400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Арыстан мен тышқан"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан (Мысал) Сұлтанмахмұт Торайғыров

Сабақтың мақсаты: Оқушылар мысалмен таныса отырып, негізгі ойды, идеяны ұғынады. Өз ойларын еркін айтуға, көзқарастарын дәлелдей білуге машықтанады. Оқушылардың ой-өрістерін, тіл байлығын, танымдық белсенділігін дамыту. Оқушыларды мейірімділікке тәрбиелей отырып зұлым, мейірімсіз, қатыгездіктен аулақ болуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер: Оқушының ауызша сөйлеуін, мәнерлеп, түсініп оқуын, өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу, шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін дамыту. Мысалдың мазмұнын айқындай келе, табиғатты сүюге, аң-құсқа қамқорлық жасауға, мейірімділікке, бауырмалдылыққа тәрбиелеу арқылы адамгершілік тәрбие қалыптастыру.

Сабақтың тұрпаты: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың әдісі: Диалог. Түсіндіру. Өздік. Топтастыру.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі. Дүниетану. Көркем енбек

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта арқылы мысал мазмұнына сай салынған суреттер. Мультфильмдер. Құрастырма өлеңдер.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.

Психологиялық дайындық .

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді боламыз.

Қайырлы күн! Сәлемдесу аламыз.

Мақсатымыз –білім алу. Еңбектену.

Еңбектену арқылы

5-ке қолды жеткізу.

Топқа бөліну.

«Күн шұғыласы» арқылы топқа бөліну. Күн шұғыласы бейнеленген сурет беріледі. Осы суреттегі күннің шуақтарын әр бала бір – бірден алады. Бұл қолдарыңа алған шуақта халық ауыз әдебиетінің түрлері жазылған. Әр бала халық ауыз әдебиетінің түрлеріне байланысты бөлініп отырайық.

Топ ережесімен таныстыру. Топ ережесін есімізге түсірейікші. (бірін –бірі тыңдау, бірлесіп шешу ,өзара көмек көрсету, ойды ашық айту,тыныштықты сақтау, уақытты үнемдеу)

Жақсы балалар әр топ өз топ басшысын сайласын. Осы топ басшысына бағалау парағын беремін. Топ басшысы әр тапсырма бойынша әрқайсысыңды бағалап отырады.

Бағалау парағы ()

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

Балалар үйге қандай тапсырма берілді.

«Кофе таяқшасы» арқылы үй тапсырмасын тексерейік.

Жақсы, сонымен балалар бойымызда қандай қасиеттер болу керек екен. (еңбекқор, еңбекқор, қонақжай, талапты, адал, пайдалы)

- Қандай мақал - мәтел айтар едіңдер? Тазалық- денсаулық кепілі. Ынтымақ түбі – игілік., Тірлік түбі – бірлік . Бірлік еткен озар, бірлеспеген тозар.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі.

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Енді қазір экранға назар аударамыз. Ребус шешеміз. Дұрыс балалар, бүгін біз адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттердің ара жігін ашып көрсететін С.Торайғыровтың Арыстан мен Тышқан мысалымен анысамыз. Енді осы тақырып бойынша сабағымызға қандай мақсат қоямыз?

  • Арыстан мен тышқан мысалымен танысамыз.

  • Мысалдың авторы туралы білеміз.

  • Адам бойындағы қасиеттермен танысамыз.

  • Шығармашылық тапсырмалар орындаймыз.

  • Топпен жұмыс істейміз

  • Арыстан мен тышқан мысалындағы негізгі ойды анықтаймыз

Балалар осы мысалдың авторы С.Торайғыров.

С.Торайғыров туралы не білеміз?(ақын, жазушы, )

«Артық болмас білгенің» Автор туралы дайындап акелген мәліметтермен бөлісу. Кунделікті сабақта қолданып журген «Артық болмас білгенің» стратегиясы бойынша автор туралы дерек айтатынбыз. Бүгін кімнің кезегі? Кім айтады?

«Визуалды айғақтар» Қазір барлығымыз бейнежазбаға назар аударамыз. Мұқият тыңдаймыз. Қосымша сұрақтар қойылады.

-Арыстан туралы қандай қосымша ақпарат алдық?

-Ал енді Тышқан қандай жануар?

Оқулықпен жұмыс. (Ұ.Ж)

Жақсы балалар енді оқулығымызды ашып, жұппен мысалды оқып шығайық.

Оқығанын талқылау.

Не туралы жазылған?

 Мысалдағы оқиға нелер арасында болған?
- Арыстан тышқанды не үшін өлтірмек болды?
- Тышқан қалайша өлімнен құтылды?

  • Ол өз уәдесін қалай орындады?

Сөздік жұмыс.

-Бұл мысал ертеректе жазылғандықтан сөздік жұмыс жүргізіп сөздердің мағынасын анықтап алайық.

Күпшек- біліп кигізілетін шабақтар, қондырылатын ұңғы тесіктері бар ортаңғы бөлігі.

Зиян- залал,зақым.

Азат-еркін, өз еркі өзінде,ерікті.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрып бойымызды жазып демалып алайық.

Қазір топпен жұмыс жасаймыз.

  1. топ.

Арыстанға 5 жолды өлең құрастыру. Осы өлең ішінен алуларыңа болады.

  1. топ . Тышқанға бес жолды өлең құрастыру

  2. топ. Мысал желісінен көрініс көрсету.

  3. топ. Мысал мазмұнына сай келетін мақал айту.

Басыңа күн түссе,

Жақсы көмекке келеді,

Жаман күліп кетеді.

Жаман дос көлеңке,

Басыңды бұлт шалса,

Қашып құтыла ламайсың.

Таймер ()

Әр тапсырмадан соң топтар бағалап отырады. Керемет әдісі. Бағалау парақшасын топ басшылары белгілеуді ұмытпаймыз.

Қорытындылау .

  • Міне,балалар біз басымызға іс түссе, көмек ете білуіміз

керек. Адам бойында қандай қасиеттер болу керек екен?
- Балалар, бүгін біз кімнің шығармасымен таныстық?
- Мәтін ұнады ма?
- Мәтін шығарманың қай түріне жатады?
- Адамдар қатты қысылған уақытта қандай көмек беру керек?
- Осы мысалдан қандай сабақ алдыңдар?

Осы өлеңді айтайықшы.

Түйін сөз.

Үлкен сабақ түйгеніміз мысалдан –
Нағыз дұшпан артық жаман досыңнан.
Тығырыққа тірелер күн туғанда
Арыстан да көмек сұрар тышқаннан!

Балалар бүгінгі сабағымыздың күтілетін нәтижесі қандай еді.Түсіндік

Оқушыларды бағалау.

Топ басшылары бағалау парағында топ мүшелерінің қорытындысын шығарып маған өткізесіздер.

«Білім қоржыны» бүгінгі әсерлерің қандай балалар, білім қоржынына апарып орналастырайық.

(Оқушылар бүгінгі алған әсерлерін стикер бойынша білім қоржынына апарып салады )

ҮІІІ.Үйге тапсырма беру кезеңі.

Мысалды түсініп оқу. Шығармашылық тапсырма Арыстан мен тышқан туралы ертегі құрастырып келу.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
606
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі