаған әлгі кісіні қуып жөнелді. Марал мен Жанар да жетті жүгіріп. – Не болды, - деді бұларды таңдана күтіп алған бейтаныс. – Ағай, сіз ақшаңызды түсіріп алдыңыз, міне, - деп Алмас қолындағы көк қағазды ұсынды! – Мінеки! - деп, Марал мен Жанар да қағып алған бір-бір «ақшаларын» берді. Ал Мирас бұл кезде асығыс басып, үшінші қабаттағы пәтеріне көтеріліп бара жатқан-ды. ...Аздан соң бейтаныс ағай әлгі жерге қайта келді. Жұбы жазылмай ойнап жүрген төрт балаға күлімсірей жақындап: – Бері келіңдер, - деп оларды өзіне шақырды. Қолында қағазға оралған әлденесі бар. – Балалар, - деді сонан соң ол, орындыққа жайғасып жатып: – Әлгінде маған жинап бергендерің ақша емес, енді қажеті жоқ лотерея билеттері еді. Бірақ, сендер нағыз жігіт екенсіңдер, адал балақайлар көрінесіңдер. Сол үшін мынау – менің сендерге деген сыйым. Алыңдар! - деп қолындағы қағаз орамасынан әрқайсысына бір - бірден балмұздақ ұсынды. Балалар «рақмет» десіп, алып жатыр. Кезек Мирасқа келді. Ол: – Мен жемеймін, - деп теріс айналды. – Неге? Қой, ал! - деп бәйек болды ағай. – Жоқ, жоқ...-Мирас қашқандай болып, кетіп қалды. Оның бұл қылығына бәрі аң-таң. Әсіресе, Мирастың балмұздақты құмарта жейтінін білетін достары қайран. Балақай, Мирастың балмұздақтан неліктен бас тартқанын мүмкін, сен айтарсың?
- Мәтінді оқиды; - Мазмұнын талқылайды. - Сұрақтарға жауап береді. ҚБ. «Бесбармақ» әдісі. |
|
|
Ү. Топтық жұмыстар 1-топ «3 сөйлемдік эссе» әдісі Көп нүкте орнына қажетті сөздерді қойып, оқы. Берілген ұлағатты сөздерді қатыстырып 3 сөйлемдік эссе жазыңдар. Адамзатқа өмірден .... қымбат, өлімнен де ..... күшті. Бауыржан Момышұлы. ....., жан-жүрегің қалай әмір етсе, солай істе. Василий Сухомлинский. .... адам – ..... күшті адам. Әбіш Кекілбаев. Дескриптор: - Көп нүкте орнына қажетті сөздерді қояды; - 3 сөйлемдік эссе жазады; - топ алдында оқиды. 2-топ Ар-ұжданға байланысты мақал -мәтелдер жазыңдар. Дескриптор: - мақал -мәтелдер жазады; - мағынасын ашады. 3-топ Топтастыру
Арлы адам
Дескриптор: - Арлы адамға тән қасиеттерді жазады; - топ алдында оқиды. ҚБ. «»Отшашу» әдісі |
|
|
ҮІ. Топпен өлең айту Жан досым Iздегенде табылатын қасыңнан, Көңiлi бар қызғалдақтай ашылған ... Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн, Кiм бар екен бала күнгi досыңнан? Қайырмасы: Жан досым, үстем болсын мерейiң! Әрқашан жеңiсiңдi көрейін ... Сырымыз да бiтпесiн ... Жырымыз да бiтпесiн ... Жырымыз да бiтпесiн ... Қос бұтағы секiлденiп ағаштың, Қатар жүріп сырымызды сан аштық ... Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық, Адассақ та бiрге жүрiп адастық ... Қайырмасы: Жан досым, үстем болсын мерейiң! Әрқашан жемiсiңдi көрейін ... Сырымыз да бiтпесiн ... Жырымыз да бiтпесiн ... Жырымыз да бiтпесiн ... |
|
|
ҮІІ. Үй тапсырмасы 5-тапсырма: Бауыржан Момышұлының ар туралы пікірін оқып, кластер жасау арқылы өз ойыңды білдір |
|
|
ҮІІІ. Сабақтың қорытынды сәтi. Ар-ұждан – ең қасиетті ұғым. Ол әділдіктің, адалдық- тың, шынайылықтың бірден-бір өлшемі. Ар – адамның өзіндік әділеті. Ар-ұждан адамға риясыз жақсылық жасауға және басқаларға жәрдем беруге көмектеседі. Ар-ұждан дауысын есту арқылы адам өзінің ойын, сөзін, іс-әрекетін ізгілікке толтырады. Адамның ар-ұжданы биік болған сайын, оның басқаларға деген жауапкершілігі, мейірімділігі, қамқорлығы арта түседі. Бүгінгі сабақтан алған әсерімізді қолымыздағы шарға смайликтер сызу арқылы білдірейік. |
|
шағым қалдыра аласыз










Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген