400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ашық сабақ Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен тоқу 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен тоқу 6 сынып. Ашық сабақ мұғалімдер мен оқушыларға арналып жасалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:2А – Бөлім.

Сәндік-қолданбалы өнер

Күні:


Сынып:6 А, Ә, Б, В

Мұғалімнің аты-жөні: Бакелекова Д.Б.

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен тоқу (сулықтар, сөмкелер, ұялы телефондардың қабы). Бірінші кезең

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.6.2 Бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, олардың қасиеттері мен міндеттерің анықтау.

6.1.5.2 Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау және жасау

Сабақ мақсаттары

  • Тоқыма өнерінің түрлерін біледі;

  • тоқуға арналған материалдар мен құрал-жабдықтарды анықтайды, зерттейді, түсінеді;

  • зерттеу барысында алғашқы білімдерін қолданады;

  • таныстырылым жасағанда бір-бірлеріне ұсыныстар айтады, өзара бағалау жүргізеді.

Бағалау критерийлері

  • өз бетінше идеялар ұсынады және мәселелерді шешеді;

  • шығармашылық шешімдерін жүзеге асыра отырып, талдауларға көңіл бөледі;

  • зерттеу аясын ашып көрсетеді.


Тілдік мақсаттар


Тілдік оқыту мақсаты

Оқушылар орындай алады:

Сәндік - қолданбалы өнер түрлерін баяндайды.

Қазақтың ұлттық және басқа да этностардың халқтарының тұрмыстық ғұрып-салтын, дәстүрін, тарихын айта алады.

Бұйым жасаудағы өзгенің шығармашылдық идеясын, ойын түсіндіріп береді.

Пәндік тіл және терминология

Диалогқа/жазбаға қажетті тіркестер

Мәдениет, салт, дәстүр, ғұрып, өру, тоқу, ағаш ою, зергерлік, мүсіндеу, бедерлеу, көркем өңдеу,тоқу.

Сулық, ұялы телефон қабы, сөмкелер. Мен ...таңдау себебі, ...

Мен бұны ... материалдан жасалғанын білдім.

Мен ... пайдалы жақтарын білемін.

Мен ... материалдар мен құралдарды қолданғанын білдім. Бұл бұйым ... ерекшеліктерден тұрады.

Құндылықтарды дарыту


Іздену, зерттеу құндылығы оқушыларда мәліметті іздену кезеңінде дами түседі. Практикалық жұмыс барысында оқушылардың бойында өмір бойы еңбектену және шығармашылық құндылықтары артады. Топ ішінде жұмыс жасағанда құрмет, сыйластық құндылықтары жетіле түседі.

Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақтытарихпәнімен байланыстыруға болады. Себебі, оқушылар ілмекпентоқу өнерімен танысады. Ертеректеқолданылғанәдіс-тәсілдерімен танысады, өздеріжасапкөреді.


АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақта АКТ зерттеу жұмысын жүргізу үшін ноутбуктар қолданылады.

Бастапқы білім


Тақырып: Бұйымның нобайын салу және құрал-жабдықтар мен материалдарды таңдау.



Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтыңбасы

Миға шабуыл презентациясы

5 минут













Бастапқы кері байланыс

«Сұрақ-жауап»

3 минут










Жұпқа біріктіру

«Сиқырлы тоқыма»

1 минут




Негізгі тапсырма

2 минут















Зерттеу кезеңі

15 минут

Бағалау критерийі

2 минут




Дифференциациялық тапсырма

2 минут










Таныстырылым кезеңі

12 минут



Өзара бағалау

«Смайлик» әдісі







Кейінгі кері байланыс

«Микрофон»

2 минут







Сабақты қорыту

2 минут






Үйге тапсырма

1 минут


Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп болған соң бүгінгі сабақтың тақырыбын айтпас бұрын оқушыларға презентация көрсетіледі. Презентацияда тоқыма бұйымдарының мысалы, сулықтар, сөмкелер және ұялы телефон қаптары т.б. заттардың фотосуреттері көрсетіледі.


Слайдтар көрсетіліп болған соң оқушыларға тақырыпты бекіту мақсатында төмендегіше сұрақтар қойылады.

Сұрақтар:

  1. Тоқыма жұмыстары үшін қандай материалдарды қолдануға болады?

  2. Табиғи материалдардан қандай бұйым тоқуға болады?

  3. Тоқу яғни сәндік қолөнер бұйымын жасаудың адам өміріне және ағзасына қандай пайдасы бар деп ойлайсыздар?


Үстел бетіне 4 түрлі түсті стикер 2 данадан қойылады. Оқушылар кезекпен үстелге жақындап көздерін жұмып стикердің біреуін алу қажет. Барлық оқушылар қағазды алып болған соң жұптарын іздеп тауып бірігеді.


Жұпқа біріккен оқушыларға өз таңдаулары бойынша тоқыма сәндік бұйымын, әдісін яғни тоқыма түрлерін зерттеу тапсырылады. Ол үшін тақтаға 4түрлі бұйымның аттары жазылады. Олар:

  1. Қыздарға арналған сөмкені тоқу өнері

  2. Сулық тоқу өнері

  3. Ұяы телефон қабын тоқу өнері

  4. Жұмсақ ойыншықты тоқу өнері

Оқушылар осы тоқу өнерінің түрлерінен өз қалаулары бойынша таңдап алады. Бірақ 4 жұп осы 4 тоқу өнерінің түрлерін түгел таңдаулары тиіс екендігін мұғалім ескертеді.


Зерттеу жұмысына қойылатын бағалау критерийі:

  1. Тоқыма түрінің ерекшелігін анықтау;

  2. Қолданылатын материалдарын зерттеу;

  3. Зерттеу аясын ашып көрсету.

  4. Өз бұйымдарының нобайын жсау


Бағалау критерийіне сәйкес оқушылар жұп болып зерттеу жұмыстарын бастайды. Оқушыларға екі деңгейлі дифференциациялық тапсырма беріледі.

Қабілеті жоғары оқушылар үшін: өз таныстырылымын POWER POINT бағдарламасында электронды түрде жасайды.

Қабілеті орта оқушылар үшін: Өз зерттеулерін А2 форматына түрлі-түсті маркер арқылы сызбамен, суретпен көрсетеді.

Зерттеулерін аяқтаған жұп 3 рет қол шапалақтауы тиіс.


Оқушылар зерттеулерін аяқтап болған соң таныстырылым кезеңін бастайды.

Қалған тыңдаушы оқушылар әр жұп бір сұрақтан қояды, және өзара бағалау жүргізеді.

Өзара бағалау жүргізу үшін оқушыларға екі түрлі смайлик суреттері таратылады. Бағалау критериінің үшеуіне толық жауап берген жұпқа күліп тұрған, ал екі бағалау критерийіне айтылған жауапқа мұңайып тұрған смайликтердің суреттерін көрсету арқылы бағалап отырады.


Бастапқы кері байланыстан кейінгі кері байланыста қандай ерекшелік байқағандарын анықтау үшін ауызша төмендегіше сұрақтар қойылады. Бұл кері байланыс «микрофон» деп аталады. Себебі мұғалім қызыл маркерді алып сұрақтарды қояды, көк маркерді алған оқушы жауап береді.


Сұрақтар:

  1. Тоқыма өнер түрлерінің бір-бірінен айырмашылықтары қандай?

  2. Қолданылатын материалдарында қандай ерекшеліктер бар екендігін байқадыңыз?

  3. Бүгінгі сабақта өзіңізге қажет жаңа мәлімет ала алдыңыз ба?


Сабақты қорыту мақсатында бүгінгі сабақтың сәтті және сәтсіз тұстарын айтып өтемін. Сәтті тұстары: оқушылар сабаққа белсенді түрде қатысқандығы болуы мүмкін.

Сәтсіз тұсы: зерттеу кезеңіне уақыттың жетпей қалуы немесе таныстырылым кезінде өз ойларын толық жеткізе алмаулары болуы мүмкін.


Қайшы, тоқыма жіптері, ілмек түрлерін алып келу керектігін ескертемін.





Презентация

1,2,3,4,5 слайдтар




https://www.youtube.com/watch?v=MSwiuVj5Bx4





hurnal.rykodelniza.ru/neobyknovenno-krasivye-salfetki-vyazanie-kryuchkom/






































Тоқутүрлеріментанысу http://infourok.ru/urok-vizanie-klass-740635.html

Шыбықтан бұйым тоқу шеберханасы

http://baq.kz/news/kogam/elordada-shibiktan-buiim-toku-sheberhanasi-ashildi-foto-74496

Өрнектеп тоқу түрлері

http://bilimsite.kz/tehnologia/257-ornektep-toku-turleri.html

Қазақтың бір өнері -- кілем тоқу - YouTube

https://www.youtube-nocookie.com/embed/djz4iAUxkl0


Алаша тоқу.

https://www.youtube.com/watch?v=T5Yf336osIA






Сабақ бойынша рефлексия



Тоқыма деңгейін қадағалау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
792
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі