400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің қосындысы

Материал туралы қысқаша түсінік
материал 9 классқа алгебра пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Пәні: алгебра Класс: 9

Сабақ тақырыбы: Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның п-ші мүшесінің формуласы

Мақсаты :

1.Арифметикалық прогрессия, арифметикалық прогрессияның айырмасы, n- ші мүшесінің формуласы және қасиеттері жайлы түсінік беру.

  1. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, есептер шығарудағы іскерліктерін, өз бетімен еңбектенуін, білімділігін дамыту.

  2. Оқушыларды адамгершілікке, дәлдікке, жүйелі түрде

Түрі: білімділік пен дағдыны қалыптастыру

Әдісі: Үш өлшемді деңгейлеп оқыту

Көрнекілігі: компьютер,  слайт,  кестелер,сызбалар, деңгейлік тапсырмалар

Барысы: 1) Ұйымдастыру

«Тізбектелген тілек» ойыны. Әр оқушы  тілекті оң жағындағы көршісіне айтады, ол әрі қарай тілекті оң жағындағы көршісіне айтып жалғастырады.

Топ ережелерін басшылыққа алып, топтық  жұмыс жасайтындарын айтады "Прогрессия-ілгері қозғалыс, алға ұмтылыс!"

2) Үй жұмысын тексеру

3)Жаңа материалды меңгерту

9 оқушы бір апталық демалысын өткізу кезінде шаңғы базасынан спорт бұйымдарын жалға алды. Ол берілу құны бойынша бірінші күні 800 теңге, ал келесі күндері қосымша 300 теңгеден қосып төлеп отыруы қажет. Егер оқушы спорт бұйымдарын жалға бір аптаға алатын болса, онда әр күні қанша төлеуі қажет.

Есеп бойынша мына тізбекті аламыз: 800, 1100,1400,1700,2000, 2300,2600

Мындай тізбекті АРИФМЕТИКАЛЫҚ ПРОГРЕССИЯ дейміз.

Анықтама: Екінші мүшесінен бастап әрбір мүшесі алдыңғы мүшесіне қандай да бір тұрақты сандар қосқанда шығатын сандар тізбегін ариметикалық прогрессия диміз.

Қосылатын тұрақты сан, кез келген көршілес екі мүшесінің (алдыңғы  және кейінгі) айырымы екенін байқауға болады. Бұл санды арифметикалық прогрессияның айырымы деп атап, d әрпімен белгілейміз.

а1=2 және d=0,5болса,

онда а2=а1+d=2+0,5=2,5

а3=а2+d=2,5+0,5=3

а3=а2+d=3+0,5=3,5 және т.с.с

арифметикалық прогрессияның анықтамасы бойынша

а2=  а1+d

а3= а2+d=( а1+d)+d= а1+2d

а4= а3+d=( а1+2d)+d= а1+3d

а5= а4+d=( а1+3d)+d= а1+4d

аn= а1+(n-1)•d

 

1 мысалдар: 218;212;206;200;194…..арифметикалық прогрессиясының 122 мүшесін есептеңдер.

а1=218     а2=212            d= а2— а1=212-218= -6

аn= а1+(n-1)•d

а122= 218+(122-1)•(-6)=218-726=-506          Жауабы: -506

 

2 мысал: 4;9;14;19;24;29;…….арифметикалық прогрессиясы берілген. Прогрессияның 304 ке тең мүшесінің реттік нөмерін анықтаңдар.

 

а1=4              d= 5   аn=304

аn= а1+(n-1)•d

304= 4+ (n-1)*5

5*(n-1)=304-4

5*(n-1)=300
(n-1)=300:5

(n-1)=60

n=60+1

n=61                                      Жауабы: 61

 «Прогрессия» ойыны

Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі 2-ге,ал айырмасы 3-ке тең,келесі мүшесі.. Доп арқылы ойналады,келесі мүшесін айтып.

 

4) Қосымша тапсырмалар.

№1    Суретте берілген кестенің төртінші, бесінші, жетінші мүшесін

табыңыз.

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

№2 Төменде  берілген  кестедегі бос орындарды толтыр.



a1

a2

a3

d

1

2

3

1

2

7

12

5

 

5) сергіту сәті:  андеграунт ойынын ойнату

6) кітаппен жұмыс:

№165

3;7;11; ……… арифметикалық прогрессиясының а) алтыншы; ә) отызыншы мүшесін табыңдар.

Шешуі:  аn= а1+(n-1)•d                   а1=3     d=7-3=4

а6= 3+(6-1)•4=3+20=23

а30= 3+(30-1)•4= 3+29*4=3+116=119

№166

Бірінші мүшесі 130-ға, ал айырымы -3 ке теңарифметикалық  прогрессияның а) төртінші, ә) он бесінші мүшесін табыңдар.

аn= а1+(n-1)•d                   а1=130     d=-3

а4= 130+(4-1)•(-3)=130+3*(-3)=130+(-9)=121

а15= 130+(15-1)•(-3)=130+14*(-3)=130+(-42)=88

Прогрессия тұрмыста:

  Жұмысшы кафель плиталарын 1-қатарға - 3 плитадан, екінші қатарға 5 плитадан т.с.с. әр қатарда 2 плитадан өсіре бергенде, 7-қатарда неше плитадан болады ?

№167

а) 1;4;7;10;13;…..       ә)3;0;-3;-6;-9;…..         б) 4;9;16;25;…. тізбектерінің қайсы арифметикалық прогрессия бола алады?

Жауабы: а, ә,

7)  Тестіні орында :

  1. a1=-2,  d=3   a6 = ?

  2.  a) -13     b) 13     с) -16     d) 16

  3. a1= 10, d= 4 , n = 11 болатын арифметикалық прогрессияның соңғы мүшесін есептеңіз

  4.  a) 50      b) 81     c) 30      d) 62

  5. Жұп сандар тізбегін көрсет:

а) 1,2,3,… b) -1,-2,-3,…  с) 2,4,6,…  d) -2,-4,-6,….

8) Қорытындылау

9) Бағалау 

10) Үйге тапсырма  № 168 ә)  № 169





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
516
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі