400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Ас не үшін қажет? 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін біледі, тағамның құндылығын біледі, дұрыс тамақтануға баулиды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: жаратылыстану


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


Мектеп: Тараз қаласы

Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы



Бөлім:2 Жанды табиғат

Бөлімше:2.3 Адам

Ортақ тақырып:

Уақыт

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ревшенова Айдана Айтбаевна

Сынып: 3

Қатысқандар:


Қатыспағандар:0



Сабақтың тақырыбы:

Ас не үшін қажет?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

3.2.3.2 асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттау

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.

Сабақтың мақсаттары:

  • адам өмірінде астың қажеттілігін түсінеді;

  • асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттайды;

  • тағам құрамындағы құнарлы заттарды табады, оның пайдасы мен зиянын анықтайды.


Бағалау критерийі

  • асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін дәлелдеп, түсіндіреді;

  • тағам құрамындағы құнарлы заттарды анықтайды;

  • ақпарат көзінің тиімді түрлерін анықтайды.

Тілдік мақсаттар:

Тірек сөздер:ас, нәруыз, май, көмірсулар, калория

Пәнге тән лексика мен терминология:калория

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Ауызша, жазбаша

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Күніне неше рет тамақтану қажет?

  • Таңғы асты қай уақытта ішкен дұрыс? Кешкі асты ше?

  • Тамақты шамадан артық ішкен адам өзін қалай сезінеді? Неліктен?

Құндылықтарды дарыту:

Құрмет, ашықтық, ынтымақтастық, жауапкершілік, сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар:

Математика – тамақтану мөлшері, тамақтың құрамында кездесетін құнарлы заттардың мөлшерін анықтайды.

Дене шынықтыру –энергенияны жұмсау және орнын толтыру

АКТ қолданудағы дағдылары:

Ақпарат көздерін пайдалану - ақпараттық мәдениетін дамытады.

Зерттеу дағдылары дамиды.

Білім алушылардың коммуникативтілік дағдылары дамиды.

Бастапқы білім:

Білім алушылар 1-2 сыныптан адамның өсу және даму қажеттіліктерін біледі, тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын түсінеді

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы:



І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де

Қуанайық бәріміз

Арайлап атқан күнге.

ІІ. Тағам түрлерінің суреттері арқылы топқа біріктіру.

1- топ: нәруыздар

2 – топ: майлар

3 – топ: көмірсулар

4 - топ: калория

«Құпия дорба» әдісі арқылы жаңа сабақты ашамын. Үстел үстіне тағам түрлері салынған дорбаны қоямын. Білім алушылар сабаққа не әкелгенімді табады. Дорба ішінен тағамдарды бір-бірлеп алып өздері күнделікті тұтынатын тағам түрлерін атайды.

ІІІ .«Сұрақты қағып ал» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап алу.

  • Адам күніне неше рет тамақтануы керек?

  • Таңғы асты сағат нешеде ішесің?

  • Таңғы асқа қандай тамақ жейсің?

  • Кешкі асты қай уақытта ішу керек?

  • Жемістердің қандай пайдасы бар?

  • Қатты көгөніс, құрт жеудің тіске қалай әсер етеді?

  • Қандай тамақты жеген пайдалы деп ойлайсың?

  • Тәттілерді жеу пайдалы ма, зиянды ма?

  • Тамақты шамадан артық ішкен адам өзін қалай сезінеді?

  • Тамақты уақытында ішпеу адамға қалай әсер етуі мүмкін?

 Мадақтау. Түрлі-түсті кәмпиттер.

  • Кәмпиттердің пайдасы мен зияны қандай?






Тағам суреттері






Дорба

Дорбаға салынған тағамдар (йогурт, айран, шырын, шоколад, азық-түліктер, жеміс-жидектер)











Сабақтың ортасы:




































Жеке жұмыс.

1 – тапсырма.А) Суреттермен жұмыс. «Қарама-қайшылық» әдісі. «Пайдалы немесе зиян» ойыны

Білім алушыларға жасыл және қызыл түсті қима қағаздар таратылады. Тақтада тағамдардың суреттері көрсетіледі. Пайдалы тағам болса жасыл түсті, ал зиянды тағам болса қызыл түсті көрсетеді.

Оқылым. 48-49 бет. Тізбектей оқу. Берілген ақпараттардан негізгі тірек сөздерді табу. Түсіндірме жұмысы. Сұрақ-жауап арқылы талдау.

Тірек сөздер: ас, нәруыз, май, көмірсулар, калория

Дескриптор.

  1. Пайдалы тағамдарды көрсетеді.

  2. Зиянды тағамдарды көрсетеді.

  3. Уақтылы тамақтанудың маңызын түсіндіреді.

Бағалау. «Басбармақ» әдісі арқылы



2-тапсырма.«Топтық зерттеу» әдісі

Топтарға ресурстар таратып беру : азық-түлік өнімдерінің орама қағаздары мен жапсырма қаптамалары (шырын, шоколад, айран, печенье), маркерлер, парақ, энциклопедия, үлестірмелі материалдар.

1-топқа: шырын

2-топқа: шоколад

3- топқа: айран

4-топқа: печенье

Азық-түлік өнімдерінің орама қағаздары мен жапсырма қаптамаларында көрсетілген мәліметтерді қарау, құрамындағы құнарлы заттардың мөлшерін анықтау.

Дескриптор:

  1. Тағам құрамын анықтайды, жазады.

  2. Тағам құрамындағы құнарлы заттардың мөлшерін жазады. (нәруыз, май, көмірсулар)

  3. Зерттеу барысында ақпарат көздерін тиімді пайдаланады.

  4. Тағамның қолданылу уақытын анықтайды.

Бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі арқылы

Зерттеу жұмыстарын қорытындылау.

Зерттеу жұмысы барысында қандай дереккөздер пайдаландыңдар?

Қай ақпарат көзі пайдаланған тиімді болды?

Сергіту сәті. Дене жаттығуларын орындау.

  • Дене жаттығуларының қандай пайдасы бар?

  • Дене жаттығуларын жасағанда із не жұмсаймыз?

Суретпен жұмыс. Энергияны жұмсау және орнын толтыру.

  • Жұмсалған энергияны қалай толтырамыз?

Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс орындайды.

Жұптық жұмыс. «Ойлан - жұптас - бөліс» әдісі. Жұмыс парағы таратылады. Білім алушылар берілген кестені толтырады. Кестеге сүйікті таңғы асын, оның құрамын жазады. Жұпта талқылау.

Дескриптор:

  1. Таңғы ас мәзірін құрастырады.

  2. Таңғы астың құрамын жазады.

  3. Тамақтың пайдалы, зиянды екенін ажырата алады.

«Доп лақтыру» әдісі арқылы сұрақ - жауап

  • Күніне неше рет тамақтану қажет?

  • Таңғы асты қай уақытта ішкен дұрыс?

  • Тамақты шамадан артық ішкен адам өзін қалай сезінеді?

Бағалау. Смайликтер арқылы мадақтау.

Оқулық

Суреттер

Қима қағаздар


















азық-түлік өнімдерінің орама қағаздары мен жапсырма қаптамалары (шырын, шоколад, айран, йогурт, печенье), маркерлер, парақ, энциклопедия, үлестірмелі материалдар.

Интернет материалдарына сілтеме:

http://www.mykaz.kz/biologya/a-uyizdar-maylar-k-mirsular-energiya-k-zi-retinde/


Стикерлер








Сурет (спортпен шұғылданатын оқушы мен сурет салып отырған оқушының суреттері)






Дәптер











Доп

Смайликтер

Сабақтың соңы:


Кері байланыс. «Ойды аяқта» әдісі

Қорытындылау. Денсаулықты нығайтуға арналған ережелер:

  1. Пайдалы тағамдарды пайдалану.

  2. Қимыл-қозғалыстармен шұғылдану, салауатты өмір салтын сақтау.

  3. Тіс тазалығын үнемі қадағалау. ( 2 рет тіс жуу)

  4. Тазалық сақтау.

  5. Жеміс-жидектерді жуып жеу.

Кері байланыс парағы

Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау –оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау






Сынып санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау. АКТ (интерактивті тақта) жұмыстарынын пайдалану ережесі. Оқушылардың өзара қатынасын үнемі бақылау.


Сабақ бойынша рефлексия




Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?

1.

2.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
1283
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі