400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Әріпті өрнек 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Математика Мектеп: №72 ЖББМ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Теңдік және теңсіздік. Теңдеу.

Мұғалімнің аты-жөні: Калыбекова Г.Б

Күні: Қатысқандар саны:

Сынып: 1 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Бүтін және бөліктер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.5.2.2 «+», «-», «=», « », «>», «<» таңбаларын/ цифрларды, ( ) белгісіз сан символын қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: бүтін мен бөлікті ажыратады.

Оқушылардың басым бөлігі: өз бетінше бөліктерге бөледі. Бөліктерден аппликация құрастыра алады.

Кейбір оқушылар: бір өрнектен бірнеше өрнектер құрастырады.

Тілдік мақсаттар

  • Сандар мен шамаларды салыстырып, олардың теңдік немесе теңсіздік түрінде екенін түсіндіре алады.

Пәндік лексика мен терминология

  • Дәл сондай/бірдей, дәл сондай мән, сонша, тең, теңдік

  • Қысқаша жазу, есептің үлгісі, сызба, кесте.

Диалог пен жазуға қажетті пайдалы тіркестер

  • Мұның дәл сондай екенін қайдан білдік?

Құндылықтарды дарыту

Салауатты өмір салтын оқушылардың бойына дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек: бөліктер арқылы белгілі бір көлік түрін құрастырамын.

Бастапқы білім

бүтін, бөлік туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Жағымды психологиялық ахуал

Құтты қонақ келіпті,

Төріме міне еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал,кәнеки бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

  • Сәлеметсіздерме қонақтар. Жарайсыңдар, балалар! Ендеше, барлығымыз орнымызға жайғасып отырайық.


Оқушыларды топқа бөлу

Оқушыларды стикердің түстеріне қарай топқа бөлемін. Стикерлерді оқушылардың парталарының астына жабыстырып қоямын

1 топ:

2 топ:

Топ ережесімен таныстыру:

1.Топпен бірлесіп жұмыс жасау

2.Уақытты тиімді пайдалану

3.Басқаның сөзін бөлмеу

4.Сыйластық

5.Пікірін ашық айту

6.Жылдамдық

7.Ауызбіршілік


Ширату

  • Балалар, бүгін біз сендермен математика еліне саяхатқа аттанамыз. Ол үшін ең алдымен саяхатқа қандай көлік түрімен баратынымызды шешіп алайық. Ол үшін алдарыңда жатқан конвердегі қағаз қиындыларын бір-біріне қосу арқылы көліктің түрін анықтауымыз керек.

  • Жарайсыңдар, бұл пойыз.


(Т) І бекеті: « Фигуралар әлемінде»

І топ: Кеме құрастыру

ІІ топ: Машина құрастыру

ҚБ: «Жасыл, сары, қызыл» тәсілі арқылы оқушылар өзара бағалайды.

«Фигуралар әлемінде» тапсырмасы арқылы жаңа тақырыпты табу, сабақтың мақсаты анықталады.

  • Балалар, ендеше біз сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

  • Иә, балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Бүтін және бөліктер» деп аталады. Бүгінгі сабақта біз бүтін мен бөлік деген ұғыммен танысамыз. Оларды бір-бірінен ажыратуды үйренеміз.




Көңілді әуен

жүрекшелер








Стикерлер,




Сабақтың ортасы


(МК) ІІ бекеті: «Бүтін және бөліктер» деген не?

Кері байланыс: «Сұрақ-жауап»


(Т) ІІІ бекеті:

Әр топқа бір өрнек беріледі. Олар сол өрнек бойынша «бүтін мен бөліктің» сызбасын құрастырады.

ҚБ: «Бас бармақ» тәсілі арқылы екі топ бір-бірінің жұмысын өзара бағалайды.


ІҮ бекеті: Сергіту сәті

Жарайсыңдар, балалар! Енді біз орнымыздан тұрып, сәл серігіп алайық!

«Сəлемдеме жіберіңіз...»

Оқушылар əуен ойнап жатқанда оралған затты сынып ішінде береді. Музыка тоқтаған кезде, оқушы бір қабатын ашады. Əр қабатқа 1-20 көлеміндегі қатысты бір сұрақ болады, оқушылар оны тауып, одан кейін оралған затты əрі қарай береді. Осылайша заттың орамасы біткенше жалғасады.


(Ж) Ү бекеті: «Орындап көр»

Сызбадағы белгісіз санды табыңдар

Кейбір оқушылармен жұмыс:

(Ө)Тапсырма

Бір өрнектен бірнеше өрнектер құрастырады.

ҚБ: «Графикалық бағалау»

Жасыл жұлдыз – тапсырманы сәтті орындағанда;

Сары жұлдыз - 1-2 қате жібергенде;

Қызыл жұлдыз – тапсырманы орташа орындағанда бағалаймын.


ҮІ бекеті: Дәптермен жұмыс

ҚБ: «Смайлик түстері» арқылы бағалаймын.

Жасыл смайлик – тапсырманы сәтті орындағанда;

Сары смайлик - 1-2 қате жібергенде;

Қызыл смайлик – тапсырманы орташа орындағанда бағалаймын.


Сабақтың соңы


7 мин



«Торттың бөліктерін» беру арқылы сабақты қорытындылаймын.

  • Бүгінгі сабақта қойған мақсатымыз қандай еді?

  • Сабақта не туралы айттық?

ҮІІ Бекеті: Кері байланыс «Блоб ағашы»

  • Егерде сабақты толықтай түсінген жағдайда өзіңді жоғарғы жағына белгілейсің.

  • Егерде сұрақтарың болса өзіңді ортаңғы бөлігіндегілердің біреуін белгілейсің.

  • Егерде сабақты түсінбесең өзіңді ағаштың төменгі жағындағылардың біреуін белгілейсің.

Сұрақтары бар оқушыларды тыңдап, жауап беріледі.




Саралау – оқушыларға қалай

көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет қоюды

жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың

Материалды меңгеру деңгейін

Қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Көбірек қолдау көрсетуді қажет ететін оқушыларға өздік жұмыста түсіндіру жүргізіледі, қолдау көрсетіледі.

Қабілетті оқушыларға бір өрнектен бірнеше өрнектер құрастырады.

Топтық жұмыста «Бас бармақ» тәсілі арқылы екі топ бір-бірінің жұмысын өзара бағалайды.

Өздік жұмыс бойынша барлық оқушылар мен кейбір оқушыларды «Графикалық бағалау» арқылы бағалаймын.


«Орындап көр» тапсырмасында, кейбір оқушылармен жұмыста оқушыларды «Графикалық бағалау» арқылы бағалаймын.

Дәптермен жұмыста «Смайлик түстері» арқылы бағалаймын.

Сергіту сәтінде

Сабақ бойынша рефлексия


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
496
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі