Материалдар / Ашық сабақ. "Армысың, Алтын Күз!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. "Армысың, Алтын Күз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейте түсу; күзді басқа жыл мезгілдерімен салыстыра отырып, айырмашылығын ажырата білуге арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2018
748
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Армысың, Алтын күз!
Мақсаты:1. Оқушылардың күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейте түсу; күзді басқа жыл мезгілдерімен салыстыра отырып, айырмашылығын ажырата білу;
2. Оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыру; тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал ету;
Мұғалім:Уа, халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық..!
Армысың сары алтындай Алтын күзім»
Күн нұрын төккендей боп жапырағың.
Қарсы алып біз өзіңді тұрмыз міне,
Алтын күз деп өзіңе айдар тағып.
Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алтын орны ерекше. Күз - жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлык, молшылық. Күз дегеніміз - қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтініміз, бұл мезгілде жеміс - жидек, астың пісіп жетілуі, күзде малда, аң мен құстарда қоңданып, семіреді. Күзде қыс қамы жасалады, сондықтан адам да, жануарлар да, өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды.

Сандуғаш: Көрініп еліме
Күндері мереке
Келді ғой жеріме,
Күз деген мереке

Жания: Оқуға алғаш келгенде
Болсын деп білім серігім
Қиялым қанат бергенде,
Жүзбек боп ғылым теңізін
Қарсы алды күліп мектебім
Тұр екен дайын партасы
Бақытқа мұндай жеткенім
Алтын күздің арқасы.

Айғаным:Нағыз Алтын күз - қыркүйек айы. Қыркүйек - ерекше ай. Жалпы алғанда біз үшін күз дегеніміз - мереке, күз дегеніміз - береке. Ол еңбек - айы.

Тоғжан: Менің атым - қыркүйек, күздің бірінші айымын. Молшылықтың, байлықтың айымын. Қыркүйек айының мерекелері;
1 - қыркүйек - Білім күні.
22 - қыркүйек - Тіл мерекесі.

Дінмұхаммед: Күзгі маусымның екінші айы - қазан. Бұл ай - мереке басы. Диқандар бұл айда сабантой жинайды.

Бекзат: Менің атым - қазан. Күзгі жиын - теріннің соңғы айымын, еңбекқор елді той - думанға кенелтемін.

Қазан айының мерекелері;
Қазан айының алғашқы жексенбісі - Ұстаздар күні.
Қарттар күні, сабантой.

Асылзат: Менің атым - қараша. Күздің соңғы айымын. Қыстың жақындап қалғанын хабарлаймын.

Мұғалім: Кәне, балалар! онда осы мерекелерге байланысты тақпақ айтайық.

Ғалымжан:Сәлем, саған мектебім,

Алғыстарым көп менің.

Оқу, білім, тәрбие

Ой санама еккенің.

Ұлдана:Қуаныш бүгін – мереке,

Шуағын шашып тұр әлем.

Мектепке келген алғашқы,

Жан досым, саған мың сәлем.

Дидар:Білім керек бәріне,

Балалардың бәріне.

Білімі болмаса егер де,

Жолы болмас өмірде.

Білім керек әрқашан,

Өмір бой бәріне.

Сондықтан да балалар,

Білім алайық бәріміз.

Соның үшін балалар,

Білім керек бәріне.

Саяна:Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,

Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.

Ұстазды жеткізгенше мұратына,

Білім іздеп лапылдап жаңа берем.

Хафиз:Нұрын төккен көк аспан күмбезінен

Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне.

Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем,

Бар байлығын әлемнің бір сіздерге.
Аруназ: Ана тілің - арың бұл

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте...
Айхан: Тілім барда мактанам,

Тілім менің аппақ ән

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сактаған.

Нурислам: Мұғалім - ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың,
Өмірде сенің алар орыныңды
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.

Раяна: Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,

Сізге ұқсап қудық біз де сан арман.

Сіздей адам дүниеде көп болсын,

Балалардың бақыты үшін жаралған.
Мұғалім: Күз айлары: Ал, балалар, сендер біз туралы, біздің мерекелі күндерді жақсы күндерді жақсы біледі екенсіңдер. Енді кезекті күз байлықтарына береміз.

Егін, жеміс, жапырақ, алма, жүзім, қауын, асқабақ айта берсем көп екен..
Молшылық күз - береке күз,
Береке күз - мерекеміз!

Інжу:Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Ақнұр:Алтын нұрдай тамшылап.
Жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң шуақ
Біздің өмір көңілді.

Сезім: Дала біткен жайдары
Құлпырыпты, түлепті,
Ақ бидайды айдарлы
Жапан түзге кім екті.
Еркебұлан: Ұшты талдан жапырақ,
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерге секірді.

Алинұр: Қарашы мына далаға,
Реңі сондай сары ала
Пісіпті алма балбырап,
Сарғайып жатыр бал құрақ.

Ұлдана: Аспанда қаптаған
Бұлт тыным таппаған.
Жөңкіліп көшеді
Суық жел еседі.

Шәкәрім: Әне, қызыл алмалар,
Әсем бақтың жемісі
Алма терген балалар
Албырайды нұр жүзі.

Али:Мынау бақ. Онда әр түрлі жеміс ағаштары өседі. Олар: алма, алмұрт, шабдалы, алхоры, жүзім, шие, жаңғақ. Жаз бойы ағаштарды күтіп, суарады. Күзде жемістері піскеннен кейін жинап аламыз. Алма, алмұрт, шабдалы, жүзім, шие тәтті жемістер.

Салидат: Біздің бақшада картоп, сәбіз, орамжапырақ, пияз, қияр, қызанақ өседі. Біз жазда оларды күтеміз. Күзде жинап аламыз.

Сергіту сәті

Мұғалім: «Кім тапқыр?» ойынын ойнайық.                  

                   Ал, балалар, балалар,

                   Күзді енді тыңдаңдар,

                   Қандай жұмбақ айтса да,

                   Шешпей оны қоймаңдар.

Мен сендерге жұмбақтар жасырам сендер қолдарынды көтеріп жауап бересіңдер. Кім көп табады екен.

 1.Бұл не деген көп киім,                     2. Бақшаның алып жемісі,

Жетпіс қабат көп киім.                           Қайнамай піспес келісі.

Жаңбыр одан өтеді,                                Қоңыр күзде сақтайды,

Түймелеуге жетпейді.                            Сары майдай ел іші.

                  (қырыққабат)                                                   (асқабақ)

 3. Дала тегіс сарғайды,                      4. Іші жұмсақ, сырты қатты,

Шаруа қысқа қамдалды.                        Еті қызыл, сүті тәтті.

Күн қысқара бастады,                                                      (қарбыз)

Тауға тұңғыш қар жауды.

                          (күз)

5. Жер бетінде шашы бар,                6.Жаз да жылдам өтіпті,

Жер астында басы бар.                         Күн суытып кетіпті.

                           (сәбіз)                         Киейін деп сондықтан, 

                                                                  Алып қойдым етікті.

                                                                                              (күз)

7.Өрік, алма

   Шие, алма

   Жидек, жүзім піседі.

   Қауын, қарбыз

   Қияр, сәбіз

   Қоймаларға түседі.

   Айтыңдаршы, балалар,

   Бұл қай кезде болады? (күз)

 Нұрият: Мен қиярмын, қиярмын,
Дәмділікті жиярмын.
Салаттардың сәнімін
Жеп көрші қане, дәмдімін.

Еркебұлан: Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе
Оның аты қызылша
Жей бер қарның тойғанша.

Айана: Мен картоппын, картоппын
Бір қарасаң доппын
Кім не десе де жағам,
Мені қоссаң тәтті болар тағам.

Ясмина: Күзім - ау, күзім - ау,
Мінезің бұзық - ау,
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық - ау.
Бау - бақша тосады
Тосады, достарым.
Дастархан толған дәм,
Жайдары аспаным
Ойнаймыз, күлеміз,
Достықты білеміз.

Көрініс күз тақырыбына байланысты

Шәкәрім:(бала)Уф шаршадым.Күз қашан бітеді екен.Қашан жаз болады екен.Қашан демалысқа шығады екенбіз.Күнде сабақ,азанда ерте тұру.Мұғалім де, ата-анамда оқы оқы дей береді.

Сәлеметсіз бе тал неге жол бойында жалғыз болып тұрсыз? Неге жасыл жапырақтарыңыз сары түске енді?

Салидат:( тал)Сәлеметсің бе балақай! Ех, маған қарап өз өміріңді бағала сен бейне бір көктемде жаңа отырғызылған ағаш секілдісің.Сенің қазіргі ойың маған ұнамады. Менде жас кезімде ақымық болып өнім бермедім, түзу өспедім.Адамдар сол себепті маған қарамай кетті.Енді міне жапырақтарым солып,сарғайып сары түске енді.Шіркін-ай уақытты артқа қайтара алсам гой.

Шәкәрім:(бала) Қалай сонда түсінбедім?

Салидат:( тал) Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, өмірден өз орнын табуға керек.Сол себепті сабақты кішкентай кезден бастап жақсы оқып, жақсы жағынан көріну сенің мақсатың болу керек балам.Саған қарайтын ата-анаң қасыңда сен бақыттысың. Бүгініңді бағалай біл адам баласы үшін айналадағы алтын күздің бір жапырағы бойыңа сіңірген біліммен тең.

Шәкәрім:(бала) Тал сізге көп көп рахмет менің ойым өзгерді енді күнделікті сабағымды жақсы оқимын.Мұғалімнің және ата-анамның айтқанын екі етпей орындап, мықты маман иесі боламын.Ата-анама қараймын.Ол кісілердің мені ойлап оқы деп айтқанын түсіндім.Сау болыңыз!

Салидат:( тал) Сау бол! Саған айтарым уақыттың қадірін біл.Уақытты ешқашан артқа айналдыра алмайсың.

Мұғалім: Қараңдаршы көзің тоймас.
Күз деген бір жақсы уақыт
Ойда, қырда, таудың іші,
Бір молшылық жатқан шалқып.
Ал, балалар, кім біледі?
Неге айтамыз «Алтын күз» деп.

Айжан: «Алтын күз» деп
Біз айтамыз сол үшін де,
Сары алтындай, сары қауын
Көп піскен соң бақ ішінде.

Елдос: Жаңа піскен алмабаққа
Көзің тоймас қарасаң да,
Қараңдаршы сары алтындай
Жапырақты қайың, талға
Мұны көріп күзді қалай,
Тең емессің сары алтынға.

Мұғалім: Міне, балалар, әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі бар. Еңбекті талап ететін күз мезгілі бізді тәтті тағамдармен байытады.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

































Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназия









Тақырыбы:

Армысың,

Алтын күз!




















Сыныбы: 1 «Ә»


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!