400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ас- адамның арқауы "

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ үлгісі 9 сыныпта қазақ тілінен сабақ беретін ұстаздарға арналған.Оқушылардың ауызша тіл байлығын дамыту мақсатында қолданылған жұмыс түрлері ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ас –адамның арқауы.

Сабақтың максаты: 1.Білімділік: Тағам атауларымен, оның ішінде қазақтың ұлттық тағамдарынын атауларымен таныстыру, ұлттық дәстүр туралы түсінік беру, тақырып төңірегінде әңгіме айтуға үйрету, сын есімдерді, үстеулерді, етістіктерді меңгерту.

2. Дамытушылық: Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, сауатты жазуға үйрету, шығармашылық әрекетін шындау, алған білім дағдыларын күңделікті өмірде қолдана білуге төселдіру.

3.Денсаулық сақтауға тәрбиелеу және денсаулық сақтауда тағамдардың рөлін ашу.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазактың ұлттық тағамдары» атты слайд.

Сабақта қолданған әдіс-тәсілдер: рөлдік ойын, сұхбаттасу, мәнерлеп оқу, сөйлесім,тыңдалым, жазылым әрекеттері, жаттығу жұмыстары

Сабақта қолданған технологиялар:

- коммуникативтік жүйеде оқыту;

- оқытудың ойын технологиясы;

- акпараттық-компьютерлік технология.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. "Тындаушылармен амандасу.

2. Тыңдаушыларды түгеңдеу.

II. Өткен такырыпты еске түсіру,

1. Үйге берілгеи тапсырманы тексеру.

2. Өткен тақырыпта үйренген жаңа сөздерді жатқа сұрау.

3. «Демалыста» такырыбыңда берілген сұрақтар бойынша ауызша әнгіме құрастыру . (Өткен сабақтарды пысықтай отырып, жаңа сабақпен байланыстыру)

Ш. Жаңа сабақ

I. Бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын тақтаға жазу.

1. Мақалдың (Ас үстінен аттама, Астан үлкен емессің) мағынасын ашу.

2. Оқулыктағы тапсырмалар бойынша жұмыс.

1 -тапсырма: Оқыңыз, есте сақтаңыз.

1-тапсырма: Берілген тағам атаулары мен тағамға байланысты қолданылатын етістіктерді оқи отырып, тындаушыларға қайталату және жаңа сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлем кұрдыру.

Ас мәзірі Ет асу

Даяшы Пісіру

Тағам Қуыру

Сұйық тағам Қайнату

Қою тағам Ұйыту

Сусын Кесу

Шырын Әзірлеу

Ботқа Жеу

Көже Ішу

Кеспе

Палау

Тұшпара

2 тапсырма: Қазақ халқының ұлттық тағамдарымен танысыңыз.

Қазақтың ұлттық тағамдарын суреттерін көрсету арқылы меңгерту

( суреттермен қатар слайдтан да көрсету).

3-тапсырма: Бос орындарға қазақтың ұлттық тағам атауларын қойыңыз.

Еттен ___________________________________________жасалады.

Сүттен___________________________________________жасалады.

Ұннан (дөннен) ____________________________________ жасалады.

(Грамматика бойынша күшейткіш үстеулер және антонимдер туралы мағлұмат беру. Мысалдар келтіру,

оқушылардың өздері де мысалдар ойлап табуы керек).

Назар аударыңыз! Күшейткіш үстеулер

Өте, ең, тым, аса, орасан.

Мысалы: Тағамдары өте дәмді.

Ең дәмді тағам-қазақша ет.

Қымыз тым қышқыл.


Есте сақтаңыз! Антонимдер

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер

антонимдер деп аталады.

Мысалы: ыстық-суық, ащы-тәтті, дәмді-дәмсіз,

қою-суйық, қатты-жұмсақ

(Оқушыларға күшейткіш үстеулер мен антонимдерге мысалдар келтірту)

4-тапсырма: Сұхбатты оқып, өзара сөйлесіңіз.

(Сұхбатты рөлге бөліп оқыту. Түсініксіз сөздерді сөздіктен тапқызу. Өзара сұхбаттастыру.)

Жанар: Бүгін асханаға бардың ба?

Жомарт: Иә, асханаға бардым.

Жанар: Ас мәзіріңде не бар?

Жомарт: Ас мәзіріңде сұйық, қою тағам, сусыңдар бар.

Жанар: Тағамдары қандай?

Жомарт: Тағамдары дәмді.

Жаиар: Аспаз тамақты қалай пісіреді?

Жомарт: Аспазы тамақты өте дәмді пісіреді.

Жаиар: Даяшысы қандай?

Жомарт: Асханада даяшы болмайды.

Рөлдік ойын «Дәмханада».( топпен жұмыс)

(1 тыңдаушыны даяшы етіп сайлау, ал қалған

тыңдаушылар 3-4 адамнан бөлініп, әр үстелге кезекпен-

кезек жайғасады. Оларды даяшы қарсы алып, төмендегі «Ас мәзірін» ұсынады. Ал дәмханаға келген адамдар бір- бірімен келісіп, түскі асқа тапсырыс берулері қажет. Даяшы олардан тамаққа тапсырыс алуы керек.)

«Заман» дәмханасының ас мәзірі




Сұйық тагамдар:

І.Қазақша ет 200гр/500 теңге

2. Көже 200гр/200 теңге

3. Кеспе 200гр/250теңге

4. Сорпа 200гр/150те.


Кою тағамдар:

1. Куырдақ 200гр/300теңге

2. Қазы- қарта 200 гр/600 теңге

3. Құйрық-бауыр 200гр/200теңге


Сусындар

1. Шай (сүтпен) 1 кесе/ЗОтеңге

2. Шай (сүтсіз) 1 кесе/25 теңге

3. Қымыз 1 кесе/ 100 теңге

4. Шұбат 1 кесе/10Отеңге

5.Айран 1кесе/25 теңге


Шайға

1. Бауырсақ 1 дана/20 теңге

2. Талқан 10Огр/ЗОтеңге

3. Жент 100гр/40 теңге

4. Кұрт 1 дана/100 теңге

5. Ірімшік 100гр/ 20 тецге


Астарыңыз дәмді болсын!

5тапсырма: Кестені толтырыңыз.(Кестеге тағам атауларын жазу)

Сұйық тамақ


Қою тамақ


Сусын






6-тапсырма: Жұптастырыңыз және өзіңізді тексеріңіз.

Ет пісіреді

Қуырдақ кеседі

Кеспе қайнатады

Шай қуырады

Сүт сапырады

Айран ұйытады

Қымыз асады



7- тапсырма: Мәтінді тыңдаңыз, ұлттық тағам атауларының астын сызыңыз. (Дыбысталған мәтінді тыңдайды. Тыңдап болган соң, қайталатып бірнеше оқушыға оқыту, мазмұнын айтқызу.

Қазақ халқының дастарқаны ұлттық тағамдарға өте бай. Олар қонаққа арнап ет асады, бауырсақ пісіреді, қуырдақ қуырады, қаймақ қайнатады, қымыз береді. Дастарқанға таба нан, бауырсақ, май, қаймақ, құрт, талқан, жент қояды. Қонақты жақсы күтеді.

8 тапсырма: Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыз.

Марина:____________________________________

Валера _____________________________________

Мадина ________________________________

Маргарита:___________________________________

Анастасия:____________________________________

9-тапсырма: Жаңа сөздерді пайдалана отырып, «Ас мәзірі» тақырыбына әңгіме құрастырыңыз.

IV. Сабақты қорытындылау.

Тақырып төңірегінде сұхбаттасу.

V. Үй тапсырмасын беру.

Жаңа сөздер, монолог «Ас-адамның арқауы»













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
1 қараша
1223
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі