жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Архимед күші" 7 сынып
Пәні: Физика
Мұғалім: Ахметжанова Мира Сеилхановна
Сыныбы: 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Архимед күші
Сабақтың мақсаты: Архимед күші дененің және сұйықтың тығыздығына байланысты болатынын түсіну
Күтілетін нәтиже:
-
Архимед күшімен танысады
-
Денелердің жүзу шарттарытүсінеді
-
Дененің және сұйықтың тығыздығына байланысты жүзу шарты орындалатынын түсінеді
Түйінді идея:Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар
Әдіс –тәсілдер: Ой қозғау Тірек – сызба, топтастыру, бағалау, тәжірибе.
Көрнекіліктер : Интерактивті тақта, жапсырма қағаздар, кеспе қағаздар, оқулық.
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеремін. Сыныпты фигуралар арқылы 3 топқа бөлемін.

Өз ортасының лидері. Шешімді тез қабылдайды. Сенімді адамдар.

Еңбекқор, табанды, шыдамды адамдар

Мейірімді, Бейбітшілікті қалайтын, әділ, мінезі жұмсақ адамдар.
Өткен материалды пысықтау:
Бұл жарыста оқушыларға өткен тақырыптарды қайталап, пысықтау мақсатында оқушыларға эстафеталық білім картасы таратылады.
|
№ |
Физикалық шамалар |
Математи-калық өрнегі |
Өлшем бірлігі |
Өлшейтін құрал |
|
1 |
Масса |
m=ρV |
кг |
Таразы |
|
2 |
Көлем |
V=m/ρ |
м3 |
Мензурка, сызғыш |
|
3 |
Ауырлық күші |
Fa=mg |
Н |
Динамометр |
|
4 |
Салмақ |
P=mg |
Н |
Динамометр |
|
5 |
Қысым |
P=F/S |
Па |
Барометр |
Жаңа сабақ түсіндіру
Ой қозғау
Допты суға батырып, қолды қоя бергеннен кейін , доп қайтадан су бетіне неліктен шығады? Өйткені допты судан ығыстырып шығаратын күш әсер етті.
Енді сол ыдысқа цилиндрді салайық Дене батып кетті. Бұл жағдайда ығыстырушы күш әсер ете ме? Енді цилиндрге ығыстырушы күш әсер ете ме екенін тексеру үшін цилиндрді динамометрге іліп, динамометрдің көрсеткішін жазып аламыз. Содан кейін цилиндрді сол тұрған күйінде суға батырамыз да, динамометрдің көрсетуін жазып аламыз. Екі жағдайдағы динамометр көрсеткішін жазып аламыз. Тәжірибе жасалды? Не байқадыңдар? Динамометрдің көрсеткішінің мәні өзгергенін байқайды.
Демек, сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін бұл ығыстырушы күштің шамасы дене мен сұйықтың қандай сипаттамаларына байланысты болатынын қарастырайық. Бұл күштің шамасын ертедегі грек ғалымы Архимед есептеп шығарған. Архимедтің ашқан жаңалығын түсіну үшін тәжірибе жасап корейік.

Біз ыдысқа құйылған сұйық ыдыс қабырғаларына және ыдыс түбіне қысым түсірілетінін білеміз,ал сұйықтың ішіне қатты дене салып қойсақ оған да қысым түсірілетінін білеміз. Ішіне батырылған денеге сұйық тарапынан әсер ететін қысым күштерін қарастырайық. Түсініктірек болу үшін параллепипед формалы дене алайық, оның табаны мен бүйір беті сұйықтың еркін бетіне параллель болсын. Бүйі беттеріне түсіретін күштері өзара тең және бірін – бірі теңгеріп тұр. Ал дененің үстіңгі және астыңғы беттеріне әсер ететін күштер тең емес. Дененің үстіңгі бетін биіктігі h1 сұйық бағаны жоғарыдан төмен қарай F1 күшімен қысады. Сұйықтың астыңғы бетіне h2 бағаны төменнен жоғары қарай F2 күшпен әсер етеді. Мұнда, h1˃h2 биіктігінен артық, сондықтан F2 күштің модулі F1 күштің модулінен көп. Сондықтан
F2-F1= Fы
күшімен кері итеріледі.
Сұйыққа батырылған денеге әсер ететін кері итеруші күш, осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең болады.
Бұл заңды Архимед ашқан, сондықтан оның есімімен — Архимед заңы деп аталады.
|
FА = ρcVcg. |
(2) |
Vc — ығыстырылып шыққан сұйық көлемі.
Бұл көлем дененің сұйыққа батып тұрған бөлігінің көлеміне тең болады. Егер дене сұйыққа толығынан батып тұрса, онда сұйық көлемі дене көлемімен V бірдей болады, ал егер жарты бөлігі батып тұрса, онда дене көлемінен V аз болады
Жаңа сабақты қорытындылау.
-
Сұйыққа (газға) батырылған денелерге кері _____________ әсер етеді.
-
Бұл күш жоғары бағытталған, оны _______________ немесе ____________деп атайды.
-
Архимед күші дененің ауадағы және сұйықтағы ______________айырмасына тең.
-
Архимед күші дененің ығыстырып шығарған ____________________
-
Архимед заңы мына түрде жазылады: ____________
-
Архимед заңы арқылы әуеде _______, суда кемелер __________, сүңгуір қайықтар _______ .

Есеп шығару үлгілері: 29-жаттығу
1-есеп
Суға көлемі 100см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы-1000кг/м3.
Шешуі:
|
Берілгені |
ХБЖ |
формуласы |
шешуі |
|
V=100см3 ρ=1000кг/м3. |
=1*10-4м3 |
FА = ρcVcg. |
ҒА=1000*10-4*10=1H |
|
т/к FА -? |
|
|
Жауабы: ҒА=1H |
2-есеп.
3 түрлі кубтар берілген осылардың қайсысына көбірек ығыстырушы күш әсер етеді? Егер керосинге батырсақ ығыстырушы күштің шамасы өзгере ме?

Жауабы: денелердің көлемдері әртүрлі болғандықтан оларға әсер етуші ығыстырушы күш те әртүрлі. Көлемі көп денеге ығыстырушы күш көп болады. Керосинге батырсақ ығыстырушы күштің шамасы кемиді, себебі, керосиннің тығыздығы судың тығыздығынан кем.
3 есеп
Керосинге массасы 500г темір кесегі батырылған. Ығыстырушы күшті анықтаңдар. Темірдің тығыздығы -7900кг/м3, ал керосиннің тығыздығы -820кг/м3.
Жауабы:
|
Берілгені |
ХБЖ |
формуласы |
шешуі |
|
m=500г ρ(т)=7900кг/м3. ρ(к)=820кг/м3. |
=0,5 кг |
FА = ρ(к)Vcg. V=m/p |
V=0.5/7900=6,3*10-5м3 ҒА=820*6,3*10-5*10=0,51H |
|
т/к FА -? |
|
|
Жауабы: ҒА=0,51H |
Оқушыларды бағалау.
Үй жұмысы: өткен §55. Архимед күші тақырыбын мазмұндау, 29 -жаттығу 5-9 есеп.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген