400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ар-ұждан ілімі"

Материал туралы қысқаша түсінік
пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Турпан ауылы

«Сатай батыр атындағы орта мектеп» КММ

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Есенова Лазат Ауғажықызы




Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: «Сатай батыр атындағы орта мектеп» КММ-сі

Күні:07.02.2020ж №: 21

Мұғалімі: Есенова Л.А

Сыныбы: 4а-4б

Оқушылардың саны: 4а-10; 4б-10

Тақырыбы: Ар – ұждан ілімі

Құндылығы: ақиқат

Қасиеттері: шыншыл және адал, әділ болу.

Мақсаты: Оқушыларға адам өміріндегі ар-ұжданның алатын орнын түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушылардға адам бойындағы ар –ұждан туралы түсінік беру.

  2. Дамытушылық: Оқушыларды ар-ұждан дауысын ести білуге үйрету.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды шынайы және адал болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

Дем шығару жаттығуы.

5Т – ережесі:

1.Тәртіп.

2.Талап.

3.Тыныштық.

4.Тазалық.

5.Татулық.

2. Үй тапсырмасы.

1. Келесі сабақ. №21, «Балмұздақ» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

• Алмастың бойынан қандай қасиетті байқадыңдар?

• Мирастың бойынан қандай қасиетті байқадыңдар?

• Мирас неліктен балмұздақтан бас тартты?

• өзің осындай жағдай кездессе не істер едің?

• Сеніңше, ар-ұждан дегеніміз не? Айтып бер.


3. Сабақтың дәйексөзі.

Пайда ойлама, ар ойла.

-Пайда деген сөзді қалай түсінесің?

-Ар деген не?

  • Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Абай Құнанбаев


Мұғалім сыйы.

Ар, Ұят, Намыс


Бір күні Ар, Ұят, Намыс үшеуі бас қосады. Олар өткен-кеткенді әңгіме етеді. Әңгіме арасында үшеуі өздерінің өмірдегі пайдалары туралы айта бастайды.

– Мен адам бойына кішкентай бөбек күнінен әдептіліктің нәрін себемін, – дейді Ұят.

–Ал мен болсам адам баласына өзінің ғана емес, досының, туысының басқа адамдардың істеріне жауапкершілікті сезіндіремін, – дейді Ар.

Сонда Намыс тұрып:

– Мен болсам, адамға өзі, досы, туысымен қоса бүкіл отбасы, сыныбы, мектебі, ауылы, тіпті елі үшін жауапкершілікті сезіндіремін, – дейді. Осылардың айтқанын сырттарынан бақылап, тыңдап тұрған Әдеп:

– О, достарым, мен сендердің сөздеріңе толық қосыламын, үшеуіңнің де өмірдегі пайдаларың – адамды әдепті ету. Өйткені ұятты, арлы, намысшыл адам – нағыз адам. Үшеуің де адам баласына ауадай қажетсіңдер, біріңді-бірің толықтырасыңдар. Сондықтан да мәңгілікке ажырамастай туыс болыңдар, деп бата беріпті. Содан бері намыс – ағасы, ар – інісі, ұят – кіші інісі болып, бірге өмір сүреді екен. Сондықтан да «ұяты бар бала арлы бала болып, арлы бала намысшыл бала болып өседі» деген осыдан қалған екен.

  • Әңгімеде қандай қасиеттер туралы айтылады?

  • Олардың құндылық ретіндегі мәнін қалай түсінесіңдер?

  • Адамның өмірде Ар-ұжданды басшылыққа алуы қандай игіліктерге жеткізеді?

  • Осы қасиеттерді өмірде ұстанасыңдар ма? Қалай?



5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

1-тапсырма. Ұлағатты сөздерді оқып, ар-ұждан ұғымына өз анықтамаларыңды жазыңдар.


Адамзатқа өмірден ар қымбат, өлімнен ұят күшті.

Б.Момышұлы

Ар-намысың, жан-жүрегің қалай өмір етсе, солай істе.

В. Сухомлинский

Арлы адам-ең күшті адам

Әбіш Кекілбаев

/жазу Ар-адамгершілік ізгі қасиет. Ұждан –ар, намыс, ұят. Абырой-ар, ұят, атақ,дәреже, бедел/

2-тапсырма

Өлеңді түсініп оқыңдар. Берілген тапсырманы кезеңмен орындаңдар. Айтбай Хангелдин

Ата ақылы

Шындық деген – ар-ұят,

Әділдік пен адалдық.

Бол ісіңе мұқият,

Қашсын десең жамандық.

Айтпа, жаным, өтірік,

Болам десең үлгілі.

Мәпелеген өсіріп,

Сен де еліңнің бір гүлі...

1-кезең. Ар-ұждан ұғымын сипаттайтын қасиеттерді анықтаңдар.

2-кезең. Ар-ұждан ұғымын сипаттайтын іс-әрекеттерді атап көрсетіңдер. 3-кезең. Ар-ұждан ұғымына төмендегі кесте бойынша өз беттеріңше қорытынды жазып, ойларыңмен бөлісіңдер.



+

?

Мен білемін

Мен үшін жаңа ақпарат

Білгім келеді




3-тапсырма Өлеңді оқыңдар. Өлеңді негізге ала отырып, ар-ұжданмен өмір сүретін адамдарға сипаттама жазыңдар.

Ар-ұжданмен өмір сүретін адамға сипаттама: намысын жоғары ұстайды, оймен де, сөзбен де, іспен де арамдық ойламайды,адал жүреді, шын сөйлейді, таза еңбек етеді.














  1. Топпен ән айту.

Жақсы адамдар

Айбек Оралов

7. Үй тапсырмасы

2. Келесі сабақ. №22, «Мұны қалай түсінеміз» мәтінін оқып келу.

Оқулықта 95 бетте.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Ұждан ілімі-рухани адамгершілік білімнің негізі.адамның тұлға болып қалыптасуына ата-анасы, афйналасы, замандасы, тәлім берер қылған ісі. Сенім белгілерін негізгі басшылыққа ала отырып ұят, шыдамдылық, аяушылық, ізгілік, әдептілік сияқты қасиеттердің ісі болмақ.

Әр адам ұждан білімін оқыса, адамгершіліктің биік шыңына жете алады....

Оқулықта 94 бетте.


Тексерілді:ДОІЖО





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
3402
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі