400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Әріпті өрнектерді салыстыру 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
әдіс-тәсіл алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар



Пәні:Математика

Сынып:1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Теңдік және теңсіздік.Теңдеу

Күні:14.02.2018 ж

Мектеп:Ташанақ

Мұғалімнің аты-жөні:ТомашеваК


Қатысқандар саны: 11 Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

Әріпті өрнектерді салыстыру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.3 қосу мен алу арасындағы байланысты әріптік теңдік түрінде көрсету және қолдану: а+b=с, c–a=b, c-b=a

1.2.1.4 қосу мен алуда 0-дің қасиеттерін әріптік теңдік түрінде көрсету: a+0=a, a-0=a

1.2.1.5 жақшасыз берілген әріптік, сандық өрнектерді салыстыру

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Әріпті өрнек құрастыра алады

Көпшілігі: Жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыра алады және сандар мен шамалар арасында қатынастарды =, ≠, >, < таңбаларын қолдану арқылы көрсете алады.

Кейбірі: Санды және әріпті өрнектерді өз беттерінше құрастырып, салыстыра алады

Бағалау критерийлері



Қосу мен алу арасындағы байланысты әріптік теңдік түрінде көрсетеді және қолданады.

Қосу мен алуда 0-дің қасиеттерін әріптік теңдік түрінде көрсетеді

Жақшасыз берілген әріптік, сандық өрнектерді салыстырады.

Сөздік қор





Санды өрнек,әріпті өрнек,теңдік,теңсіздік

-Қайсысы ауыр, бір қап картоп па, әлде үш картоп па?

- Бір шелекке бір құмыра су және бес тостаған су құйды, ал екіншісіне бір құмыра су мен жеті тостаған су құйды. Қай шелектегі су артық?

- Қай таспа ұзынырақ, егер бір таспаның ұзындығы қарындаштың ұзындығы және тағы да 10 см тең болса, ал екіншісі – қарындаштың ұзындығы және тағы да 11 см болса?

- а + 7 немесе а + 17 өрнектерінің қайсысы артық? Неге?

- Азайтуға берілген әріпті өрнектерде Бұл заңдылық сақтала ма? Неге?

Құндылықтарды дарыту

Мәңгілік ел.4 .Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім.

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу,жаратылыстану,музыка

Алдыңғы меңгерілген білім

Санды және әріпті өрнектер, сандар мен шамалар арасындағы қатынастар, санды өрнектерді салыстыру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

3 минут

Ширату

Әнұран

Топқа бөлу: әріптер және сандар.

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында “Кубизм” әдісін пайдалану

Сабақты топтық жұмысты орындатумен бастаймын. Топтағы оқушыларға әріпті өрнектер жазылған кеспеқағаздарды таратып беремін.

Мысалы; а + 7 ; а + 8 ; а + 9; 100 + а және т.б.

-Бұл өрнектерде бәріне ортақ не?

- Олар қосуға берілген, барлығында бір әріп компонент бар.

- Өрнектердің айырмашылығы неде?

- Сан компоненттерінде.

- Балалар, әріптердің сан компоненттерін білмесек те , олардың сан компоненттері бойынша өрнектерді салыстыруға болады.

- Қалай ойлайсыңдар мұны қалай істеуге болады?

Топтарға тапсырмалар беремін.

1.Ең үлкен мәні бар өрнекті тап;

2. Ең кіші мәні бар өрнекті тап;

3. Екі өрнекті «>» немесе «<» таңбаларының көмегімен салыстырыңдар;

4. Өрнектердің мәндерін өсу ретімен орналастарыңдар;

5. Біркелкі өрнектерді әртүрлі тәсілдермен оқытамын;

6. Теңсіздік алатындай жағдай ойластырыңдар. Мысалы: «а + 8 < 12 + а





Ноутбук


әріптер және сандар.














Тапсырма







Сабақтың ортасы

30 минут



1.(Т) Салыстыр.

Тапсырманы топта орындатамын.

кон2.jpg

Тасырма берілген иллюстрация негізінде орындалады. Оқушыларға бір кәмпитті бір топтан екінші топқа ауыстырып салып жатқандай елестетулерін ұсынамын.

-Бұл жағдайда қандай әріпті өрнектер құрастыруға болады? Сол өрнектерді жазыңдар және салыстырыңдар.

Мысалы:

Х + 6 < х + 9

Х + 8 > х + 7

Дескриптор

өрнектерді жазады және салыстырады

Бағалау:Кәмпиттер

2.(Ж) Әріпті өрнектер құрастыр және оларды салыстыр

оқулықта берілген суреттер бойынша

. А) х + 4 < х + 5 ,

Б) х + 3 > х + 1 ,

В) х + 3 < х + 7

Дескриптор

Әріпті өрнектер құрастырады және оларды салыстырады

Бағалау:Кәмпиттер

. 3.Дәптерге көркем жазу.

Тапсырманы ең алғаш болып орындаған оқушыларды тақтаға шығарып жазғызамын. Өзге балалар жұмыстарын жанында отырған оқушыға береді, жұпта отырған оқушы тапсырма нәтижесін тексереді

Дескриптор

Көркем жазады

Бағалау:Басбармақ






Санды өрнектер құрастыруға арналған суреттер, түрлі – түсті қарындаштар








Оқулық, А4 қағаздары.









Оқулық, жұмыс дәптерлері.



Сергіту сәті

1 минут

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы

5 минут





Оқушылардың бүгінгі «Жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру»мақсатын қаншалықты меңгергендерін байқау мақсатында

қалыптастырушы бағалау тапсырмасын аламын.

Алдымен оқушыларға тапсырманы түсіндіріп беремін.

5 + 8 және 5 + х санды және әріпті өрнектерін салыстыр.

Х – тің мәні

>

<

=

0

☺



1

☺



7

☺



8



☺

9


☺


10


☺


Дескриптор

Санды және әріпті өрнектерін салыстырады

Бағалау:Жұлдызша









Қалыптастыру-

шы бағалау тапсырмасы.

Сабақтың соңы

1 минут


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім





Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

- Қосудың компоненттерін ата.

- Азайтудың компоненттерін ата.

- Әріпті өрнектерді қалай салыстырамыз?

- 12 + х 18 + х өрнектерін салыстыр.




-Топтық жұмыстағы жауаптарын тыңдаймын.

- Жеке жұмысты өз бетінше қалай орындағанын байқаймын.

- Сұрақтарға жауап бергенде тыңдаймын.









Жаратылыстану,

Оқу құралдарымен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережесін ескерту.


Жеке бас гигиеналық талаптарын сақтау.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1 Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.: .

2 Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
1964
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі