жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Ар-ұждан ғылымы 4-сынып
Тексерілді:
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Адам болам десеңіз ... Өзін-өзі тану 4 сынып
|
||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Әбдрахманова А.С. |
Мектеп: №104 жалпы білім беретін мектеп |
Сынып : 4 «Г» |
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы: |
Ар-ұждан ғылымы |
|
Сабақтың мақсаттары: |
Оқушыларға адам өміріндегі ар-ұжданның алатын орнын түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу. |
|
Сабақтың міндеттері: |
Білімділік: оқушыларға адам бойындағы ар-ұждан туралы түсінік беру; Дамытушылық: оқушыларды ар-ұждан дауысын ести білуге үйрету; Тәрбиелік: оқушыларды шынайы және адал болуға баулу |
|
Құндылық: |
Ақиқат
|
|
Қасиеттер: |
адамгершілік, адалдық , қарапайымдылық |
|
Пән аралық байланыс |
Қазақ әдебиеті, музыка |
|
АКТ дағдылары |
Интербелсенді тақта, іздеу, қолдану, мәселені шешу |
|
Сабақтың барысы
1 Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Көңілді шарлар» тәсілі Топқа бөлу : «Сиқырлы қобдиша» әдісімен үш топқа бөлінеді. Сабағымыз әдемі, жақсы өту үшін қандай ережені ұстануымыз керек? 5 Т ережесін еске түсіру. Тәртіп Талап Тазалық Татулық Тыныштық
|
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
|
||||
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Алтын қалпақ» әдісі арқылы сұрақ қою
|
|||||
ІІІ. Дәйексөз «Пайда ойлама, ар ойла» А.Құнанбаев
|
|
||||
ІҮ. Оқиғаларды әңгiмелеу. Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқулықтағы «ойланайық, пікірлесейік» атты айдарымен берілген сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі.
Балмұздақ Ермек Өтетілеуұлы Жексенбі күні. Балабақшаға бірге баратын кішкене көршілер – Алмас, Мирас, Марал, Жанарлар аулада ойнап жүр. Бір кезде бұлардың тұсынан қолына тор ұстаған ағай өте берді. Ол кісі қалтасынан қол орамалын алған сәтте көлемі біркелкі төрт-бес көк қағаз бірге шығып, жел екпінімен балаларға қарай қалықтап ұшты. Мұны бірінші байқаған Алмас: – «Ақша» деп айқай салып еді, балалар қолын соза көк қағаздарға қарсы ұмтылды. Әрқайсысы әп-сәтте бір-бірден, ал Мирас екі «ақша» ұстап алды. Алмас енді: – Ағай, ағай, тоқтаңыз! - деп әлі ұзай қоймаған әлгі кісіні қуып жөнелді. Марал мен Жанар да жетті жүгіріп. – Не болды, - деді бұларды таңдана күтіп алған бейтаныс. – Ағай, сіз ақшаңызды түсіріп алдыңыз, міне, - деп Алмас қолындағы көк қағазды ұсынды! – Мінеки! - деп, Марал мен Жанар да қағып алған бір-бір «ақшаларын» берді. Ал Мирас бұл кезде асығыс басып, үшінші қабаттағы пәтеріне көтеріліп бара жатқан-ды. ...Аздан соң бейтаныс ағай әлгі жерге қайта келді. Жұбы жазылмай ойнап жүрген төрт балаға күлімсірей жақындап: – Бері келіңдер, - деп оларды өзіне шақырды. Қолында қағазға оралған әлденесі бар. – Балалар, - деді сонан соң ол, орындыққа жайғасып жатып: – Әлгінде маған жинап бергендерің ақша емес, енді қажеті жоқ лотерея билеттері еді. Бірақ, сендер нағыз жігіт екенсіңдер, адал балақайлар көрінесіңдер. Сол үшін мынау – менің сендерге деген сыйым. Алыңдар! - деп қолындағы қағаз орамасынан әрқайсысына бір - бірден балмұздақ ұсынды. Балалар «рақмет» десіп, алып жатыр. Кезек Мирасқа келді. Ол: – Мен жемеймін, - деп теріс айналды. – Неге? Қой, ал! - деп бәйек болды ағай. – Жоқ, жоқ...-Мирас қашқандай болып, кетіп қалды. Оның бұл қылығына бәрі аң-таң. Әсіресе, Мирастың балмұздақты құмарта жейтінін білетін достары қайран. Балақай, Мирастың балмұздақтан неліктен бас тартқанын мүмкін, сен айтарсың?
|
|
||||
Ү. Шығармашылық 1.Мәтінді оқу. Мәтін бойынша дәптерге қос жазба күнделігі толтырылады.
Шәкәрім Құдайбердиев Таза дене, толық мінез ой істерін керек қылады, соның қатты бір керегі – ұждан. Оны адам осы өмірі үшін ғана керек қылмайды, соңғы өмір үшін ғана керек қылмайды,мәңгі өмір үшін де керек қылады. Атым қалсын, мені жақсы көрсін, пәленше сондай таза деген үшін емес. Ұжданның жан тілегі екеніне нанған адам өмірде істеген қиянатына қатты өкініп, күйіп, істеген жақсылығына қуанып өлсе керек. Олар нанбай, ұжданды құр ғана көрініс үшін адамдыққа лайық деп ұғатын кісіге жақсылық пен қиянаттың көп айырмасы болмаса керек. Оған бүгінгі өмірдің айла-әдісін тапса болғаны. Ұждан – өмірге бірдей керек таяныш. Бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды.
2. Интеллектуалды ойын: «Сырлы ұяшықтар» Ұяшықта жасырылған «4 сурет 1 сөз» әдісі бойынша жасалған суреттердің мағынасын табу
|
|
||||
ҮІ. Топпен өлең айту Жан досым Iздегенде табылатын қасыңнан, Көңiлi бар қызғалдақтай ашылған ... Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн, Кiм бар екен бала күнгi досыңнан?
Қайырмасы: Жан досым, үстем болсын мерейiң! Әрқашан жеңiсiңдi көрейін ... Сырымыз да бiтпесiн ... Жырымыз да бiтпесiн ... Жырымыз да бiтпесiн ...
Қос бұтағы секiлденiп ағаштың, Қатар жүріп сырымызды сан аштық ... Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық, Адассақ та бiрге жүрiп адастық ...
Қайырмасы: Жан досым, үстем болсын мерейiң! Әрқашан жемiсiңдi көрейін ... Сырымыз да бiтпесiн ... Жырымыз да бiтпесiн ... Жырымыз да бiтпесiн ...
|
|
||||
ҮІІ. Үй тапсырмасы 5-тапсырма: Бауыржан Момышұлының ар туралы пікірін оқып, кластер жасау арқылы өз ойыңды білдір
|
|
||||
ҮІІІ. Сабақтың қорытынды сәтi. Ар-ұждан – ең қасиетті ұғым. Ол әділдіктің, адалдық- тың, шынайылықтың бірден-бір өлшемі. Ар – адамның өзіндік әділеті. Ар-ұждан адамға риясыз жақсылық жасауға және басқаларға жәрдем беруге көмектеседі. Ар-ұждан дауысын есту арқылы адам өзінің ойын, сөзін, іс-әрекетін ізгілікке толтырады. Адамның ар-ұжданы биік болған сайын, оның басқаларға деген жауапкершілігі, мейірімділігі, қамқорлығы арта түседі. Өмір – теңіз, жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз, - деп «Жақсылық» көліне кемені жіберу үшін тамшыларға жылы лебіздер жазылады. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген