|
Зерттеу
жұмысы
Мақсаты: азық-түліктің құрамында нәруыз, май, көмірсулар
және т.б. болатынын түсінеді, олардың энергетикалық құндылығын
анықтауды үйренеді.
Оқушыларды тамақ
суреттеріне байланысты жұпқа
біріктіру.
1-сурет: жұмыртқа, ет,
саңырауқұлақ;
2-сурет: сарымай,
өсімдік майы, қаймақ;
3-сурет: қант, картоп,
көгөніс, жеміс және
т.б.
Ресурс таратып беру: азық-түлік өнімдерінің
орама қағаздары мен жапсырма қаптамалары (шырын, шоколад, айран,
йогурт, печенье), маркерлер, парақ.
Зерттеу барысы
• Қаптамаларды зерделеу, азық-түлік құрамын
табу.
• Азық-түлік құрамын жазып
алу.
• Ұғымдармен жұмыс: көмірсу, май және нәруыздар,
калория (Энциклопедиямен, таратпа материалмен немесе оқулықпен
жұмыс)
• Мәліметтерді талдау, салыстыру. Азық-түліктерді
құрамындағы көмірсу, май және нәруыздардың көлеміне қарай топтарға
бөлу; оларды төмен калориялы және жоғары калориялы деп
ажырату.
• Саралау: Ынтасы жоғары оқушылар тобы (жұбы немесе жеке
оқушы) алынған мәліметті диаграммаға орналастыра
алады.
•
Зерттеу жұмысын қорытындылау: Тамақтың кейбірінде
нәруыздар (майлар, көмірсулар) көбірек болады. Олардың ішінде
калориясы төмен, калориясы жоғары болады.
• «Мен зерттеушімін» бөлімін жүзеге
асыру.
ҚБ Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы
бағалауы
Пайдалы таңғы ас.
Оқушылар жұпта таңғы ас мәзірін дайындайды. Ол
тағамдарды неліктен таңдағандарын
талқылайды.
Талқыланатын сұрақтар:
- Тәуліктің қай бөлігінде ботқа жеген
дұрыс? Неліктен?
-
Таңғы асқа тағы не ішуге
болады?
-
Күнбағыс майы мен сарымайдың
құрамында не бар?
ҚБ Өзара бағалау: «Кімнің ас мәзірі
ұнады?»
Суретпен
жұмыс. Суреттен пайдасы аз
тағамдарды көрсетіп, жауапты талқылау.
Дәмді әрі
пайдалы. Оқушылар дұрыс өсу мен даму
үшін қандай тамақты тұтыну керектігін анықтайды және
талдайды.
Сергіту
сәті. Дене жаттығуларын орындау,
билеу
- Дене жаттығуларының қандай
пайдасы бар?
- Дене жаттығуын жасағанда біз
не жұмсаймыз?
Суретпен
жұмыс.
Энергияны жұмсау және орнын
толтыру. Сурет салып отырған оқушылар
мен спортпен шұғылданып жатқан оқушылардың суретін
көрсету.
- Олардың қайсысы түскі аста
көбірек тамақ ішеді?
-Неліктен?
-Жұмсалған энергияны қалай
толықтырамыз?
Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс
ұсынылады.
30-жұмыс парағы. «Тағамның құрамы»,
32-б.
Тағам неден
тұрады? Балалар кестені толтырады.
Зерттеу кезінде қолданылмаған тамақ түрлерін де толықтырып жазуға
болады. Содан кейін сұрақтарға жауап
береді.
Бағалау. Дескриптор:
Оқушылар:
-берілген ақпаратты
оқып, түсініп, кестені
толтырады;
-ақпарат бойынша
қорытынды жасайды: ең майлы, ең жоғары
калориялы, ең төмен калориялы, нәруызы көп, көмірсулары көп тамақты
атайды.
31-жұмыс парағы. «Сен қандай ас ішесің?»,
33-б.
Сүйікті
ас. Оқушылар кестеге
сүйікті тағамдарының құрамын, тағамдық құндылығын жазады. Содан
кейін сұрақтарға жауап
береді.
Бағалау. Дескриптор:
Оқушылар:
-сүйікті тамағын атай
алады;
-қаптамадан тамақ
туралы ақпаратты тауып, кестені
толтырады;
-тамақты құндылығына
қарай бағалайды;
-тамақты пайдалылығына
қарай бағалайды.
ҚБ Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы
бағалауы
|