жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Ас-адамның арқауы 7б сыныбы
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Ас адамның арқауы. Одағай сөздер.
|
Бөлімі: |
Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар. |
|
Педагогтің аты-жөні: |
Сабыржан Фатима Абылайқызы |
|
Күні: 22.02.2022 |
Пәні: қазақ тілі |
|
Сыныбы: 7Б |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Ас адамның арқауы, Одағай сөздер. |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
7.Т/А3 Тыңдалған ақпараттың мазұнын түсіну, ұсынылған ақпарат боынша факті мен көзқарасты ажырата білу; Одағай түрлерін ажырата білу және оны қолдану; |
|
Сабақтың мақсаты: |
Оқушылардың барлығы орындай алады: Тыңдалған ақпараттың мазұнын түсінеді, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу; Одағай түрлерін ажырата алады,қолданады; Топтық жұмыста диалог құрастырып, бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Оқушылардың көбісі орындай алады: Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Тақырып бойынша тыңдалған мәліметтерді ажыратып, дәлелдер келтіре алады. Топтық жұмыста бірлесе отырып жұмыс жасап үренеді. |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/ Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
2 мин 3 мин
8 мин
3 мин
3 мин
2 мин
5 мин |
Психологиялық ахуалды қалыптастыру. «Күн шуағын жарқыратамыз» тренинг арқылы, қане балалар сабақтың ашық-жарқын, шуақты болып өтуіне ат салысамыз. Ой түрткі: Бүгін түскі ас іштіңіздер ме? Иа дегендер «Оң қол» көтереді; Жоқ дегендер «Сол қол» көтереді; Түскі ас дәмді болды ма? Иа дегендер «бас бармағын жоғары қаратады» Жоқ дегендер «бас бармағын төмен қаратады» Оқушылар бүгін сабақтың тақырыбы неге байланысты деп ойлайсыздар? Сабақтың тақырыбы: «Ас – адамның арқауы» Сабықтың мақсатымен танысады. Тілдік бағдар: Одағай сөздер туралы жалпы ақпарат беру. Мысалдар келтіру: Құрау-Құрау жылқыны шақыру. Алақай, бүгін сырғанық тебуге бармыз; Дұрыс тамақтану: пайдалы кеңестер. Балаларға арналған қазақша мультфильм көру «Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер арқылы оқушылардың бейнеден алған ақпараттарын, жеке пікірін білу» Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:
. Адам организмінде қандай заттектер болады? Адам ағызасына керекті заттектер, нәруыздар, көмірсулар және майлар болып бөлінеді. Соған байланысты оқушылар топқа бөлініп отыр. Оқылым алды: Ұжымдық жұмыс. «Жұмбақ шешу» әдісі арқылы сабақтың негізін анықтаңдар. Асқа қатысты жұмбақтардың шешімін табу. (Жұмбақтың шешуі сурет арқылы анықталады.) Шиге жайып кептірген, Өзі қышқыл, түсі ақ, Жесең дәмді, недеген! Жаңғақтай - ақ домалақ. (Құрт) Қырымда бір құдық бар суы батпан, Сол суы шілде күні мұз боп қатқан. Сіресіп ба уырдай боп қатқан мұздың, Бетіне бетегесі шығып жатқан. (Айран) Әрі сусын, әрі дәрі, Емге ішеді жас пен кәрі. Малдың сүті, елдің құты, Деп бағалар жұрттың бәрі. (Қымыз) iMektep (Дұрыс және дұрыс емес) ойыны. Оқушылар сабақтың басындағы тілдік бағдарды еске түсіру мақсатында ойын арқылы, өз білімдерін тексереді. Берілген ақпаратты (Дұрыс және дұрыс емес) ойыны арқылы оқушылардың түсінігін тексеру. |
Оқушылар берілген күн шуақтарына өзінің тілектерін, көңіл - күйін жазып, шуақтарды күнге жалғайды. Күннің жарқырауы үшін оқушылар бір – біріне күлімсірейді. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, іс әрекет арқылы көрсетеді. Оқушылар сабақтың тақырыбын анықтап, мақсатымен танысады. Одағай сөздер жайында ақпарат алып, оларды ажырата біледі және күнделікті өмірде қолдана алуға үйренеді. Балалар бейнені көру арқылы, дұрыс тамақтану ережесін түсінеді, пайдалы кеңестерді қабылдайды және түсінігіне қорытынды жасайды. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын жеткізеді. Адам ағызасына керекті азық түлік құрамында болатын заттектерді ажырата алады,өз топтарының атауы неге байланысты екенін біледі. Оқушылар жұмбақтың шешуін тауып жарысады. Таба алмаған жағдайда жұмбақтың шешуі суреттен біледі. Алғырлығын, тапқылықтарын көрсетеді. Ойын арқылы түсініктерін тексереді. Ақпараттың я дұрыс, я дұрыс еместігін тауып,білімдерін анықтайды. |
Жарайсыздар! Тамаша!
Ауызша бағалау
Жарайсыздар! Тамаша!
|
Иа, жоқ» әдісі. Слайд https://www.youtube.com/watch?v=jWklhxwlxmA «Жұмбақ шешу» әдісі Слайд
https://imektep.kz/kz/game#true_false-1315 |
|
5 мин (8 мин) 4 мин |
Сабақ ортасы Топтық жұмыс. Топқа бөлінген оқушылар «Ас адамның арқау», «Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі», «Дені саудың, жаны сау» тақырыптарына байланысты топтар арасында талқылап, диалог құрастыру. Әр топ өз диалогінде қалау рай мен одағай сөздерді пайдалануы шарт. (Сергіту сәті) «Бинго» ойыны. Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып, қорапшадағы тағам суретін таңдау арқылы, суреттегі тағам түрінің атын атамай сөз арқылы жеткізу. (Мысалы: құрамы, неден жасалғандығы т. б) |
Берілген тақырыптар бойынша топтар өз арасында талқылап, диалог құрастырады. Құрастырылған диалогтарды сыныпта қорғап, бір - бірімен өз ара қарым - қатынасқа түседі. Бір оқушыдан шығып, қоржындағы суреттегі тағам түрінің атын атамай, сөз арқылы қандай тағам екенін жеткізеді. |
Жарайсыздар! Тамаша!
|
|
|
2 мин |
Сабақтың соңы Рефлексия Жеке жұмыс. «ПОПС» формуласы арқылы оқушылар ойын түйіндейді. *Пікір (Менің ойымша...) *Дәлел (Себебі,....) *Мысал (Мысалы,...) *Қорытынды (Қорыта айтқанда,...) Дескриптор: *Тақырыпқа қатысты пікірін білдіреді; *Дәлелдер келтіреді; *Мысал келтіреді және қорытындылайды
Үй жұмысы
|
Оқушылар берілген карочкаларға тақырыпқа байланысты өз пікірлерін жазады, дәлел келтіріп, мысал жазады. Бүгінгі сабақтан әсерлімен бөлісіп, сабақты қорытындылайды. |
|
«ПОПС» формуласы |










Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген