жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Ар-ұждан және абырой туралы" 6-сынып
Мектеп: №264 мектеп-лицей
Мерзімі:
Тақырып: Ар-ұждан және абырой туралы
Сынып: 6
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: адамгершілік,намысшылдық,адалдық
Мұғалім:Дәуренбекова Гүлзира
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адамгершілік және адалдық қасиеттерінің маңыздылығын түсіндіре отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері: -Оқушылардың адамгершілік қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту; -Оқушыларды намысшыл болуға үйрету; -Оқушыларды адалдыққа тәрбиелеу;
|
Ресурстар: (құралдар мен материалдар) Оқулық,кітап, интерактивті тақта,плакаттар
|
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi. 1. Оқушылармен сәлемдесу. 2.5 «Т» ережесін сақтау. 3. Тыныштық сәтi «Нұрға бөлену». |
|
2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Қара
құлып» мәтінін оқып келу.
Сұрақтары: 5.Кейіпкер баланың орнында болсаңдар қандай әрекет жасар едіңдер? |
Оқулық 57-бет |
3. Дәйексөз «Ар-ұждан алдындағы адалдық-өз қадір-қасиетіңе,ізгі іс-әрекетіңе байланысты». Әл-Фараби -Дәйексөз мағынасын қалай түсіндіресің?
|
Оқушылар дәйексөзді тыңдап,дәптерлеріне жазып алады және оқиды;
|
4.Әңгімелеу (Мұғалім сыйы) Өсиет әңгіме. Бір күні Ар,Ұят,Намыс үшеуі бас қосады.Олар өткен-кеткенді әңгіме етеді.Әңгіме арасында үшеуі өздерінің өмірдегі пайдалары туралы айта бастайды.Мен адам бойына кішкентай бөбек күнінен әдептілік нұрын себемін,-деді Ұят. Ал мен болсам адам баласына өзінің ғана емес,досының,туысының басқа адамдардың ағаттық істеріне жауапкершілікті сезіндіремін,-дейді Ар. Сонда намыс тұрып:Мен болсам,адамға өзі,досы,туысымен қоса бүкіл отбасы,сыныпты,мектебі,ауылы,тіпті елі үшін жауапкершілігін сезіндіремін,-дейді. Осылардың айтқанын сырттарынан бақылап,тыңдап тұрған Әдеп: О,достарым мен сендердің сөздеріңе толық қосыламын,үшеуіңнің де өмірдегі пайдаларың-адамды әдепті ету.Өйткені ұятты,арлы,намысшыл адам-нағыз адам.Үшеуің де адам баласына ауадай қажетсіңдер,біріңді-бірің толықтырасыңдар.Сондықтан да мәңгілікке ажырамастай туыс болыңдар деп бата беріпті.Содан бері намыс-ағасы,ар-інісі,ұят-кіші інісі болып,бірге өмір сүреді екен.Сондықтан да «ұяты бар бала арлы бала болып,арлы бала намысшыл болып өседі» деген осыдан қалған екен. Сұрақтары: 1.Ұят, ар, намыс сендерге не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
2
. «Ұяты
бар бала арлы бала болып,арлы бала
намысшыл болып өседі»
дегенді қалай түсінесіңдер?
3.Үлкендердің
сендерге «ұят болады» деп қандай
жағдайларда айтқанын естеріңе
түсіріңдер және айтып беріңдер. 5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс Топтарға бөлу. 1.Ар-ұждан 2. Абырой 3.Ар-намыс
І топ: Өсиет әңгімені сахналау. Сары бидің өсиет сөздерінің мағынасын ашыңыздар: Арлы- ұжданды бол! Елге деген парызыңды ұмытпа! Намысыңды жастан сақта! Халқыңды жаралама! Жақыныңды жаралама! Қалысыңды қаралама!
ІІ топ: «Абыройлы болу –парызың» тақырыбына постер қорғау.
III топ: Шатасқан нақыл сөздерді сәйкестендіріп , мағынасын ашыңыздар? Ақылың болса,арыңды сақта,ар-ұят керек әр уақытта;
У.Шекспир
М.Моцарт 6.Топпен ән айту. (Ибрагим Ескендір «Көк тудың желбірегені» әнін интеракивті тақтаға шығару). Сөзі: А.Ахметбекұлы Әні: Е.Зейіпхан Көк тудың желбірегені – Қазақтың асқақ беделі. Махаббат, қайрат екеулеп, шымырлатқаны денені. Көк тудың желбірегені – жаныма қуат береді. Таласқа түссе жан мен ту жан емес, маған керегі- Көктудың желбірегені. Көк тудың желбірегені- елдіктің асқақ өлеңі, әр жаққа тартпай, Қазағым, бір сөзге жинал дегені. 7.Үй тапсырмасы. «Серттессең-сөзіңе тұр» Мұхтар Құрманалин 8.Соңғы тыныштық сәті Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді ой елегінен өткізіп,жүрегімізде сақтап аламыз және оны айналамызбен бөлісеміз.Жақсы ой ойлаймыз!Жақсы сөз айтамыз! |
Оқушылар тыңдайды, шығармашылық жұмыстары арқылы сұрақтар талданады |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген