400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Армысың, Әз Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: Армысың, Әз Наурыз! Ертеңгілік мерекесіне арналған сценарий. Наурыз мерекесі туралы айту. Наурыз жыл басы, көктемнің алғашқы мерекесі. Малдар төлдеп, ағаштар бүршік атып, тіршілік оянған кезі екенін түсіндіріп, ой-өрісін кеңейту. Қазақтың салт -дәстүрін айтып, насихаттау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу - қызметі

Білім беру саласы : «Қатынас»

Бөлімі : Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы : «Армысың, Әз Наурыз»

Мақсаты : Наурыз мерекесі туралы айту. Наурыз жыл басы, көктемнің алғашқы мерекесі. Малдар төлдеп, ағаштар бүршік атып, тіршілік оянған кезі екенін түсіндіріп, ой-өрісін кеңейту. Қазақтың салт -дәстүрін айтып, насихаттау.

Шаттық шеңбер : Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой

Ал, қанекей, бәріміз

Салем, - дейік үлкенге

Қайырлы күн, қонақтар.

Қайырлы таң, балалар.

Балалар шеңберге тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастыру - ынталандыру

Бүгінгі оқу қызметімізде біз көктем мезгілінің ерекшеліктері мен ауа-райының құбылыстарын және көктем мерекесі «Наурыз» туралы айтамыз. - Балалар қазір жылдың кай мезгілі?

-Көктем мезгілінде ауа райы қандай болады?

-Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Суреттермен жұмыс :

-Балалар мына суреттерде жылдың қай мезгілінің құбылыстары бейнеленген?

-Ал енді осы суреттер бойынша әңгіме құрастырайық.

-Көктем мезгілінің айлары қандай?

-Қазір көктемнің қай айы?

-Дұрыс балалар, қазір көктем мезгілі. Көктем мезгілінде малдар төлдеп, жер аяғы кеңіп, ағаштар бүршік жарып, көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек те қар астынан қылтиып шығады екен. Осы көктем мезгілінің алғашқы айы Наурыз деп аталады. Наурыз - сөзі парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді екен. Ежелгі салт-дәстүр бойынша қазақ халқы жаңа жылды наурыздың 22 күні қарсы алған екен. Бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекес » деп атайды. Наурыз мерекесіне ел-жұрт ерекше дайындық жасайды. Жеті түрлі дәм қосып Наурыз көже дайындайды . Жеті шелпек, бауырсақ дастарханға қойылып, әр үйде ет асылады.

Армысыздар !

Ұлыс оң болсын !

Ақ мол болсын !

Деніміз сау болсын ! -деп қарт кісілер бата беріп, дастарханға молшылық тілейді.































- Осымен қатар, мерекеде әжелерімір салт-дәстүрлерді жасап, түсіндіреді. Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне мыналар жатады : шілдехана, ат кою, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер , тіл ашар және т.б. оларға жеке тоқталу үшін суреттерге назар аударыңдар! Салт-дәстүрлердің ішінен сендерге бесікке салу рәсімінің калай ететінін айтып берейін.

-Бесік касиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Бесіктің сәби денсаулығына , тазалығына пайдасы өте зор. Бесікті баланы жаткызар алдында аластайды. Жұмсак жастық, көрпеше салады . Ұл баланың жастығының астына пышақ, қайрақ салады . Ал кыз балаға тарак , айна жастап коятын болған.

Ал енді бір сергіп алайық!

Сергіту сәті:

Көтеріліп шаңырақ,

Керегелер керілді.

Уықтарын қадаймыз,

Киіз үйді құраймыз.

Балалар енді сендердің Наурыз мерекесіне арнаған тақпақтарыңа кезек берейік.

Айару :

Кең болсын қазағымның керегесі,

Кетпесін Алла берген берекесі.

Алаштың баласына нәсіп болған,

Құтты болсын Наурыз мерекесі.

Дарын:

Жыл басы - Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды,

Наурыз тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды.

Асылнұр:

Елім менен жеріме,

Ырысын шашқан Наурыз.

Күлімдеген көктемге,

Шуағын шашқан Наурыз.

-Рахмет , балалар! Жарайсыңдар!

Қорытындылау: Міне, балалар, біз бүгін Наурыз мерекесі туралы білдік. Халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрімен танысып, білдік. Наурыз туралы, салт-дәстүр туралы үйрендік.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
944
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі